Түйін
Бұл мақалада Cichorium өсімдігінің 40% спиртті экстрактыларының компонентті құрамы анықталды. Анализ 5890 маркалы II HP газды хромотографында масс-селективті детекторында жүргізілді. Зерттеу нәтижесі бойынша cichorium өсімдігінің 40% спиртті экстрактыларының химиялық құрамы зерттеліп, ең көп мөлшерде күрделі эфирлер, спирттер, фенол қышқылдары, амин қышқылдары және т.б. қосылыстар кездесетіндігі анықталды.
Кілт сөздер: Cichorium, биологиялық белсенді заттар, экстракция, каротин, антоциан, кумарин.
Cichorium өсімдігінің дүние жүзінде қоңыржай және субтропиктік аймақтарда өсетін 8-10 түрі белгілі. Cichorium өсімдігінің отаны Жерорта теңізі аймақтары болып есептеледі. Cichorium өсімдігі Еуразияда Солтүстік Африкада, Оңтүстік Америкада, Австралияда, Солтүстік Америка және Жаңа Зеландияда кездеседі.
Ал Қазақстанда барлық облыстардағы шалғынды жерлерде, жолдардың жиегінде, тоғайларда, ашық алаңдар мен егістік жерлерде кездеседі [1,2].
Х.Х.Холматов, Х.Ходжиматовтардың (1992) мәліметтері бойынша Cichorium Intubus L. тамырларының құрамында 56-65 % инулин, интибин, гликозидтер 0,1-0,2 % ащы заттар 9-9,5 % фруктоза, 10-12 % левлоза 0,6 % май және В1 витаминдер бар екендігі анықталды. Жапырақтарында май, инулин, қант, азотты заттар, С, Д витаминдер, каротиндер бар [3].
Cichorium өсімдігінің жапырақтарымен жас өркендерінде витамин С, органикалық қышқылдар болса, гүлдерінде цикорин гликозиді, сүт шіресі және ащы заттар тораксастерал және каучук заттары бар. Химиялық құрамы толық зерттелмеген өсімдіктердің қасиеттерін зерттеу, биологиялық белсенді заттарды бөлу биоорганикалық химия саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады [4].
Зерттеудің мақсаты: Cichorium өсімдігінің 40% спиртті ерітіндісіндегі комонентті құрамын газды-хроматографиялық әдіспен анықтау.
Зерттеудің нысаны ретінде ОҚО, Мақтаарал ауданының 2016-2017жж Cichorium өсімдігі (гүлі, сабағы, жапырағы) алынды. [5].
Шикізаттың ылғалдылығы мен күлділігі гравиметриялық әдіспен анықталды, сулы ерітіндісінің РН - мәні «И-160 МИ» маркалы РН-метрмен, ал экстрактивтілігі суда және спиртте 2 сағатта 80-85 0C температурада жүргізілді [6].
Cichorium өсімдігінің жер үстіңгі бөлігінің (гүлі, жапырағы, сабағы) 40% спиртті ерітінділері даярланды. Бір ай көлемінде қараңғы жерге қойылды. Қажетті мерзімі жеткенде ол ерітінділер сүзгі қағазы арқылы сүзілді. Сүзілген ерітіндіні 5890 маркалы II НР газ-хроматографында масс селективті детекторында анықталды [7]. Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер 1- кестеде көрсетілген.
1Кесте - Cichorium өсімдігінің физика-химиялық көрсеткіштері
№ |
Шикізат атауы |
рН |
Ылғалдылығы, % |
Күлділігі, % |
Экстрактивтілігі, % |
|
Суда |
Спиртте |
|||||
1 |
Cichorium гүл (Мақтаарал ауО |
5,50 |
15,8 |
2,90 |
35,06 |
23,84 |
2 |
Cichorium сабағы (Мақтааралауа.) |
5,80 |
17,9 |
3,40 |
36,42 |
26,94 |
3 |
Cichorium жапырағы (Мақіааралауд) |
5,90 |
16,7 |
2,50 |
38,56 |
25,53 |
1-кестеде көрсетілген мәліметтерге сүйенсек, Cichorium сулы ерітіндісінің рН мәндері әлсіз қышқылдық ортаны көрсетеді. Сондай-ақ, экстрактивтілігі суда спиртпен салыстырғанда 1,3-1,5 аралығында жоғары.
Кесте-2. Cichorium гүлінің 40% этил спиртіндегі ерітіндісінің құрамындағы кейбір қосылыстардың мөлшері
Cichorium өсімдігінің жер үстіңгі бөлігінің (гүлі, жапырағы, сабағы) 40% спиртті ерітінділері газды-хроматографиялық әдіспен анықталды. Зерттеу нәтижелері 2-3 кестеде көрсетілген.
