Итмұрын лиофильді экстрактысының технологиялық қасиеттері бағаланды: көлемдік тығыздығы, сусымалдығы және ылғалдылығы. Зерттеу нәтижесінде итмұрын лиофильді экстрактысының ылғалдығы талапқа сәйкес екендігі, көлемдік тығыздығы, сусымалдығы тиісті талаптардан төмен екендігі анықталды. Итмұрын лиофильді экстрактысының технологиялық қасиеттерін жақсарту үшін қосымша заттар таңдалды.
Кілт сөздер: лиофильді экстракт, «көпіршіктенетін» таблетка, итмұрын жемістері, көлемдік тығыздық, сусымалдылық.
Зерттеу мақсаты. Итмұрын лиофильді экстрактысының технологиялық көрсеткіштерін зерттеу.
Осыдан алдыңғы мақалаларда итмұрын лиофильді экстрактысының алыну жағдайлары көрсетілген болатын. Бұл мақалада алынған итмұрын лиофильді экстрактының технологиялық көрсеткіштері анықталды [1,2,3].
Материалдар және әдістер. «Көпіршіктенетін» таблеткалар және қоспалар олардың сумен жанасуы таблетка (қоспа) құрамына кіретін қышқылды және негізді компоненттерінің әрекеттесуі нәтижесінде газ бөлінуімен сипатталатын дәрілік түрлер [4].
«Көпіршіктенетін» таблеткалардың технологиясы құрамының арнайылығымен, сонымен қатар, компоненттердің физико-химиялық және технологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Ереже бойын- ша бұл таблеткалардың диаметрі 50 мм-ге дейін, массасы 5 г-ға дейін, құрамындағы ылғалдылық мөлшері 0,5-2%-дан, ал ыдырау уақыты 200 мл суда 5 минуттан аспауы тиіс [5].
«Көпіршіктенетін» дәрілік түрлерді жасауда, дайындау және сақтау барысында дәрілік препараттар- дың құрамына кіретін органикалық қышқылдар және негіздердің өзара әрекеттесіп кетпеуін бақылау және таблеткалық массаның құрамында ылғалдылықтың аз ғана мөлшерінің берілген компонент- термен өзара әрекеттесіп кетуі негізгі қиындықтар болып табылады.
Итмұрын жемістерінен алынған лиофильді экстракт жеңіл, аморфты масса, ылғалдылғы 2,62%-ды құрайды, гигроскопты зат. Судың қатысуында өте тез еріп, қайтадан ерітінді пайда болады. Сондық- тан, лиофильді экстрактан таблетка дайындау үшін тікелей престеу тәсілі таңдалды [6].
«Көпіршіктенетін» таблеткалардың компоненттері келесі талаптарға сай болуы тиіс:
суда толық еруі керек; гигроскопты емес; жақсы престелуі; пресс-инструменттерге адгезиясы болмауы;
химиялық және термиялық тұрақты болуы керек.
Осы талаптарға толық жауап беретін заттар жоқтың қасы, сондықтан, көпіршіктенентін таблеткалар ассортименті өте аз [7].
«Көпіршіктенетін» таблеткалар дайындау алдында лиофильді экстрактың (негізгі әсер етуші зат) технологиялық қасиеттері анықталды, себебі, осы қасиеттерге байланысты қосымша заттар таңдалады.
«Көпіршіктенетін» таблеткалардың технологиясының ерекшеліктері олардың ерекше физико- химиялық қасиеттерімен байланысты:
көп компонентті құрам;
компоненттердің гигроскоптығы;
таблеткалардың массасының үлкендігі (2-5 г) және геометриялық өлшемдері (d = 20-50 мм) [8].
Сондықтан, таблеткаларды престеу алдында, компоненттерді кептіріп алады, өндіріс бөлмелерінде ауаның төмен салыстырмалы ылғалдығы (20-30%) ұсталып тұрады. Осы мақсатта лиофильді экстрактың көлемдік тығыздығы, ылғалдылығы және сусымалдылығы анықталды. Себебі, бұл көрсеткіштер таблетканың дәл дозалануын қамтамасыз етеді.
1. Лиофильді экстрактың көлемдік тығыздығын анықтау (ҚР МФ 1т. 2.9.15 «Үйілген көлем» мақаласы). Сыйымдылығы 250 мл құрғақ цилиндрге 100.0 г лиофильді экстракт салынды. Цилиндр минутына 250 рет тербелісін қамтамасыз ететін тербелтуші құрылғыға бекітілді. Лиофильді экстракт тұрақты деңгейге келгенде тоқтатылды.
Көлемдік тығыздық мына формуламен есептелді:
(1)
р —
Мұндағы: ’ " көлемдік тығыздық, кг/м3;
V - цилиндрдегі тығыздалған ұнтақтың көлемі, м3;
m - ұнтақтың салмағы, кг.
2. Лиофильді экстрактың сусымалдығын анықтау (ҚР МФ 1т. 2.9.16 «Аққыштық» мақаласы) Сусымалдылықты анықтау үшін конус бұрышы 600 және сабағы қысқартылған конус формалы воронка қолданылды. Воронка сабағының ұшы конус төбесінен 3 мм арақашықтықта тік бұрыш болып кесілді.
