ТҮЙІН
524 қыздар мен жасөспірімдер тексеруден өтті. Олардың 263 і мақта егілетін елді мекен тұрғындары. 271 зерттелуші мұндай елді мекенде тұрмаған топ. Хлорорганикалық пестицидтер ИЛ-1а және ИЛ-1в ныі жоғарылауына, ал ИФР-1 дің төмендеуіне алып келеді. Зерттеу барысында 1топ зерттелушілері жыныстық және физиологиялық даму көрсеткіштері 2 топ зеттелушілерден артта қалған. Бұл қыздардың репрадуктивті көрсеткіштерінің төмендегенін дәлелі болады.
Кілт сөздер: жасөспірім қыздар, жыныстық және физиологиялық даму, цитокиндер.
Репродуктивті дені сау әйелдің қалыптасуында балалық және жасөспірімдік кезеңнің маңызы бар екеніне ешқандай күмән тұдырмайды. Сыртқы отратаның жаман әсері зиянды әдеттер жасөспірімдік кезде әсер етіп әйелдің жетілген кезінде жыныстық жүйесіне бұзушы әсер көрсетеді.
Мақта өсіру - Оңтүстік Қазақстанда ауыл шаруашылығының маңызды саласы және соңғы 10 жылда жаңа белестерге көтерілуде. Көптеген ғылыми зерттеулерген қарамастан хлоорганикалық пестицид- тердің енді өсіп келе жатқан ұрпаққа шынайы зиянды әсерінің көлемі анықталмады. Пестицидтердің жағымсыз әсері сол аймақта тұрып жатқан қыздарғада және сол жерде жұмыс жасайтын әйелдерден туылған қыздардың репродуктивті даму кезінде жағымсыз әсер береді.
Жыныстық және физиологиялық даму көрсеткіштері сыртқы факторлармен жағымсыз әсерлердің көрінісінен, адам ағзасында болатын өзгерістердің, биологиялық индикаторы болып табылады.
Зерттеудің мақсаты. ҚР мақта егістіктері бар аймақтағы қыздармен мен жасөспірімдердің жыныстық және физиологиялық жетілуінің, сонымен қатар иммунды статусының ерекшеліктерін зерттеу.
Материалдар мен зерттеу әдістері. Зерттеуге 10-17 жас аралығындағы 524 қыз бала қатысты. Қатысушы қыздардың барлығы ауылды аймақтарда тұрады. Негізгі топты мақта егістігі бар және хлорорганикалық пестицидтер кең қолданылатын ауылды аймақта тұратын 253 қыздар құрады. 271 қыз ҚР мақта егістігімен айланыспайтын аймақтарынан топталстырылған зерттеу тобы. Физикалық және жыныстық жетілуді бағалады.
1 Кесте - Қыздардың әр түрлі жастағы салмақтары, кг
Жасы |
Негізгі топ |
Бақылау тобы |
P |
10 |
34,1±0,2 |
35,6±0,3 |
<0.001 |
11 |
36,1±0,4 |
38,5±0,6 |
<0,001 |
12 |
40,2±0,3 |
43,8±0,3 |
<0,001 |
13 |
46,0±0,2 |
46,9±0,6 |
<0,05 |
14 |
51,1±0,5 |
50,3±0,7 |
<0,05 |
15 |
52,1±0,5 |
52,9±0,5 |
<0,05 |
16 |
53,1±0,5 |
55,0±0,6 |
<0,05 |
17 |
56,6±0,4 |
58,0±0,5 |
<0,05 |
Зерттелуші 87 қыз(47-негізгі топтан,40-зерттеу тобынан) бұл зерттеуде қан сарысуындағы цитокин- дертексеріліп:интерлейкин-1а,интерлейкин-1в, рецепторлы антогонист ИЛ-1 және инсулинтәріздіөсуі фактор-1 перифиялық жүйелі - тест Вектор-Бест әдісін қолдана отырып қаттыфазалы иммунофермент анықталады.
Қортынды және нәтижелерін талдау.Біздің зерттеулер хлорорганикалық пестицидтер қыздар мен жасөспірімдердің денсаулығымен жыныстық жетілуіне зиянды әсер көрсететінін анықтады. Сондай- ақ өз қатарластарымен салыстырғанда дене салмағын өсуінің төмендеуі 10 жаспен 13 дас аралағында (р<0.01) және 15 пен 18 жас аралығында (p <0.05).Негізгі топта зерттелуші қыздардың дене салмағының төмендеуіне, жасына байланыссыз хлорорганикалық пестицидтер тікелей әсер етеді. Қыздардың бойының тез өсуі екі топтада анықталды 11 мен 12 жас аралығында, бірақ бақылау тобындағы қыздарда ол 9,9 см жылына болды. Ал негізгі топтағы қыздар жылына 6,9 см жылына (<0,01)
2 Кесте - Әр түрлі жастағы қыздардың бойының өсуі, см
Жасы |
Негізгі топ |
Зерттелуші топ |
Р |
10 |
139,8±0,7 |
143,6±0,6 |
<0,001 |
11 |
142,8±0,7 |
148,3±0,8 |
<0,001 |
12 |
149,7±0,5 |
158,2±0,5 |
<0,001 |
13 |
157,7±0,5 |
160,5±0,6 |
<0,001 |
14 |
158,4±0,4 |
161,5±0,5 |
<0,001 |
15 |
160,6±0,7 |
162,9±0,5 |
<0,01 |
16 |
161,5±0,5 |
163,3±0,5 |
<0,05 |
17 |
162,0±0,4 |
163,7±0,6 |
<0,05 |
Кеуде торының өлшемін тексеру, негізгі топтың қыздарының өз қатарластарынан айтарлықтай артта қалатынын әсіресе 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерде бұл көрсеткіштер төмен (<0,01) Хлорорганикалық ауданда тұратын қыздар тек антропометриялық көрсеткіштері ғана емес жыныстық жетілу жағынанда артта қалуда. Мысалы бақылаушы топтарғы қыздардың алғашқы етеккірі 11,9±0,3 жаста басталса, негізгі зерттелуші топтың қыздарында ол орташа 13,8±0,5 жасты құрады.
