Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сасық қурай тамырынан реперколяция тәсілімен сұйық экстракт алу

Қазіргі уақытта фармацевтикалық нарықта өсімдік текті дәрілік құралдардың саны арта түсуде. Өсімдік құрамындағы биологиялық белсенді заттар адам организміне токсикалық әсер көрсетпейді. Сасық қурай ертеден құнды дәрілік құрамымен белгілі. Сасық қурай тұндырмасы халық медицинасында асқазан ішек жолдарының, жүйке және тыныс жолдарының ауруларында қолданылған. Сасық қурай тұндырмасын дәстүрлі медицинада қолданылатын дәрілік түр зерттеу фармацевтикалық технологияның актуальды мәселелерінің бірі болып табылады.

Кілт сөздер: сасық қурай, ұнтақталу дәрежесі, экстракция, реперколяция, сұйық экстракт.

Жұмыстың мақсаты:сасық қурай тамырынан сұйық экстракт алу.

Материалдар және әдістер. Сасық қурай - шатыршагүлділер тұқымдасына жатады, көпжылдық, биіктігі 2 м-ге дейінгі өсімдік, жапырағының диаметрі 5 см-ге дейін болады. Төменгі бұталары кезектескен, ал жоғарғылары шоғырланған қалың бұта тәрізді өсімдік. Сасық қурай Орта Азия және Қазақстанның барлық флорасынан орын алады. Қазақстанда Ембі үстірті ауданында, Маңғышлақта, Арал жағалауында, Мойынқұмда, Балқаш Алакөлде, Қызылқұмда, Түркістанда, Бұрынтау тауларында және Қаратауда өседі. Сасық қурай құрамында 3 - 19% эфир майы кездеседі[1,2].

Сасық қурайдың тамырынан алынатын дәрілік түр ретінде сұйық экстракт алу көзделді, ал экстракциялау әдісі ретінде реперколяция әдісі таңдалды. Экстракциялаудың бұл әдісін таңдауымызға себеп, ұсақ сериялары сұйық экстрактар өндіретін фармацевтикалық өндіріс орындарында жиі қолданылады, шикізаттан масимальды сығындылауға және жоғарғы концентрациялы сығынды алуға мүмкіндік туғызады.

Сұйық экстрактар өндірудегі келешегі бар бағыты дәрілік өсімдік шикізатынан (ДӨШ) биологиялық белсенді заттардың (ББЗ) максимальды шығымымен қамтамасыз ететін жаңа технологияны жасау және дамыту болып табылады. Оптимальды экстрагентті, экстракциялау жағдайын және шикізаттың ұнтақталу дәрежесін таңдау өте маңызды[3].

ДӨШ экстракциялау жағдайларында экстрагентті таңдау әсер етуші заттың химиялық құрамы және фармакологиялық белсенділігіне байланысты.

ДӨШ экстракциялау - шикізаттың ұнтақталу дәрежесі, шикізат пен экстрагенттің қатынасы, экстракциялау мерзімінің ұзақтығы сияқты факторлар әсер ететін күрделі процесс. Көрсетілген факторлар шикізат түріне байланысты (шөбі, жапырақтары, гүлі, дәні, тамыры). Біздің зерттеуімізде сасық қурайдың тамырлары алынды.

Экстракциялауға ұнтақталу дәрежесі 2 - 4 мм, 4 - 6 мм және 6 - 8 мм аралығында болатын сасық қурайдың тамырлары алынады. Экстракциялау барысында ұнтақтаудың оптимальды дәрежесі таңдалыпалынады. Ұнтақталу дәрежесі мен оның түрі, бөлшектердің беті және талқандалған клеткалардың саны экстракциялау процесіне көп әсер етеді. Материал бөлшектерінің көлемдері неғұрлым ұсақ болса, оның экстрагентпен жанасу беті соғұрлым үлкен болады да, сығындау (экстракция) жылдам жүреді. Шикізаттың түріне, оның анатомиялық құрылысына, құрамына және әсер етуші заттың шоғырлануына байланысты ұнтақталу дәрежесі мен оның түрі жекеше таңдап алынады. Шикізат бөлшектерінің көлемі елеуіш көмегімен елеу арқылы анықталады. Өте ұсақталған шикізат қолданғанда, өте қатты ісіну салдарынан гидравликалық кедергі тез жоғарылайды да, экстракция процесі қиындап кетеді. Алынған сығындыда өсімдік материалының өте ұсақ бөлшектері көп болады және тазарту кезінде қиыншылық туады. Клеткалық құрылысы талқандалған шикізаттардан экстракциялау процесі жуылу арқылы жүреді. Кесілген материалда клеткалық құрылысы сақталып қалады, диффузиялық процестер басым болады, экстракция баяу жүреді, бірақ, алынған сығындыда механикалық қоспалар аз болады және оны тазарту жеңіл болады[4].

Ал, экстрагент ретінде концентрациясы 20%, 40%, 70%, 90% этил спиртін алынады. Алынған әр түрлі концентрациялы этанолдың ішінен биологиялық белсенді заттарды максимальды сығындылайтын, сыйымдылығы жоғарысын таңдалады.