№ |
Қосылыстың аты |
Мөлшері, % |
Уақыт мин. |
11 |
Бензенметанол, 3 гидрокси а- |
10,3 |
2,171 |
4,7-метан 5Н-инден-5-он, октахидро- |
|||
9-Азабицикло [4.2.1] нона-2,4-диен, 9-метил |
|||
22 |
Бензенамин,(4морфолинил) -2-п-итро- |
9,82 |
2,348 |
Бензен, 1-метокси-4- метил-2- |
|||
Бензамид, иминотиорейдометил 1 |
|||
33 |
Серин |
3,70 |
2,863 |
Гидразин, 1,1-диметил- |
|||
Мочевина |
|||
44 |
Ү шметилсиллилметанол |
7,68 |
3,573 |
Ү шметилсиллилметанол |
|||
Формамид, N.N-диметил- |
|||
55 |
Этил a-d-глюкопираноза |
15,09 |
7,870 |
a-d-рибопираноза, метил |
|||
e-D-Глюкопираноза, метил |
|||
6 66 |
Кард-20 энолид, 3-(2,6-дидеокси-4-О-Р^- Г люкопиранозил-3 -О-метил-в^-рибо Г ексапиранозил) - 5,14 дигидрокси-19-оксо- |
24,75 |
8,276 |
a-D-Глюкопиранозил, а ^глюкопиранозил |
|||
Г ептан,4-метокси-3 - |
|||
(метоксиметил1) - |
|||
77 |
Метил в^рибафураноза |
13,47 |
10,851 |
а- D-Кислофураноза, метил |
|||
1-(2-Гидроксиэтилтио)-2-(2-винилтио эфирі) этан |
Cichorium гүлінің 40% этил спиртіндегі ерітіндісінде 87 қосылыс бар екені анықталды. Оның ішінде күрделі эфирлер, карбон қышқылдары, көмірсулар, спирттер т.б. көп кездеседі. Ал, сабағы мен жапырағының 40% этил спиртіндегі ерітіндісінде 266 қосылыс бар екені анықталды. Зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе, жапырағы мен сабағының құрамында ең көп кездесетін қосылыстар гетероциклді қосылыстар, аминдер, амин қышқылдары, алифатты спирттер, алкандар, карбон қышқылдары, күрделі эфирлер, ароматты және карбоциклді қосылыстар т.б. табылады.
Қорытынды
- Алғаш рет, ОҚО, Мақтаарал ауданы, Ынталы ауылы шашыратқысының жер үстіңгі бөлігінің (Cichorium) (гүлі, жапырағы, сабағы) физика-химиялық қасиеттері анықталды.
- Cichorium өсімдігінің (гүлі, жапырағы, сабағы) 40% этил спиртіндегі ерітінділерінің құрамы газды-храматографиялық әдіспен анықталып, жіктелді.
- Cichorium гүлінің 40% этил спиртіндегі ерітіндісінде 87 қосылыс бар болса, сабағы мен жапырағында 266 қосылыс екендігі анықталды. Олардың ішінде ең көп кездесетіндері: циклді қосылыстар, күрделі эфирлер, аминдер, ароматты қосылыстар, фенол қышқылдары т.б.
Кесте - 3. Cichorium сабағы мен жапырағының 40% этил спиртіндегі ерітіндісінің
құрамындағы кейбір қосылыстардың мөлшері
№ |
Қосылыстың аты |
Мөлшері, % |
Уақыт, мин |
11 |
1 Циклопентенилфенилметан |
8,49 |
2,122 |
5 -хлор-3,4 -диметил-2,4-гептадиен |
|||
3-Гептин |
|||
22 |
Иллидол |
17,77 2,28 |
2,368 2,740 |
1,5,9-Декатриен, 1-фенил- |
|||
4-метил-5-(фенилметил)-2,3-дигидротиофен 1,1-диоксид |
|||
Ацетил қышқылының пентил эфирі |
|||
Ацетил қышқылының пентил эфирі |
|||
1-бутанол, 3-метил ацетат |
|||
33 |
1,1 -диметил Г идразин |
4,27 |
2,872 |
1,1 -диметил Г идразин |
|||
Мочевина |
|||
44 |
Бензол |
3,18 |
3,072 |
Бензол |
|||
Бензол |
|||
55 |
Үшметилсиллил флуорид |
2,22 |
3,387 |
4-Флуорогистамин |
|||
1,3 Бис(гидроксиметил)қышқыл |
|||
76 |
3-метил бутан қышқылының пропил эфирі |
6,50 |
8,628 |
Лактоза |
|||
d-лэксо-d-манно-нанон-1,4- |
|||
8 87 |
2-винил-9-(в^-рибофуранозил) гипоксантин |
13,86 |
10,848 |
B-D-Г люкопираноза, 4-О-в-О-галактопиранозил |
|||
а - D-глюкопиран қышқыл, a-D-глюкопиранозил |
Әдебиеттер
- Химия и применение природных и синтетических биологических активных соединений. Изд: «Комплекс». Алматы, 2004г.
- Кенесарина Н.А. Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Ақмола. Аграрлық университеті, 2005 ж.
- Растения полная энциклопедия., Москва: «Эксмо» 2005г. С.211
- Введение фитохимические исследования и выявление биологической активности веществ растений. Алматы, 2008 ж.
- Яшин Я.И., Яшин Е.Я., Яшин А. Я. Газовая хроматография. - М., 2009. - 528с
- Музычкина Р.А., Корулькин Д.Ю., Абилов Ж.А. «Основы химии природных соединений», Алматы: Қазақ университеті, 2010, с.389-490
- М.Б.Ахтаева, Г.Е.Азимбаева, Б.М.Бутин., «Шашыратқының жер үсті бөлігінің (гүлі, сабағы, жапырағы) құрамындағы макро-микроэлементтердің таралу заңдылығын зерттеу», Хабаршы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, 67бет, Алматы, 2014жыл, ISSN 1563-0218.