Өзектілігі. Отандық фармацевтикалық өндірістің дамуы дәрілік заттармен қамтамасыз етудің көптеген ауыртпалықтарын шешуге мүмкіндік береді /1, 2/.
Мақсаты - ҚР фармацевтикалық өндірістің заманауи жағдайын талдау.
Материалдар мен әдістер - контент-анализ.
Нәтижелер мен талқылаулар. Зерттеу жүмыстарының көрсеткені қазіргі таңда республикада медициналық және фармацевтикалық өнімдер өндіретін 100 ірі және орташа компаниялар бар (олардың көпшілігі дәрілік өсімдікті шикізат дайындау мен галендік өнім өндірумен айналысады) - 600 артық атауы, 100 ден көбі, негізгі өмірлік маңызы бар дәрілік заттар қүрамына кіреді. Өнімнің жалпы жылдық көлемі шамамен 22-23 млн. долларға емептелінеді. Басты отандық медикаменттерді шығаратын өндіріс орындары болып - «Химфарм» АҚ, «Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ, Батыс Қазақстандық АҚ, «Береке» АҚ және т.б. саналады. Соңғы жылдары «Химфарм» ААҚда екі жүзден аса атаулы дәрілік дайын заттардың шыққандығы анықталған. Қазақстанның негізгі өмірлік маңызы бар дәрілік препараттарының ресми тізіміне 449 атау кіреді, оның жүзге тартары қазіргі сәтте «Химфарм» АҚ өндіріледі.
Зерттеу жүмыстары «Химфарм» АҚ жылына 12 миллион пакет жылдамдықпен инфузиялық ерітінділер өндіретін жаңа технологиялар мен жабдықтар қолданылатын автоматтандырылған цех ашуды жоспарлайтындығын көрсетті.
Қазақстанда алғаш рет «Химфарм» АҚ халық сүранысын толықтай қанағаттандыратын заманауи өндірістегі дәрілік заттарды мазь және суппозиторилер түрінде шығаруды көздеуде. Әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттарды өндіру үшін қажетті дәрілік өсімдікті шикізатты орау «Алтын Тамыр» (Алматы қ.), «Фармация» ААҚ (Қарағанды, Қызылорда, Қостанай ққ) сияқты ауылшаруашылық кәсіпорындарында жүргізіледі. Бірақ қазақстандық бір де бір кәсіпорын халықаралық стандарттардың менеджмент сапасына сай келмейді. Өз кезеңінде бул ҚР фармацевтикалық және медициналық өндірісін дамыту Бағдарламасының тармақтық жобасының бастамасы болды.
Оның негізгі мақсаты - ҚР дәрілік саясат концепциясын іске асыру, негізінен, халықты қауіпсіз, тиімді және сапалы отандық және импорттық өнімдермен қамтамасыз ету. Бірақ, кейбір отандық дәрілік препарат өндірушілерде инновациялық өнідіріс болғанына қарамастан, олардың көпшілігі өздерінің түр түрлі саясаттарын дженериктер негізінде жүргізеді. Жалпы бүл саясат, кейбір зерттеушілердің белгілеуі қарағанда, келісілмеген және қазақстандық өндірушілер көбіне бір бірімен бәсекелеседі.
Қорытынды. Бүгінгі таңда ҚР дәрілік препараттарды өндіретін біртекті мемлекеттік стратегия жоқ және өндірушілер бір уақытта меңгерілген бағытта жасанды қайта өндіріс жағдайына түсіп, дәрілік заттар түрін сатылымға қарай қүрады, ол өз кезегінде мемлекет халқын дәрілік заттармен қамтамасыз етудегі жағдайлардың оңалуына әсерін тигізбейді және денсаулық сақтау жүйесі мен дәрілік заттармен қамтамасыз ету Концепциясын жартылай ғана іске асырады.
ӘДЕБИЕТТЕР
- 1. Сатаева Л.Г. Методические подходы к лекарственному обеспечению больных социально значимыми заболеваниями в РК // Проблемы социальной медицины и управления здравоохранением. - 2006. - №40 (1). - С. 97-99.
- 2. Багирова В.Л., Сатаева Л.Г. Анализ проблем развития фармацевтической промышленности в Республике Казахстан // Вестник Казахского национального медицинского университета
- им. С.Д. Асфендиярова. - 2007. - № 1. - С. 148 - 153