Cichorium өсімдігінің 70% спиртті ерітіндісіндегі компонентті құрамын газды-хроматографиялық әдіспен анықтау

Түйін

Бұл мақалада Cichorium өсімдігінің 70 % спиртті экстрактыларының компонентті құрамы анықталды. Анализ 5890 маркалы II HP газды хромотографында масс-селективті детекторында жүргізілді. Зерттеу нәтижесі бойынша Cichorium өсімдігінің 70% спиртті экстрактыларының химиялық құрамы зерттеліп, ең көп мөлшерде күрделі эфирлер, спирттер, фенол қышқылдары, амин қышқылдары және т.б. қосылыстар кездесетіндігі анықталды.

Кілт сөздер: Cichorium, биологиялық белсенді заттар, экстракция, каротин, антоциан, кумарин.

Cichorium - күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Cichorium өсімдігінің дүние жүзінде қоңыржай және субтропиктік аймақтарда өсетін 8-10 түрі белгілі. Cichorium өсімдігінің отаны Жерорта теңізі аймақтары болып есептеледі. Cichorium өсімдігі Еуразияда Солтүстік Африкада, Оңтүстік Америкада, Австралияда, Солтүстік Америка және Жаңа Зеландияда кездеседі. Ал Қазақстанда барлық облыстардағы шалғынды жерлерде, жолдардың жиегінде, тоғайларда, ашық алаңдар мен егістік жерлерде кездеседі [1].

Биіктігі 20-150 см тамыры жуан, тік өсетін сабағының сыртын сиректеу түк басқан. Сабақ түбіндегі топталып өсетін жапырақтарының сопақша, шеттері ойық, сабақ бойындағы жапырақтары отырмалы, жіңішке жиектері бүтін болады. Гүлдері қос жынысты, жапырақ қолтығынан өседі. Гүл шоғыры - себет. Күлтесі көгілдір, көк, ақшыл түсті, алдымен бірігіп бес тісті қуыс гүл құрайды да, гүлдеген кезде ұзынынан жарылып тілше гүлдерге айналады [2].

Х.Х.Холматов, Х.Ходжиматовтардың (1992) мәліметтері бойынша Cichorium Intubus L. тамырларының құрамында 56-65 % инулин, интибин, гликозидтер 0,1-0,2 % ащы заттар 9-9,5 % фруктоза, 10-12 % левлоза 0,6 % май және В1 витаминдер бар екендігі анықталды. Жапырақтарында май, инулин, қант, азотты заттар, С, Д витаминдер, каротиндер бар [3].

Cichorium өсімдігінің жапырақтарымен жас өркендерінде витамин С, органикалық қышқылдар болса, гүлдерінде цикорин гликозиді, сүт шіресі және ащы заттар тораксастерал және каучук заттары бар. Химиялық құрамы толық зерттелмеген өсімдіктердің қасиеттерін зерттеу, биологиялық белсенді заттарды бөлу биоорганикалық химия саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады [4].

Зерттеудің мақсаты: Cichorium өсімдігінің 70 % спиртті ерітіндісіндегі компонентті құрамын газды-хроматографиялық әдіспен анықтау.

Зерттеудің нысаны ретінде ОҚО, Мақтаарал ауданының 2016-2017жж Cichorium өсімдігі (гүлі, сабағы, жапырағы) алынды [5].

Шикізаттың ылғалдылығы мен күлділігі гравиметриялық әдіспен анықталды, сулы ерітіндісінің pH - мәні «И-160 МИ» маркалы рН-метрмен, ал экстрактивтілігі суда және спиртте 2 сағатта 80-850С температурада жүргізілді [6].

Cichorium өсімдігінің жер үстіңгі бөлігінің (гүлі, жапырағы, сабағы) 70 % спиртті ерітінділері даярланды. Бір ай көлемінде қараңғы жерге қойылды. Қажетті мерзімі жеткенде ол ерітінділер сүзгі қағазы арқылы сүзілді. Сүзілген ерітіндіні 5890 маркалы II НР газ-хроматографында масс селективті детекторында анықталды [7]. Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер 1- кестеде көрсетілген.