Шығатын тесігі жабылған құрғақ воронкаға лиофильді экстрактың 0,5% дәлдікпен өлшенген 50 г мөлшерін абайлап, тығыздамай, салдық. Шығатын тесікті ашып, воронкадан лиофильді экстрактың толық ағып шығу уақытын анықтадық.
Сусымалдық мына формула бойынша есептелді:
(2)
Мұндағы: Vc - сусымалдық, кг/с;
m - таблеткалық массаның салмағы, кг;
t - тәжірибенің толық уақыты, с;
20 c - нығыздау мерзімі, с.
3. Итмұрын лиофильді экстрактының кептіргендегі масса шығынын анықтау ҚР МФ I том, 2.8.17 «Экстрактыларды кептіргендегі масса шығыны» бөліміне сәйкес жүргізілді.
Диаметрі шамамен 50 мм, биіктігі 30 мм жалпақ түпті ыдысқа 0,5 г итмұрынның лиофильді экстрактысы салынды. Кептіргіш шкафта 105 С0-де 3 сағат бойы кептірілді және фосфор (V) оксиді үстінде қақпағы тығыз жабылған эксикаторда салқындатылды. Содан соң масса өлшенді.
Сонымен, итмұрын лиофильді экстрактысының көлемдік тығыздығы, сусымалдығы және кептіргендегі масса шығынының зерттеу нәтижелері кесте -9-да берілген.
Кесте 1 - Итмұрын лиофильді экстрактысының көлемдік тығыздығы, сусымалдығы және кептіргендегі масса шығынының нәтижелері
№ |
Көлемдік тығыздық, г/см3 |
Сусымалдық, г/с |
Кептіргендегі масса шығыны, % |
|||
НҚ бойынша |
Нәтиже |
НҚ бойынша |
Нәтиже |
НҚ бойынша |
Нәтиже |
|
1 |
Төмен - 0,4 г/см3-ден аз Орташа - 0,4 - 0,7 г/см3 Жоғары - 0,7 г/см3-нен артық |
0,22 |
8,6 - 12 - өте жақсы 6,6 - 8,5 - жақсы 3 - 6,5 - қанағат- танарлық 2 - 3 - жіберілетін 1 - 2 - нашар 0,3 - 1 - өте нашар |
1,43 |
5%-дан аспауы тиіс |
2,1 |
2 |
0,23 |
1,22 |
2,7 |
|||
3 |
0,22 |
1,35 |
3,0 |
|||
4 |
0,21 |
1,56 |
2,4 |
|||
5 |
0,24 |
1,16 |
2,9 |
|||
X |
0,22 |
1,34 |
2,62 |
Нәтиже және талқылау. Кестеден көрініп тұрғандай, біздің зерттеулерде лиофильді экстрактың көлемдік тығыздығы - 0,22 г/смЗ-не, сусымалдығы - 1,34 г/с-ге, ал кептіргендегі масса шығыны 2,62%-ға тең болды. Лиофильді экстрактың көлемдік тығыздығы және сусымалдығы төмен екендігі, ал ылғалдылығы нормативті құжат талабына сай екендігі анықталды.
Қорытынды. Лиофильді экстрактың көлемдік тығыздығы мен сусымалдығын жақсарту мақсатында қосымша зат ретінде лактоза таңдалды.
Әдебиеттер
- Н.А. Рахымбаев, Г.А. Мыңжасарова. Итмұрын жемістерінің тұнбасынан лиофильденген құрғақ экстракт алу технологиясын жасау. ОҚМФА жаршысы.- №2(71) - 2015. 32-35 б.
- Н.А. Рахымбаев, Нұрбаева С.Е., Мәдіханқызы Ұ. Итмұрын жемістерінің тұнбасынан лиофильденген құрғақ экстракт алу технологиясын жасау. ОҚМФА жаршысы.- №4(73) - 2015. 99-103 б.
- Б.А. Сағындықова, Н.А. Рахымбаев, Д. Мамедали. - Итмұрын лиофильді экстрактысының сапасын бағалау. ОҚМФА жаршысы.- №4(77) - 2016. 47-48 б.
- Стоянов Э.В. Изготовление шипучих таблеток / Стоянов Э.В, Воллмер Р.В.// Промышленное обозрение. - 2009. - №5. - С. 60-61.
- Современные лекарственные формы: Учебное пособие/ под ред. Р.У. Хабриева.- М.: Медицина, 2005.-128 с.
- Пашнев, П.Д. Создание составов, разработка технологии новых лекарственных препаратов в форме таблеток и гранул с растительными экстрактами и их исследование: автореф д-ра фармац. наук: 15.00.01
- Шевченко, A.M. Обоснование выбора вспомогательных веществ для производства шипучих таблеток дротаверина гидрохлорида / A.M. Шевченко // Успехи современного естествознания. - 2003 г. - №1. - С.68-72.
- Шевченко, A.M. Разработка критериев выбора вспомогательных компонентов и способа гранулирования для шипучих лекарственных форм / A.M. Шевченко, Э.Ф. Степанова, Н.Н. Богдашев // Фармация - 2004. - №1. -С. 32-34