Осы жұмыста негізгі мақсат Bacillus subtilis штаммының әртүрлі дәрілік қалыптардан босап шығу тиімділігі анықталды. Бұл зерттеуде тікелей диффузия әдісі пайдаланылды. Бұл жағдайда сынама үлгілерінің үлгісі дәрілік зат диффузияланатын ортамен тікелей байланыста болуы керек. Агарлы гельдегі диффузия әдісі «агарлы пластинка» деп аталатын және дәрілік заттардың реагенттермен түсті өнімінің қалыптасуына негізделген.
Кілт сөздер: Bacillus subtilis, штамм, агар, агарлы пластинкалар.
Жұмыстың мақсаты. Bacillus subtilis штаммының әртүрлі дәрілік қалыптардан босап шығу тиімділігін тікелей диффузия әдісі арқылы анықтау.
Зерттеу объектіміз ретінде Bacillus subtilis негізіндегі гель, құрамында желатин - глицерині немесе коллагені бар биомембраналар алынды.
Әдістер. Дәрілік заттардың босатылуының тиімділігін анықтауда бұл әдіс барлық дәрілік формаларға қолданылады. Бұл зерттеуде Invitro-ға негізделген, тікелей диффузия әдісі және Gordon әдісі пайдаланылды [1,2].
Нәтижелер мен талқылаулар. Гельді және агарлы пластинкаларды дайындау. Агарлы гельді қақпағы тығыз жабылған шыны ыдыста 2,0% концентрациямен дайындадық. Ұсақталған агарға тазартылған су құйып, ісіну үшін 30 мин-ке қалдырылды. Ісінген агарды қайнап шыққанға дейін қыздырып, керекті массаға дейін жеткізіліп және жылы гельге 5,0 % Эрлих реагентін қостық. Эрлих реагентінің құрамы: 0,5г п-диметиламинобензальдегид, 15,0мл -ден 95,0% этанол және хлорсутек қышқылы, 90,0 мл н - бутанол. Дайындалған агарлы гель диаметрі 98-100 мм, биіктігі 20,0 мм Петри табақшаларына құйылды. Агар 10,0 және 15,0 мл екі өлшемді табақшаларға құйылды. Агардың бірінші бөлігі суығаннан кейін үңгіршік (лунка) жасау үшін әрбір агара бары табақшаның үстіне тот баспайтын болаттан немесе әйнектен (сыртқы диаметрі 8,0 мм, биіктігі 10,0 мм) үш цилиндр салынып, екінші агар қабаты құйылды. Агар суығаннан кейін цилиндрлер шешіліп алынды.
Дәрілік заттың зерттелетін үлгіден босап шығу жылдамдығын анықтау. Әр түрлі дәрежелі дисперсиялы дәрілік заттарды қамтитын сынама үлгілері екі агарлы пластинка үңгіршектеріне (лунки) орналастырылды. Үңгіршектегі сынама үлгілері агармен жақсы байланыста болатынына көз жеткізе отырып, шыны таяқшасы арқылы енгізілді. Табақшаларды 37°С температурадағы термостатқа орналастырылды. Үлгіден шығатын дәрілік зат агар геліне таралып, Эрлих реагентімен әрекеттеседі де, түсті аймақтар қалыптасады. 0,5; 1; 2 сағаттан кейін сызғыш көмегімен боялған аймақтардың диаметрі өлшенеді. Боялған аймақтардың үлкен және кіші диаметрі өлшеніп, олардың диаметрінің орташа мәні анықталды. Зерттеудің нәтижелері 1 кестеде келтірілген.
Кесте 1 - Диффузия әдісі бойынша дәрілік заттардың босап шығуы
№ |
Зерттелетін үлгі |
Боялған аймақтың диаметрі, мм |
||
0,5 сағат |
1 сағат |
2 сағат |
||
1 |
№1 үлгі (Bacillus subtilis негізіндегі гель) |
10,0мм |
12,0мм |
15,0мм |
2 |
№2 үлгі (Құрамында желатин - глицерині бар Bacillus subtilis негізіндегі мембрана) |
15,0мм |
15,0мм |
15,0мм |
3 |
№3 үлгі (Құрамында коллагені бар Bacillus subtilis негізіндегі биомембрана) |
20,0мм |
20,0мм |
21,0мм |
Алынған нәтижелерді статистикалық өңдеу. Монцевичюте -Эринген әдісімен жүзеге асырылды. Орташа арифметикалық қате келесі формула бойынша есептелінді: т = ± E а • k мұнда: т - түсті аймақтардың арифметикалық ортасының қателігі; E - суммасы;
а - «оң» және «теріс» белгісімен арифметикалық ортадан аймақтардың диаметрінің ауытқуларының сандық мәндері;
k - әр түрлі нұсқалардың санына байланысты, яғни әр үлгі бойынша эксперименттердің саны (n).