1 Кесте - Cichorium өсімдігінің физика-химиялық көрсеткіштері

Шикізат атауы

рН

Ылғалдылығы, %

Күлділігі, %

Экстрактивтілігі, %

Суда

Спиртте

1

Cichorium гүл (Мақтаарал ауд)

5,50

15,8

2,90

35,06

23,84

2

Cichorium сабағы (Мақіааралауд)

5,80

17,9

3,40

36,42

26,94

3

Cichorium жапырағы (Мақіааралауд)

5,90

16,7

2,50

38,56

25,53

1-кестеде көрсетілген мәліметтерге сүйенсек, Cichorium сулы ерітіндісінің рН мәндері әлсіз қышқылдық ортаны көрсетеді. Сондай-ақ, экстрактивтілігі суда спиртпен салыстырғанда 1,3-1,5 аралығында жоғары.

Cichorium өсімдігінің жер үстіңгі бөлігінің (гүлі, жапырағы, сабағы) 70 % спиртті ерітінділері газды-хроматографиялық әдіспен анықталды. Зерттеу нәтижелері 2-3 кестеде көрсетілген.

Кесте - 2. Cichorium гүлінің 70% этил спиртіндегі ерітіндісінің құрамындағы кейбір қосылыстардың мөлшері

Қосылыстың аты

Мөлшері, %

Уақыт, мин.

1

2,3-Гептадиен-5-ин, 2,4-диметил-

4,51

2,134

2

Бензенметанол, 3-метокси-4-нитро

13,41

2,335

3

3,5 -үшхлорметил-1,2,4-оксадиазол ^(2фенилэтиламино)бензо- 1,2,3-триазин

   

4

1,3,2-Оксатиабарол, 2-этил

2,03

2,752

5

Кетон, метил 2-метил-1,3-оксотиолан-2-ил

6,97

3,576

Этан, 1,1-диэтокси

Этан, 1,1-диэтокси

6

Лактоза

7,78

8,646

4-Фенилуразол

4-Фенилуразол

7

Циклогексен, 1 -метил-4-(5 -метил-1 -метилен-4-гексенил) -

2,28

9,413

1,5 - Ангидрон-талитол

Лактоза

Кесте - 3. Cichorium сабағы мен жапырағының 70% этил спиртіндегі ерітіндісінің

құрамындағы кейбір қосылыстардың мөлшері

Қосылыстың аты

Мөлшері, %

Уақыт,мин.

11

D-Стрептамин, О-2амино-2-деокси-а-О - глюкопиранозил-О-2-деокси-

3,92

2,166

Циклогексанол, 2 -метил-5 -

Циклогексен, 3-пентил-

22

Карбон қышқылының метил эфирі

12,33

2,344

Ароматты оксиқышқыл

Оксазол-4-карбоксамид, N -метил-5-фенил

33

Аллоиноситол

7,58

3,585

Миоиноситол

Формамид, N.N-диметил

4

Метил 4-О-метил-О-арабинопиранозид

10,03

7,905

5 65

6

a -D -Маннофуранозид, 1-О-декил

2,73

8,821

3 -Этилтио-1 -пропен

Бензол

76

n-Г ексадекан қышқылы

15,80

9,605

Пентадекан қышқылы

n-Г ексадекан қышқыл

87

Г ексадекан қышқылының этил эфирі

14,30

11,230

Гексадекан қышқылының этил эфирі

Этил 12-метил-төртдеканоат

8

2-этил, метил эфирі(4-гидроксифенил)

4,06

11,859

4-гидрокси-бензенацетат қышқылы

A - гидрокси бензенацетат қышқылы

Cichorium гүлінің 70% этил спиртіндегі ерітіндісінде 58 қосылыс бар екені анықталды. Оның ішінде күрделі эфирлер, фенол қышқылдары, спирттер т.б. көп кездеседі. Ал, сабағы мен жапырағының 70% этил спиртіндегі ерітіндісінде 138 қосылыс бар екені анықталды. Зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе, жапырағы мен сабағының құрамында ең көп кездесетін қосылыстар гетероциклді қосылыстар, аминдер, амин қышқылдары, алифатты спирттер, алкандар, карбон қышқылдары, күрделі эфирлер, ароматты және карбоциклді қосылыстар т.б. табылады.

