Дәрілік жалбызтікен шөбінен лиофильді экстрактар алу

Түйін

Көптеген жылдар бойы медицина және фармация саласында түрлі ауруларды емдеу үшін дәрілік өсімдік шикізаты негізінде дайындалған дәрілік өсімдіктер мен препараттарға қызығушылық сақталуда. Отандық өнеркәсіпте өсімдік текті дәрілік заттардың 90-дай түрі ғана тұнба, май, шырын, экстракт, қатты және жұмсақ дәрілік түрлер ретінде өндірілуде. Шетелдік фармацевтикалық нарықтың фитопрепараттарды өндіру көлемі отандық өнеркәсіпке қарағанда 2-3 есе көп. Сондықтан, өндірілетін отандық фитопрепараттар ассортиментін кеңейту тек өндіріс жағдайларында ғана емес, сондай-ақ, дәріханалық дайындауларда да актуальды орын алуы қажет.

Дәріханалық сулы сығындыларды дайындау технологиясы науқастар үшін әртүрлі кедергілер тудыруы мүмкін. Оларды дайындау үшін арнайы білім мен дағдылар қажет. Сулы сығындылардың тұрақтылығы төмен, сақтау мерзімі қысқа, микробтық ластануға тез ұшырайды, ең маңыздысы - көп жағдайларда сулы сығындылардың сапалық көрсеткіштері анықталмайды. Дәрілік түрдің осы кемшіліктері олардың технологиясын жетілдіруді, дайын дәрілік түрлерін жасап шығаруды қажет етеді.

Осы бағытта өсімдік шикізаттарынан сублимациялық кептіру тәсілімен лиофильді экстрактар алу болашағы үлкен инновациялық технология болып табылады.

Кілт сөздер: жалбызтікен шөбі, лиофильді кептіргіш, тұнба, құрғақ экстракт, лиофильді экстракт.

Зерттеу мақсаты. Дәрілік жалбызтікен шикізатынан лиофильді экстрактар алу.

Зерттеу материалдары мен әдістері. Зерттеу материалы ретінде жалбызтікен шөбі, сулы сығынды алу, лиофильді кептіру тәсілдері қолданылды.

Зерттеу нәтижелері және талқылау.

Фармацевтикалық технологияның заманауи тенденцияларының бірі - дәрілік өсімдік шикізаттарынан дәстүрлі қайнатпалар мен тұнбалардың, спиртті тұндырмалар мен сұйық экстрактардың алмастырушысы ретінде қолданылатын құрғақ экстрактарды алу тәсілдерін жетілдіру болып табылады. Қолданылып жүрген сулы сығындылардың бірқатар кемшіліктері бар: биологиялық белсенді заттардың толық сығындалмауы, сақтау кезіндегі тұрақсыздығы, дәл дозаланбауы.

Әдетте, суық тигенде, жөтелгенде, вирустық - респираторлық инфекция кезінде жалбызті- кен өсімдік шикізатынан тұнба дайындалып, қолданылады.

Жалбызтікен тамырында 10% шырыш, 37% дейін крахмал бар. Негізгі эсер етуші заты - шырыш, қақырық түсіретін және қабынуға қарсы әсері бар. Максималды мөлшерде шырышы бар және минималды мөлшерде крахмалы бар сығынды алыну қажет. Крахмал бұл жағдайда - балласты зат және микроорганизмдердің өсуіне қолайлы орта, сонымен қатар ортаның тұтқырлығын жоғарылатады, шырыштың сығындылауын төмендетеді. Шырыш ыстық суда да, суық суда да ериді.

Құрамында жалбызтікен лиофильді экстракты бар, әсер етуші заттары толық сақталған лиофильді экстрактар алу технологиясын жасау бойынша ізденістер фармацевтикалық технология үшін өте маңызды болып табылады.

Биологиялық белсенді заттары толығымен сақталған лиофильді экстрактар алу үшін жалбызтікен шөбінен сулы сығынды дайындап алыну қажет.

Тұнба алу үшін, ірі кесілген жалбызтікен шөбіне бөлме температурасын-дағы суды қосып, араластыра отырып 30 минут тұндырылды. Содан соң екі қабат дәке арқылы сүзілді. Шикізат сығылмайды, өйткені тұнба крахмалмен немесе ерімейтін заттардың майда бөлшектерімен ластанады.

Ары қарай алынған жалбызтікен тұнбасынан лиофильденген экстракт алу бойынша зерттеулер жүргізілді. Ол үшін лиофильді кептіргіш қондырғысы қолданылды.

Лиофильді кептіру - кептірілетін затты мұздатып, кейін вакуум әсерінен еріткішті айдау арқылы жүретін кептірудің заманауи жетілдірілген әдісі.

