Түйін
Сүт қышқыл бактериялардың антагонистік белсенділігі агарга диффузиялау әдісі бойынша анықталды.
Алынған бактериялардың ішінде Lactobacillus plantarum-52 штаммыныңқышқыл түзу энергиясы 140°Т, ал қышқыл түзу белсенділігінің шегі жоғары - 160°Т болды. Lactobacillus casei сүт қышқыл бактериясының қышқыл түзу энергиясы 115°Т, қышқыл түзу шегі 146°Т аралығында, ал Lactobacillus acidophilus сүт қышқыл бактериясының қышқыл түзу энергиясы 115°Т, қышқыл түзу шегі 143°Т болатындығы анықталынды. Тәжірибе нәтижесінде аталған үш бвктериялардың ішінде Lactobacillus plantarum-52 штаммының қышқыл түзу энергиясы мен қышқыл түзу белсенділігінің шегі жоғары болды.
Сүт қышқыл бактериялардың антагонистік белсенділігін зерттеу нәтижесінде алынған үш сүт қышқыл бактериялары да Cladosporium elatum (8-9мм), Fusarium monoiliforma (10-12 мм) тест- дақылына жоғары, Mucor janssenii (4-3мм), Cl. tropicalis (6-7 мм) дақылына орташа, Cl. butyricum (0-2мм) дақылына төмен антагонистік белсенділік көрсетті.
Кілттік сөздер: Lactobacillus acidophilu, Lactobacillus casei, Lactobacillus plantarum-52, Medicado L., Onobrychis viciifolia Scop, Melilotus L.
Кіріспе
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020" бағдарламасына сәйкесҚазақстанның басым бағыттарының бірі малшаруашылық саласын дамыту[1].
Ауылшаруашылық малдарының өнімділігін арттыруда және олардың қоректік, минералдық заттар мен дәрумендерге деген қажеттілігін қамтамасыз ететін толық құрамды мал азығын жетілдіру үшін жоғары сапалы көлемді, шырынды және концентрленген азықтардың мөлшерін жеткілікті етіп дайындау қажет [2-3].
Біраз жылдар бүрын жоғары протеинді бұршақ тұқымдас шөптерден азық дайындаудың ең тиімді әдісі химиялық консервілеу болып келді. Бірақ заманауи экологиялық және экономикалық жағдайда химиялық препараттар қүнының қымбат болуы мен қоршаған ортаға кері әсер етуіне байланысты олар сирек немесе тіпті қолданылмайды. Химиялық консерванттарды алмастыру үшін сүтқышқыл бактериялардың түрлері жан-жақты зерттелініп, олардың кейбіреулері араластыра сүрленетін дақылдармен көмірсулар деңгейін жоғарлатса, нашар сүрленетін, бірақ құндылығы жоғары дақылдардыпайдалануға болатыны анықталынды. Пайдаланылып жатқан бактерияларды алу технологиясы мен қолдану жағдайында әлдеқайда арзанырақтығы және мал өнімдеріне кері әсерін тигізбейтіндігі дәлелденген [4-10].
Сондықтан да Оңтүстік өңіріндегі астық және бүршақ түқымдас шөптердің жасыл массасына биоүйыгқыларды қосып, энергетикалық қоректілігі мен протеиндік қүндылығы жоғары қүрама сүрлем алу технологиясын жасау өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Зерттеу әдістері
Сүт қышқыл бактериялардың антагонистік белсенділігі агарга диффузиялау әдісі бойынша анықталды. Диффузды преципитация реакциясын қояр алдында агарды ерітіп, Петри табақшасына 18-20 см3қүйып суытылды. Қатырылған агарға уытты микроорганизмдерді себінді жасадық. Арнаулы штаммның көмегімен диаметрі 8мм болатын етіп, бестік емесе жетілік үяшықтар жасалынды. Ұяшықтың астыңғы жағынан компоненттер ақпас үшін үстіне бір- екі тамшы ерітілген агар тамызамыз. Ұяшықтарға зерттелетін штаммды тамыздық. Петри табақшасының аузын жауып, ылғалдылығын жоғалтпайтын камераға салып, 370C бір тәулікке қою арқылы реакция жүргізілді, нәтижесінде тест- дақылдың өсуін тежеу аймағының диаметрін өлшеу арқылы анықталды.
Тест - дақылдар ретінде Mucor janssenii, Cladosporium elatum, Fusarium monoiliforma, Cl. tropicalis, Cl. butyricum микроорганизмдері алынды [11,12].
Зерттеу нәтижелері
Сүт қышқыл бактерияларды қоректік орталарда өсіріп, олардың қышқыл түзгіш белсенділігі мен антагонистік қасиеттері зерттелді.