Экстракциялаудың толықтығына әсер ететін факторлардың біріне экстракциялау тәсілі жатады. Себебі, эктракторлардың құрылысы мен олардың жұмыс істеу жағдайларына байланысты сығындау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Осы мақсатта, экстракциялау үшін реперколяция әдісі таңдалып отыр. Реперколяция, яғни, көп қайтара перколяциялау, эктрагенттің еріткіш қасиетін максимальды пайдаланып, шикізатты толығымен сығындап, концентрленген сығынды алуға мүмкіндік беретін экстракциялаудың тәсілі. Бұл тәсілдің принципі: шикізатты бірнеше бөліктерге бөліп, әрбір келесі шикізат бөлігін алдыңғы шикізаттан алынған сығындымен перколяциялайды[5].

Сол тәсілдің бірі Босин тәсілімен реперколяциялау.

Дайын өнім

Сурет 1 - Босин тәсілімен реперколяциялау

Экстрагент әрбір перколяторға біркелкі жүктелуі үшін қажетті экстрагенттің жалпы көлемі ^ж) үш бөлікке бөлінеді. Бұл жағдайда V = V1 + V2 + V3.

Таза экстрагенттің алғашқы бөлігінің мөлшері келесі формуламен есептеледі:

3 (1)

мұндағы, Р - шикізаттың жалпы салмағы, кг;

К - шикізаттың сіңіру коэффициенті.

Таза экстрагенттің екінші және үшінші бөліктері V2 = V3теңдеуімен анықталады:

3 (2)

Технологиясы: Шикізат құрғақ күйінде тең мөлшерде үш перколяторға жүктеледі. Экстрагент үш бөлікке бөлініп, таза экстрагент тек бірінші перколяторға «айна» пайда болғанша жіберіледі және 2 сағатқа тұндыруға қалдырылады. Осы уақыт өткеннен соң, бірінші перколятордан алынған сығындыны екінші перколяторға ауыстырылады, ал бірінші перколяторға қайтадан таза экстрагент «айна» пайда болғанша жіберіледі. Екі перколятордағы шикізат 2 сағат тұндырылады да, екінші перколятордан алынған сығынды үшінші перколяторға жіберіледі, екінші перколяторға бірінші перколятордан алынған сығынды жіберіледі, ал бірінші перколяторға қайтадан (үшінші рет) таза экстрагент «айна» пайда болғанша жіберіледі. Шикізат жүктелген перколяторлар 24 сағатқа тұндыруға қалдырылады. Келесі күні үшінші перколятордағы сығынды - алғашқы дайын өнім, толығымен сығындап алынады. Екінші перколятордағы сығынды үшінші перколяторға ауыстырылады. Бірінші перколятордағы сығынды құйылып алынады, шикізат түсірілді және сығындайды. Бірінші перколятордан алынған барлық сығындылар біріктіріледі және екінші перколятордағы шикізатты тұндыру үшін қолданады. Екі перколяторды 2 сағатқа тұндыруға қалдырады. Кейін, үшінші перколятордағы дайын өнімнің екінші бөлігін құйып алады. Екінші перколятордағы сығынды толығымен құйылып алынады, шикізат түсіріледі және сығындалады. Екінші перколятордан алынған барлық сығындылар біріктіріледі және үшінші перколятордағы шикізатты тұндырға жіберіледі және 2 сағат тұндырылады. Белгіленген уақыт өткеннен соң үшінші перколятордан сығынды құйылып алынады және шикізат толығымен сығындалады да,дайын өнімнің үшінші бөлігі алынады. Алынған барлық сығындылар біріктіріледі [6].

Нәтиже. Реперколяция тәсілімен алынған сұйық экстрактының сапалық көрсеткіштері ҚР МФ I басылымындағы «Экстрактылар» жалпы мақаласына сай анықталады.

Қорытынды.

Дәрілік өсімдік шикізатынан сұйық экстракт алу үшін экстракциялау жағдайы анықталады.

Жүргізілген зерттеу нәтижесінде алынған сұйық экстрактының сапалық көрсеткіштері нормативті құжаттарға сай анықталады.

 

Әдебиеттер

  1. Сафина Л.К., Пименов М.Г. Ферулы Казақстана.-Алматы: Наука, 1984. - 109 б.
  2. Ахатаева Д.А., Мухтубаева С.К., Оразбаев А.Е., Оңтүстік Қазақстан облысындағы сасық қурай ресурсы бойынша мәліметтер. ҚазҰУ хабаршысы №1.- 2013 жыл.- 35 б.
  3. Пушков, Ю.Г. О нормировании качества жидких электратов при их производстве методом реперколяции: тезисы доклада Всесоюзн. науч. конференции, 21-22 мая 1987 г. - Львов, 1987. - С. 282-283.
  4. Безчаснюк Е.М., Дяченко В.В., Кучер О.В., «Процесс экстрагирования из лекарственного растительного сырья» - Фармаком 1 - 2003., стр. 54-56.
  5. Под редакцией профессора И.М. Перцева и профессора И.А. Зупанца. Фармацевтические и медико-биологические аспекты лекарств. В двух томах. Том 2 Харьков издательство НФАУ. 1999. 98с.
  6. Милованова Л.Н. Технология изготовления лекарственных форм. Ростов на Дону: Медицина, 2002 - 448 с
  • Жыл: 2017
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.