Етеккір функциясын бақылау нәтижелері негізгі топтағы қыздардың 80 (31,6%) дисменорея бар деп дәлелдеді. Ал 51 (20%) қызда олигоопсоменорея, 42 (16,6%) қызда біріншілік аменорея.
3 Кесте - Кеуде торының өлшемінің көрсеткіші, см
Жасы |
Негізгі топ |
Зерттелуші топ |
Р |
10 |
70,8±0,5 |
71,5±0,6 |
<0,05 |
11 |
72,6±0,6 |
74,8±1,0 |
<0,05 |
12 |
75,5±0,5 |
77,6±0,4 |
<0,001 |
13 |
78,3±0,4 |
79,5±0,5 |
<0,05 |
14 |
81,5±0,6 |
83,2±0,4 |
<0,05 |
15 |
83,5±0,5 |
84,9±0,4 |
<0,05 |
16 |
83,8±0,5 |
86,4±0,6 |
<0,001 |
17 |
85,1±0,4 |
87,2±0,6 |
<0,01 |
Пестицидтер әсер ететін аймақтағы қыздардыі қан сарысуындағы цитокиндердің соның ішіндегі қабыну алды цитокиндері ИЛ-1а және ИЛ-1в жоғарылаған. ИЛ-ІРА мен басқа топтарының арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ(<0,05). Пестицидті аймақта өмір сүрген қыздардың қыздардың ИФР- 1 деңгейі (443,51±41,23пг\мл), бақылау тобындағы өз қатарластарынан төмен (778,05±30,02пг\мл) (<0,001).
4 Кесте - Қыздардың қанындағы цитокин деңгейі, пг\мл
Цитокин |
Негізгі топ n=47 |
Зерттелуші топ n=40 |
Р |
ИЛ-1а |
1,91±0,07 |
1,53±0,09 |
р<0,001 |
ИЛ-1в |
9,96±0,35 |
8,29±0,59 |
р<0,05 |
ИЛ-fRA |
621,7±38,28 |
557,4±45,9 |
р<0,05 |
ИФР-1 |
443,51±41,23 |
778,05±30,02 |
р<0,001 |
Сонымен пестицидті хлорорганикалық заттың әсері бар аймақтағы қыздарға интерсексуальді морфотиптің қалыптасуы тән, яғни физикалық және жыныстық жетілужің артта қалуы. Соған сәйкес жыныстық жетілудің жалпы баллы негізгі топта 17 жаста 8,92±0,4, ал бақылау тобында 10,33±0,3 ге тең.
Біздің зерттеуіміз көрсеткендей ИЛ-1а және ИЛ-1в жоғарылағанда және ИФР-1 дің төмендеуі хлорорганикалық пестицидтердің әсерінен болады, ол өз кезегінде қыздармен жасөспірімдердің физикалық және жыныстық жетілуді кешеуілдетеді.
ӘДИБЕТТЕР
- Бапаева Г.Б, Кадырова Р.У.Состояние иммунологического статуса при воспалительных заболеваниях женских половых органов у работниц хлопкоперерабатывающих предприятий//Проблемы женского здоровья и пути их решения:Материалы 2-й Всерос.конф.- М,.2008.-С.7-8.
- Кетлинский С.А,Симбирцев А.С.Цитокины.-СПб:Фолиант,2008.-552с.
- Buck Louis G.M. ,Grey L.E.,Marcus M et al.Environmental factors and puberty timing: expert panel research needs // Pediatrics.-2008.-Vol.121(Suppl.3).-P.S192-207.
- Ferris J.S. Flom J.D. Tehranifar P. et al.Prenatal and childhood environmental tobacco smoke exposure and age at menarch //Pediatr.Perinat.Epidemiol.-2010.-Vol.24, №6.-P.515-523.
- Sabry D., Nouh O., Marzouk S.,Hassouna A.Pilot study on molecular quantitation and sequencing of endometrial cytokines gene expression and their effect on the outcome of in vitro fertilization (IVF)cycle//J.Advanc.Res.-2014.-Vol.5,№5.-P.595-600