Өзектілігі. Қазіргі таңда фармацевтикалық нарықта 16000 атаулы дәрілік заттар көрсетілуде, денсаулық сақтау министрлігімен 6 мыңнан астамы тіркелген.
Мақсаты-фармацевтикалық нарық жағдайын талдау.
Материалдар мен әдістер - контент-анализ.
Зерттеу нәтижелері. Әдебиет көздерінде белгілендей, фармацевтикалық нарықта жаңа дәрілік заттарды өндіру мен шығаруға қажетті қаражаттың жеткіліксіздігіне байланысты фармацевтикалық нарықта бүл тармақта инвестиция қызығушылығы мен сатып алушылық төмендегендіктен, қазіргі таңда дженериктер нарығы (бүкіләлемдік тенденция) басым болып табылады.
Басқа мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, Ресей нарығында дәрілік заттарды генерикалық ауыстыруға байланысты нормативтік актілер жүйесін қүруға болады.
Дәл осындай жолмен кезінде Германия, Франция, АҚШ және т.б. дамыған мемлекеттер жүрген. Генерикалық орын алмастыру бірден бірнеше қатар артықшылықтар береді. Біріншіден, қымбат дәрілік заттар алуға кететін шығындар азаяды.
Екіншіден, отандық фармацевтикалық кәсіпорындарда импорт жолымен келетін дәрілік заттарға үқсас жаңа дәрілік препараттар ашуға қызығушылық пайда болады. Нәтижесінде осы екі көрсеткіштер бірігіп, дәрілік затпен қамтамасыз ету сапасын жақсартады және дәрілік заттар импортын реттейді.
Шетелдік компаниялар жаңа дәрілік препараттарды әкеліп, ал өзіміздің отандық өндірушілер өндіре алатын препараттарды әкелуді қысқартады. Қазір фармацевтикалық нарықта түтынушы сатушы маркаға қаражат жүмсайтын болды, нгәтижесінде дәрілік препарат бағасы бірнеше есе жоғарылайды.
Қорытынды. Зерттеу жүмысы бүгінгі күні емдік тәжірибеде көбінесе генерикалық дәрілік препараттар тағайындалы және қолданылатынын көрсетті. Фармацевтикалық өндірістегі инвестицияға кері әсерін тигізетін көрсеткіштер: фармацевтикалық нарықтың аздаған сыйымдылығы.
Әдебиеттер
- 1. Багирова В.Л., Сатаева Л.Г. Развитие социального механизма фармацевтического рынка в Республике Казахстан // Фармацевтический бюллетень. - 2014. - № 3-4. - С. 11 - 12.