Өзектілігі: Қазіргі таңда университет студенттері уақытының көп бөлігін сабақ оқумен өткізгендіктен олар дәстүрлі өмір салтының қағидаларын дүрыс сақтамайды. Ал бүл өз кезегінде студенттік логикалық ойлау қабілетіне, интеллектіне кері әсерін тигізеді.
Кілт сөздер: сана, парасаттық көрсеткіш, интеллект, логика, ойлау қабілеті
Маңызы: Парасаттық көрсеткіш (IQ) - адамның саналық деңгейінің сандық көрсеткіші.
Оның дамуына әсер ететін факторлар: түқым қуалаушылық, өмір салты, қоршаған орта, жасы. Бүның алдында бүл факторлардың әсері туралы 2011-2012 жылғы Токсанбаева А., Абдибекова Г., Аскарбекова А. ғылыми жүмыстарында көрсетілген.
Ғылыми жаңалығы: Студенттер ой-санасының дамуына ықпалдасатын іс-шаралардың (ғылыми жүмыстар, олимпиадалар), білім деңгейі көрсеткіштерінің маңызы IQ көрсеткіштеріне үлесі бүрын зерттелмеген.
Мақсаты: Студенттердің саналық деңгейі мен сабақ үлгерімінің байланысын анықтау;
Саналық деңгейіне әсер ететін негізгі факторлардың әсерін IQ тест арқылы бағалау.
Зерттеу қүралдары мен әдістері:
Зерттеу Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің жалпы медицина факультетінің 48 студентінде жүргізілді. Оларға визуальді-кеңістікті тест (50 сүрақ) берілді. Жауап беруге 30 минут берілді.
Сауалнамалық сүрақтар. Төрт бөлімнен түрады.
- Сабақ үлгерімі (мектептегі және университеттегі)
- Ғылыми үйірмелер, олимпиадалар және басқа да интеллектуалды олимпиадалар түрлері
- Тамақтану түрі
- Ой еңбегінен кейінгі демалыс
Нәтижелерді қорытындылау:
Сабақ үлгерімі:
Мектеп жылдарында сабақ үлгерімі жақсы болған студенттер мен өте жақсы болған студенттермен салыстырғанда IQ көрсеткіш- 9 пайызға жоғары болды;
Бірінші және екінші курс қорытындысы бойынша сабақ үлгерімі мен IQ көрсеткіштер арасында оң корреляциялық байланыс байқалады. Қанағаттанарлық-жақсы-өте жақсы 104,6-124,9-141
Яғни, сабақ үлгерімінің жақсы болуы студенттердің IQ деңгейіне жағымды әсер ететінін байқауға
болады.
IQ деңгейі |
Төмен (80-95) |
Норма (96-110) |
Жоғары (111150) |
Студенттер саны |
16,6% |
12,5% |
70,9% |
Ой еңбегімен айналысу уақыты |
1 сағатқа дейін |
1-3 сағат аралығы |
3 сағаттан жоғары |
Ой еңбегімен демалысын немен өткізеді |
Компьютер, телевизор қарау Музыка тыңдау |
Спортпен шүғылдану, Таза ауада серуендеу |
Музыка тыңдау, Таза ауада серуендеу |
Демалыс қанша уақытқа созылады |
4-5 сағат |
2-3 сағат |
2-3 сағат |
Қорытынды:
Мектепте және университетте жақсы оқыған студенттердің, ғылыми үйірмелер, олимпиадалар және басқа интеллектуалды сайыстарға қатысқан студенттердің IQ көрсеткіші жоғары.
Тамақтану режимін сақтаған және балансты тамақтанған студенттердің IQ көрсеткіштері жоғары шықты.
Теңіз тағамдарын (балық, теңіз капустасы) жиі қолданатын студенттерде ой еңбегінен кейінгі демалыс саналық деңгейдің қалыптасуына оң әсерін тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
І.Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми жүмыстар жинағы 2011, 2012 ж.ж.(46-49, 28-29 беттер)
- .Немов Р.С. Психолгия : учеб. для студ. Высш. Пед. Учеб. заведений : в 3 кн. / Р.С. немов. - 4-е изд. - М.: Гуманитар. Изд. Центр ВЛАДОС, 2005. - Кн. 3. Психодиагностика.
- .Введение в научное психологическое исследование с элементами математической статистики. - 631 с.
- .Дружинин В.Н. Психология общих способностей. 3-е изд. СПб.: Питер, 2008.- 368 с.
- .Психологические тесты / сост. С. Касьянов. - М. : Эксмо, 2006. - 608 с. (c. 434-445)
- .Айзенк Г.Ю. Интеллект: новый взгляд // Вопросы психологии. 1995. № 1. С. 111-131.