Есептеулер: №1 үлгі (Bacillus subtilis негізіндегі гель), №2 үлгі (құрамында желатин - глицерині бар Bacillus subtilis негізіндегі мембрана), №3 үлгі (құрамында коллагені бар Bacillus subtilis негізіндегі биомембрана) 1 сағат d1= 12мм 12+15+20
d2= 15мм dорт = = 15,6 мм
d3= 20мм 3
Үлгілердің № |
А |
1 |
15,6 - 12= +3,6 |
2 |
15,6 - 15= +0,6 |
3 |
15,6 - 20= - 4,4 |
a = | + 3,6 | + | +0,6 | + | - 4,4 | = 8,6 («а» мәндері алгебралық белгілерді ескерусіз жинақталады);
m = 8,6 • 0,29004 = 2,49;
d = 15,6 ± 2,49 (мм).
Bacillus subtilis штамының өмірге қабілеттілігін анықтау [3].
Bacillus subtilis штамының негізбен және қосымша заттармен үйлесімділігін анықтау мақсатында штаммның арнайы жағдайларда өмірге қабілеттілігін сақтау тұрақтылығын тексердік. Штаммның өмірге қабілеттілігі келесі көрсеткіштерге негізделді: морфологиялық (пішіні, өлшемі, орналасуы), культуралық (өлшемі, пішіні, шеті, консистенциясы және колонияларының басқа қасиеттері), тинкториалды (Грам әдісі бойынша боялуы) және биохимиялық қасиеттері (бактерияның фермента- тивті немесе биохимиялық қасиеттері, әртүрлі субстраттардың тотығу және тотықсыздануына әкеле- тін, ақуыздар мен көмірсулардың ыдырауына қатысатын ферменттерге байланысты). Нәтижелері 1, 2 суретте көрсетілген.
Үлгілер № |
Дәрілік қалыптағы зерттелетін штамм |
Сұйық қоректенетін ортада өсуі |
Морфологиялық және тинкториалды қасиеттері (Грамм бояуы бойынша) |
Өмірге қабілеттілігі н анықтауда |
|
Өсіру шарттары |
Культуралық қасиеттері |
||||
№1 үлгі (Bacillus subtilis негізіндегі гель) |
Bacillus subtilis ATCC 6633 |
МПБ (рН 6,8- 7,0), 18-20 сағ |
Өсімі бар, өсім төменгі бөлігінде қабықша түрде лайлану |
Жіңішке таяқшалар, бөлек немесе тізбектеле орналасқан, грам-оң бояуымен жақсы көрінеді |
10 6 |
№2 үлгі (Құрамында желатин - глицерині бар Bacillus subtilis негізіндегі мембрана) |
Bacillus subtilis ATCC 6633 |
МПБ (рН 6,8- 7,0), 18-20 сағ |
Өсімі бар, өсім төменгі бөлігінде қабықша түрде лайлану |
Жіңішке таяқшалар, бөлек немесе тізбектеле орналасқан, грам-оң бояуымен жақсы көрінеді |
106 |
№3 үлгі (Құрамында коллагені бар Bacillus subtilis негізіндегі биомембрана) |
Bacillus subtilis ATCC 6633 |
МПБ (рН 6,8- 7,0), 18-20 сағ |
Өсімі бар, өсім төменгі бөлігінде қабықша түрде лайлану |
Жіңішке таяқшалар, бөлек немесе тізбектеле орналасқан, грам-оң бояуымен жақсы көрінеді |
108 |
65
Микроорганизмнің өмірге қабілеттілігін қайта қалпына келтіруде сұйық қоректенетін ортада алдын ала инкубацияны қолдандық. [2]
Үлгіні дайындау: 10,0 гр. сынақ үлгісін 100,0 мл қоректік сорпаға ауыстырдық. Барлық егілген табақшаларды 24-48 сағат бойы қалыпты жағдайда (370С) инкубацияладық. Инкубациялаудан кейін диагностикалық ортаға 0,1 мл егілді және Bacillus subtilis штамының болуын анықтап есеп жүргізілді. Есеп 2 кестеде көрсетілген.
3 сынама үлгісінен бөлінген бактериялардың биохимиялық қасиеті Gordon (1973) әдісі бойынша зерттеліп, келесі көрсеткіштерге қол жеткізілді: каталаза (+), Фогес Прокауэра реакциясы (+), глюкозадан газдың және қышқылдың түзілуі: қышқыл (+),газ (-), лецитиназа (-), гемолиз (-), маннит (+), нитраттардың редукциясы (+), уреаза (+), күкіртсутек(+), цитратты жою (+), индол (-), қозғалғыштығы(+). Gordon (1973) жүйесі бойынша тексерілген үлгілер B.subtilis штамы екенін растайды.
Қорыта келгенде, зерттеуге алынған сынамалар үлгісінің ішінде дәрілік қалыптан Bacillus subtilis штамының босап шығу жылдамдығын және өмірге қабілеттілігін анықтау мақсатында морфологиялық, тинкториалды, культуралық, биохимиялық қасиеттерін зерттеуде құрамында коллагені бар Bacillus subtilis негізіндегі биомембрананың көрсеткіші жоғары болып отыр.
Әдебиеттер
- Gordon R. The genus Bacillus // In: Handb. Microbiol. Cleveland (Ohio). 1973. V. l. P. 71-88.
- ГОСТ 10444,88-88 «Продукты пищевые. Метод определение Bacillus subtilis»
- ГФ РК т. І, 1, 2.6.12, «Определение общего числа жизнеспособных аэробных микроорганизмов».