Лиофильді кептіру кезінде 90-95%-ға дейін құрамындағы биологиялық белсенді заттары және дәмі, түсі, иісі, өлшемдері мен формасын толығымен сақтауға мүмкіндік береді; сәйкес орамдауышта 3 - 5 жылға дейін сақтау мерзіміне ие; тұрақсыз температуралық жағдайда сақтауға мүмкіндік береді; сублимацияланған өнімді суландырғанда лезде бастапқы қалпына келеді; дайын өнім салмағы тасымалдауға кететін шығынды қысқартуға мүмкіндік жасайды және оны басқа да сфераларда қолданылуын кеңейтеді.

Лиофильді экстрактар алу үшін, көлемі 500 мл дайын тұнба сублиматорға салынып, -92°С температурада мұздатуға жіберілді. Сублиматор тығыз жабылып, вакуум насосты қосып, компрессорлы тоңазытқыш орнатылды. Толық сусызданып болғанша бақыланды. Жалпы лиофильдеу мерзімі 8 сағатты құрады.

Осы келтірілген алгоритмді орындай отырып жалбызтікен шикізатының тұнбасынан лиофильді экстракт алынды. Алынған лиофильді экстракт ашық-қоңыр түсті, аморфты ұнтақ, гигроскопты, дәмі ащы, өзіне тән иісі бар, жеңіл борпылдақ масса болып табылады.

Қазіргі уақытта алынған лиофильді экстрактардың сапасын анықтау бойынша зерттеулер жүргізілуде.

Әдебиеттер

  1. Бахтин И.А. Совершенствование процесса сублимационного высушивания лекарственных препаратов: автореферат дисс. канд. фарм. наук. Пермь, 2012. - 26 с
  2. Нежута A.A., Токарик Э.Ф., Самуйленко А .Я. и др. Теоретические и практические основы технологии сублимационного высушивания биопрепаратов. Курск: Изд-во КГСХА, 2002. - 239 с.
  3. Диденко А.А., Ершова А.Н., Гордиенко М.Г., Меньшутина Н.В. Моделирование вакуумной сублимационной сушки // Программные продукты и системы. - 2011. №5 С. 182-185.
  4. Семенов Г.В., Касьянов Г.И. Вакуумная сублимационная сушка основы теории и практическое применение: Учеб. пособие. - Москва, Краснодар: 2001.108 с.
  5. Диденко А.А., Троянкин А.Ю., Каталевич А.М., Меньшутина Н.В. Сравнение двух способов сублимационной сушки // Изв. вузов. Химия и хим. технология. 2011. Т. 54. Вып. 11. С. 122125.
  6. Семенов Г.В. Основы теории, техники и технологии сублимационной сушки.- М.: МГАПБ, 2003. 89 с.
  • Жыл: 2017
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина
Другие статьи

В условиях интенсификации современного производства вопросы совершенствования профилактических основ здравоохранения, в частности, в плане сохранения трудовых ресурсов, приобретают особое значение
2010

Материалы и методы. В настоящей работе использованы материалы оперативного эпидемиологического анализа заболеваемости и данные из историй болезни.
2011

Крымская-Конго геморрагическая лихорадка (ККГЛ) на территории Казахстана занимает ведущее место среди природно-очаговых клещевых инфекций
2011

Высокая заболеваемость и безудержный рост сердечно-сосудистых заболеваний сокращают среднюю продолжительность жизни населения.
2011

Пациентов, которым проводят не кардиохирургические оперативные вмешательства, относят к группе высокого риска сердечно-сосудистой заболеваемости и смертности
2011

Отогенные абсцессы мозга встречаются чаще абсцессов мозга любой другой этиологии. Они наиболее часто локализуются в височной доле, вблизи от крыши барабанной полости и крыши сосцевидной пещеры
2011

Цель работы: Изучение эффективности немедикаментозных легкодоступных методов (Су Джок, фитотерапии) лечения у больных артериальной гипертензией.
2011

Важнейшей проблемой, входящей в клиническую деятельность врачей всех специальностей и представляющей непосредственную угрозу для жизни пациентов, является тромбоэмболия легочной артерии
2011

Инородные тела сердца наблюдаются относительно редко, как правило, в результате слепых огнестрельных и колотых ранений грудной клетки
2011

Тромбоз мезентеральных сосудов (ТМС) исключительно редкое сосудистое осложнение, наблюдающееся, главным образом, у людей пожилого возраста
2011

Известно, что илеоцекальный отдел служит узловым пунктом желудочно-кишечного тракта, при выключении которого возникают расстройства в виде поносов и нарушения обмена веществ
2011

Цель: сравнение эффективности первичной ангиопластики, фармакоинвазивного метода реперфузии и ТЛТ у больных с острым ИМ с подъемом ST в отделение реанимации и интенсивной терапии (ОРИТ).
2011