Қорытынды

  1. Алғаш рет, ОҚО, Мақтаарал ауданы, Ынталы ауылы шашыратқысының жер үстіңгі бөлігінің (Cichorium) (гүлі, жапырағы, сабағы) физика-химиялық қасиеттері анықталды.
  2. Cichorium өсімдігінің (гүлі, жапырағы, сабағы) 70% этил спиртіндегі ерітінділерінің құрамы газды-храматографиялық әдіспен анықталып, жіктелді.
  3. Cichorium гүлінің 70% этил спиртіндегі ерітіндісінде 58 қосылыс бар болса сабағы мен жапырағында 138 қосылыс екендігі анықталды. Олардың ішінде ең көп кездесетін қосылыстар: спирттер, карбон қышқылдары, күрделі эфирлер, ароматты қосылыстар т.б.

Әдебиеттер

  1. Химия и применение природных и синтетических биологических активных соединений. Изд: «Комплекс». Алматы, 2004г.
  2. Кенесарина Н.А. Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Ақмола. Аграрлық университеті, 2005 ж.
  3. Растения полная энциклопедия., Москва: «Эксмо» 2005г. С.211
  4. Введение фитохимические исследования и выявление биологической активности веществ растений. Алматы, 2008 ж.
  5. Яшин Я.И., Яшин Е.Я., Яшин А. Я. Газовая хроматография. - М., 2009. - 528с
  6. Музычкина Р.А., Корулькин Д.Ю., Абилов Ж.А. «Основы химии природных соединений», Алматы: Қазақ университеті, 2010, с.389-490
  7. М.Б.Ахтаева, Г.Е.Азимбаева, Б.М.Бутин., «Шашыратқының жер үсті бөлігінің (гүлі, сабағы, жапырағы) құрамындағы макро-микроэлементтердің таралу заңдылығын зерттеу», Хабаршы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, 67бет, Алматы, 2014жыл, ISSN 1563-0218.
Другие статьи

В условиях интенсификации современного производства вопросы совершенствования профилактических основ здравоохранения, в частности, в плане сохранения трудовых ресурсов, приобретают особое значение
2010

Материалы и методы. В настоящей работе использованы материалы оперативного эпидемиологического анализа заболеваемости и данные из историй болезни.
2011

Крымская-Конго геморрагическая лихорадка (ККГЛ) на территории Казахстана занимает ведущее место среди природно-очаговых клещевых инфекций
2011

Высокая заболеваемость и безудержный рост сердечно-сосудистых заболеваний сокращают среднюю продолжительность жизни населения.
2011

Пациентов, которым проводят не кардиохирургические оперативные вмешательства, относят к группе высокого риска сердечно-сосудистой заболеваемости и смертности
2011

Отогенные абсцессы мозга встречаются чаще абсцессов мозга любой другой этиологии. Они наиболее часто локализуются в височной доле, вблизи от крыши барабанной полости и крыши сосцевидной пещеры
2011

Цель работы: Изучение эффективности немедикаментозных легкодоступных методов (Су Джок, фитотерапии) лечения у больных артериальной гипертензией.
2011

Важнейшей проблемой, входящей в клиническую деятельность врачей всех специальностей и представляющей непосредственную угрозу для жизни пациентов, является тромбоэмболия легочной артерии
2011

Инородные тела сердца наблюдаются относительно редко, как правило, в результате слепых огнестрельных и колотых ранений грудной клетки
2011

Тромбоз мезентеральных сосудов (ТМС) исключительно редкое сосудистое осложнение, наблюдающееся, главным образом, у людей пожилого возраста
2011

Известно, что илеоцекальный отдел служит узловым пунктом желудочно-кишечного тракта, при выключении которого возникают расстройства в виде поносов и нарушения обмена веществ
2011

Цель: сравнение эффективности первичной ангиопластики, фармакоинвазивного метода реперфузии и ТЛТ у больных с острым ИМ с подъемом ST в отделение реанимации и интенсивной терапии (ОРИТ).
2011