Біз таңдаған сүт қышқыл бактериялардың негізгі ортасы болып - сүтті өсіру ортасы таңдалды. Бүл орта қүнарлы заттарға өте бай, бактериялардың өсуіне жақсы жағдай жасайды
Осы орталарда жүргізілген бақылаулық дақылдау ортаның 1мл-де 1±0,2 млрд. жасушаға дейін жақсы өсетіндігін көрсетті ( 1 сурет).
86
Алынған бактериялардың ішінде Lactobacillus plantarum-52 штаммыныңқышқыл түзу энергиясы 140°Т, ал қышқыл түзу белсенділігінің шегі жоғары - 160°Т болды. Lactobacillus casei сүт қышқыл бактериясының қышқыл түзу энергиясы 115°Т, қышқыл түзу шегі 146°Т аралығында, ал Lactobacillus acidophilus сүт қышқыл бактериясының қышқыл түзу энергиясы 115°Т, қышқыл түзу шегі 143°Т болатындығы анықталынды. Тәжірибе нәтижесінде аталған үш бвктериялардың ішінде Lactobacillus plantarum-52 штаммының қышқыл түзу энергиясы мен қышқыл түзу белсенділігінің шегі жоғары болды.
Сүт қышқыл бактериялардың антагонистік белсенділігі тест-дақылдың өсуін тежеу аймағының диаметрін өлшеу арқылы анықталынды.
Тест - дақылдар ретінде Mucor janssenii, Cladosporium elatum, Fusarium monoiliforma, Clostridium tropicalis, Clostridium butyricum микроорганизмдері алынды.
Сүт қышқыл бактериялардың антагонистік белсенділігін зерттеу нәтижесінде алынған үш сүт қышқыл бактериялары да Cladosporium elatum (8-9 мм), Fusarium monoiliforma (10-12 мм) тест- дақылына жоғары, Mucor janssenii (4-3 мм), Cl. tropicalis (6-7 мм) дақылына орташа, Cl. butyricum (02мм) дақылына төмен антагонистік белсенділік көрсетті (3 сурет).
Қорытындылай келе, Lactobacillus plantarum-52 штаммы Cladosporium elatum, Fusarium
monoiliforma тест-дақылдарына жоғары антагонистік белсенділік көрсетеді.
Осылайша, ашытқылар негізінде жасалған жетілдірілген ферментативті орта лактобактериялардың тірі биомассасын өсіруге жарамды және оны сүт қышқыл бактериялармен жүргізілетін әртүрлі жүмыстарға пайдалануға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- . Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
- . Мал азығының сапасы-мал шаруашылығын дамытудың басты шарты http://egemen.kz/2014/03/14/22328
- . Макаров В.И., Маркина А.Г. Питательная ценность бобово-злаковых смесей //Кормопроизводство. -2006. - №11. - С. 16-18.
- .Костин Д.Н. Мясная продуктивность бычков при использовании в рационах консервированного силоса из люцерны:автореф. ... канд. биол. наук. -М.:Белгород, 2008.-23с.
- . Аллабердин И.Л. Научные и практические основы применения химических, биологических и растительных консервантов при заготовке силоса и использования его в кормлении крупного рогатого скота: автореф док. с/х. наук. -М.:Оренбург, 1999. -46 с.
- .Клименко В.П. Научное обоснование и разработка эффективных способов повышения энергетической и протеиновой ценности силоса и сенажа из трав:автореф док. с/х.наук. - М.:Дубровицы, 2012. -54 с.
- .Бондарев В.А., Кричевский А.Н., Анисимов А.А. Силос по новой технологии//Животноводство России. - 2006. - № 3. - С. 58 - 60.
- .Макаров В.И., Маркина А.Г. Питательная ценность бобово-злаковых смесей //Кормопроизводство. -2006. - №11. - С. 16-18.
- .ПодольниковВ.Е. Научные и практические аспекты адаптации современных технологий приготовления и использования кормов для сельскохозяйственных животных:автореф док. с/х.наук. -М.:Брянск, 2010. -51 с.
- .Панов А.А. Разработка и совершенствование технологий силосования зеленой массы кормовых культур с использованием химических и биологических препаратов:автореф док. с/х. наук. - М.: 1998.-38 с.
- . Ивченко В.М, Бондаренко Н.П., Собко М.Г., Собко Н.А. Научно - практические рекомендации по заготовке кукурузного силоса. - Сад, 2009
- . Лукашик H.A., Тощилин В.А. Зоотехнический анализ кормов. М.: Колос, 1965.-223 с.