Жылқы қымыздығы өсімдігінің қүрамындағы агликондардың фармакологиялық әсері

Түйін

Зерттеу нәтижелерінде Қазақстанда өсетін жылқы қымыздығының жерүсті бөлігін медицинада отандық дәрілік препарат алуға қажетті шикізат ретінде пайдалануға толық мүмкіндігі бар.Қүрамындағы агликондардың адам ағзасына пайдалы әсер ететіні анықталды.

Кілт сөздер: Жылқы қымыздығы, агликон, экстративті заттар, реум-эмодин, хризанофол.

Қазіргі кездедәрілік өсімдіктердің медицинада маңызы зор. Дәрілік өсімдектердің қүрамында адам организіміне пайдалы әсер ететін биологиялық белсенді заттар көп. Осындай өсімдіктер біздің елімізде көптеп кездеседі. Оның бірден бір дәлелі Қазақстанда 6000-ға жуық өсімдіктердің 500-і дәрілік өсімдіктерге жатады. Соның бірі Жылқы қымыздығы.

Зерттеудің мақсатытЖылқы қымыздығы өсімдігінің жерүсті бөлігінің қүрамындағы биологиялық белсенді заттарды фитохимиясын және фармакологиялық әсерін зерттеу.

Материалдар мен әдістер.Алматы облысы, Алма-Арасан аймағынан жиналып, тыныштық күйі кезінде дайындалған жылқы қымыздығының жер үсті бөлігінің шикізаты.

Жылқы қымыздығыөсімдігін жүйелеу:

Патшалық: Өсімдіктер дүниесі (Plantae)

Патшалық тармағы: Жоғары сатыдағы өсімдіктер (Cormobionta)

Бөлім: Жабықтүқымды (гүлді) өсімдіктер (Angiospermae)

Класс: Қосжарнақтылар (Magnoliopsida)

Түқымдас: Тарандар (Polygonaceae)

Туыс: Қымыздық (Rumex)

Түр: Жылқы қымыздығы, атқүлақ (Rumex confertus Wiild)

Жылқы қымыздығын морфологиялық зерттеу:

Жылқы қымыздығы тарандар түқымдасы, қымыздық туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 1,5м, жуандығы 2см, жоғарғы бөлігі шашақталған.Жапырақтары кезектесіп орналасқан, сағақты, ірі, үзындығы 25 см, ені 12-13см шамасында, төменгі жағы қатты түктермен жабылған. Шоқтана біткен жапырағының пішіні аттың қүлағына үқсас болғандықтан өсімдік аты соған байланысты аталған. Гүлі жіңішке, сыпырғыш тәрізді, алты күлтелі, ақшыл жасыл түсті. Ұзынша гүлшоғыры шоғырланып орналасқан. Жемісі - үшқырлы, жаңғақша, жылтыр, қоңыр түсті, үзындығы 4-5мм, ені 1мм. Атқүлақты жануарлар жемейді. Оның тамырында 8-12% илік заттар бар. Одан сары, қара түсті бояулар алынады. Тамырынан алынған дәрілік заттар іш, тері ауруларына ем.

Нәтижелері:

Жылқы қымыздығы өсімдігінің жер үсті бөлігінің ылғалдылығы «10%-дан артық емес», жалпы күл - «14%-артық емес», 10% HCl ерімейтін қышқыл - «2%-дан артық емес», сульфат қышқылы - «14%- дан артық емес» көрсеткіштерге сәйкес келетіні анықталған,бүл деректер нормативтік-техникалық қүжаттамада келтірілген.

Кесте 1-Жылқы қымыздығыныңжерүсті бөлігінің сапалық көрсеткіштері

Сапалық көрсеткіштері

Қүрамы, %

1

Ылғалдылығы

6,64

2

Жалпы қышқылдығы

7,6

3

10% HCl ерімейтін қышқылы

1,48

4

Сульфат қышқылы

6,59

Қүрамында калий, натрий, магний, темір, мырыштың көп мөлшерде екені анықталды. Кадмий мен қорғасының қүрамы шекті рүқсат етілетін нормадан артпайтыны көрінеді.

Кесте 2 Жылқы қымыздығының жерүсті бөлігінің макро- және микроэлементтік қүрамы

Элементтер

Қүрамы,%

1

Кадмий

0,0004

2

Кобальт

0,0024

3

Никель

0,0038

4

Мыс

0,0093

5

Қорғасын

0,0005

6

Мырыш

0,0252

7

Марганец

0,0365

8

Темір

0,4652

Қүрамындағы экстративті заттардың сандық қүрамы

 

  • 50% этил спиртінде
  • 50% изопропил спиртінде
  • 50% сулыацетондабасымекенікөрінеді.

Химиялық қүрамы.

Жапырағында флавоноидтар, аскорбин қышқылы және каротин, гүлдерінде аскорбин қышқылы, өсімдіктің барлық бөлігінде кальций оксалаты, тамырында антрагликозиДтер өнімдері - 4% оның қүрамындағы негізгі агликондар реум-эмодин және хризофанол кіреді, пирокетахин тобының иілік заттары 8-15%флавоноидтар, органикалық қышқылдар,К дәрумені, эфир майы, шайыр,темір, жемістерінде антрахинон өнімдері және иілік заттар болатынындығы анықталған.

Фармакологиялық әсері.

Жылқы қымыздығы өсімдігінің қүраммындағы агликондардың, яғни реум-эмодин және хризафанолдың фармакологиялық әсері.

Реум-эмодин және хризафанол 1,8-диоксилантрахинон немесе хризацин туындыларына жатады.

Фармакодинамика:

  • Ішек перистальтикасын арттырады;
  • Антисептикалық әсер;
  • Іш жүргізетін әсер;
  • Кальцийдің бөлінуін арттырады;
  • Өт жүргізеді;
  • Ішектің тітіркендіргіштерге төзімділігін арттырады;
  • Антиоксиданттық әсер корсетеді;
  • Асқазан ойық жарасы;

Қолданылуы:

  • Ішек атониясы;
  • Іш қату кезінде;
  • Метеоризм кезінде;
  • Тік ішек зақымдану кезінде;
  • Геморрой;
  • Энтероколит;
  • Ауыз қуысының қабынуы, баспа және қызылиек қабынуы кезінде шаю үшін;

Жанама әсері:

  • Қымыздық қышқылының организмде жиналуы;
  • Бүйрек- тас аурулары;
  • Түз алмасуының бүзылысы;

 

Әдебиеттер

  1. Чуешов В.И. Промышленная технология лекарств. Т2 - Х.: МТК - Книга: Издательство НФАУ, 2002. - 716 с.
  2. Э.Г. Громова. Справочник по лекарственным средствам для фельдшеров и медицинских сестер. ИКФ “Фолиант”. Санкт-Петербург, 2009 г.
  3. М.Д. Машковский “Лекарственные средства”. Пособие для врачей. Москва, 2 тома, 2010 г.
  4. Әубәкіров Т.Ә., Жүмағүлов Ж.Ж. «Өсімдік шаруашылығы және селекция» Алматы, 1988
Жыл: 2017
Қала: Шымкент
Категория: Медицина