Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мектеп оқушыларының арасында жақыннан көргіштік ауруына жарықтандырудың әсерін анықтау

Кіріспе. Қазіргі таңда офтальмолог-мамандарды толғандырып отырған негізгі 3 проблема бар. Олардың алғашқылары егде адамдар арасындағы суқараңғылық пен катаракта болса, үшіншісі балалар арасындағы жақыннан көргіштік немесе медицина тілімен айтқанда миопия дерті. Мамандар мүнымен күресуде тек дәрігерлер ғана емес, әрбір адам өзінің үлесін қосса дейді. Себебі, соңғы деректер көрсеткендей Қазақстанда балалардың 5 пайызы мектепке көзілдірік тағып барса, мектеп бітіргенде олардың саны 35 пайызға дейін өсіп отыр[1]

Зерттеу мақсаты. Жасанды жарықтандырудың әсерін анықтап, жақыннан көргіштік ауруын азайту.

Материалдар мен әдісі. Жасанды жарықтандыру туралы және оның жас балаларға кері әсері. Статистика бойынша қанша бала зардап шегіп отырғаны туралы мәлімет алынған.

Нәтижелер мен талқылаулар. Жасанды жарықтандыру кең ауқымды проблемалардың бірі болып отыр. Жасанды жарықтандырудың әсерінен жақыннан көргіштік ауруы балалар арасында жыл сайын еселеп артып отыр. Сол себептен алдын-алу мәселелерін үйымдастырып жақыннан көргішітік ауруын балалар арасында азайту керек.

Офтальмологтар соңғы уақытта балалар арасында да көз ауруларының көбейіп бара жатқандығын айтып дабыл қағуда. Мүнан бөлек, қазіргі таңда балалар жасанды жарықтандыруға аса көп мөлшерде шамадан тыс пайдалануда мәселен, бала компьютерде ойындар ойнайды, үялы телефон, планшетпен сағаттар бойы отыратыны жасырын емес. «Күні-түні телефонға, теледидарға, компьютерге шүқшиған баланың көзі тек жақыннан жақсы көруге қалыптасады. Нәтижесінде алыстан көрмеушілік дерті пайда бола бастайды. Ғалымдардың зерттеу жүмыстарының деректеріне қарағанда, дүние жүзінде жақыннан көргіштік көз ақауы бар (миопия) балалардың саны жыл сайын көбейіп, оның диоптриялық дәрежесі жоғарылай беретіндігі анықталып отыр. Миопия сөзі грек тілінен аударғанда «көзімді сығырайтып қараймын және көзқарас, көру» деген мағынаны білдіреді. Яғни, алыстан жақсы көре алмайтын адамның сығырайып қарайтын әдетіне сай айтылса керек. Қазақ мүндайды «сығыр» деп те айтады. Медициналық көзқарас түрғысынан алғанда, жақыннан көргіштік (миопия) немесе күшті рефракция — жарық сәулесі, яғни бейнелер көздің торлы қабығының тікелей өзіне емес, алдыңғы жағына жинақталады. Бүл жағдайда көздің өткірлігі тек жақыннан байқалады; алыстағы заттардың көрінуі түманданып бүлдырай түседі. Орта мектепті бітіретін оқушылардың 40%-ға жуығында миопия кездесетін көрінеді. Оның себептері өте көп. Мысалы, сыртқы ортаның қолайсыздығынан жақын жерден баланың көзіне үнемі күш түсуі. Яғни, жарық қуаты жеткіліксіз күңгірт, алакөлеңке жерде жазу, сурет салу, оқу және т.б., отыратын үстелдің, партаның және орындықтың баланың бойына сәйкес болмауы, үзақ уақыт бойы теледидар көру. Жақыннан көргіштіктің дәрежесі диоптрия бірлігі арқылы анықталады. Жақыннан көргіштіктің бірлігі артқан сайын баланың алыстан көруі нашар болады[2].

Миопия дәрежесіне қарай үшке бөлінеді:

  • 1,0-ден 3,0 диоптрияға дейінгі әлсіз;
  • 3,25-тен 6,0-ға дейін орташа;
  • 6,25 диоптриядан бастап жоғары.

Жақыннан көргіштік баланың мінез-қүлқына, тіпті тәртібіне де әсер етіп өзгертеді. Ол үмытшақ болып, тез шаршайды. Қолындағы заттарын көзіне тақап қарайды, шүйлігеді, басын тө- мен салбыратып жүреді, бүкшеңдей бастайды. Бүлардан басқа, көзі талып, басы ауырады. Кейбір балалар алған затын мүқият қараудан титықтап, ақырында көзі қитарлана бастайды. Осындай ауру белгілері бар балаларды көз дәрігеріне (офтальмолог) көрсету қажет. Медицинада жақыннан көр- гіштікті түқым қуалайтын және жүре пайда болған деп екіге бөліп қарастырады. Ата-анасының біреуінің көзі алыстан нашар көретін болса, ол балаға да эсер етуі мүмкін. Әрі мүндай туа біткен миопияның асқыну қарқыны да жоғары болады. Жүре пайда болған миопияның себептері же- терлік. Компьютерлік ойындар, теледидарға үзақ қарау баланың көзіне аса зиян.

Бүдан басқа себептерге:

  1. Дүрыс тамақтанбау;
  2. Күн сәулесі түспейтін, тек электр жарығының астында ойнау;
  3. Омыртқа жотасының қисайып, жүрісінің бүзылуы;
  4. Қимыл-қозғалыс ойындарының аздығы;
  5. Тым үсақ ойыншықтармен ойнау;

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, балалар мен жасөспірімдердің арасында соңғы 10 жылмен салыстырғанда жақыннан көргіштік ауруының таралуы 1,5 есеге өсіп отыр. Мектеп бітіруші жасөспірімдр арасында жақыннан көргіштік ауруы 26%-ға ,гимназия және лицей оқушыларының арасында 50%-ға артқан. Ал жақыннан көргіштік ауруының жоғарғы дәрежесі 10- 12%-ға жетіп отыр. Біздің елімізде 10 млн адам жақыннан көргіштік ауруымен сырқаттанған.Мысалы ретінде, Өскемен қаласында 2015жылы амбулаториялық орталықта мектеп оқушыларында тексеру өткізілді. Соның ішінде 1905 баланың ішінде 146 қыз және 80 бала жақыннан көргіштік сырқатымен анықталды. [4].

Қорытынды. Қорытындылай келе, жасанды жарықтандырудың әсерінен қаншама балалар жақыннан көргіштік ауруына шалдығып отыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек жыл сайын жақыннан көргіштік ауруы өршу үстінде, мәселен соңғы жылдармен салыстырғанда 10% артқан. Сол себептен жыл сайын офтальмолог маман дәрігерлерге қаралып, тексеріліп түруы керек.

Әдебиеттер

  1. http://www.horosheezrenie.ru/narushenie-zreniya-miopiya-blizorukost-u-detej/
  2. http://myfamilydoctor.ru/profilaktika-i-lechenie-miopii-u-detej/
  3. http://ozrenii.com/story/miopiya-u-detey
  4. Бөлешов М.Ә. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. -Алматы: Эверо, 2015
  • Жыл: 2016
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина