Кіріспе. Қазіргі таңда дүние жүзіндегі ең бір дамып келе жатқан ғылымдардың бірі гендік инженерия. Бүл ғылымның адамға әкелетін пайдасы неғүрлым көп болғанымен, тигізетін зияны да аз емес. ГМА (генетикалық модификацияланған ағза) - гендік инженерия жолымен тірі ағзаның қүрамының өзгеруі. Мысалы, картоп көкөнісінің қүрамына сарышаян генін қосқан жағдайда біз ешқандай жәндік жемейтін картоп сүрыпын ала аламыз немесе кез келген жеміске Антарктида балығының генін қосу нәтижесінде біз суыққа төзімді жеміс сүрыпын аламыз. Ғылыми жобада екі түрлі пікірді үстана отырып, дәлелдер келтірілді.[2]
Зерттеу мақсаты. Жобаның басты мақсаты болып жергілікті жердегі жемістердің сапасын анықтап ғана қоймай, сонымен қатар, қарапайым халыққа соны жеткізу, яғни, профилактика жүргізу.
Материалдар және әдістер. Сауалнама жүргізу, сүхбат және бақылаулар.
Нәтижелер және талқылаулар. ГМА жақтаушылар.
І.ГМА-тарды қолдану немесе түтыну болашақта адам өмірінің саяси және экономикалық жақтарына үлкен әсерін тигізіеді. Себебі, жыл сайын адам саны өсуде. БҰҰ-ның айтуы бойынша, алдағы 35 жыл аралығында дүние жүзіндегі адамдар саны 10 млрд.- қа жуық болады. Дәстүрлі егіншілікке көшкен жағдайда, адамдар саны өсуі баяулай бастайды, ал егерде ГМА-тарды түтынған жағдайда адамдардың аштыққа үшырамауы әбден мүмкін. [4]
2. ГМА медицинада кеңінен тараған. 1982 жылы генетикалық модификацияланаған бактериялар инсулин гормонын өңдеуде қолданған. Дәрігерлер болашақта СПИД, қүс және шошқа түмауы ауруларына төтеп беретін дәрі-дәрмектер шығаратына үміт артып отыр. ГМА арқылы адамдар қартайғанда әлсіз болмайды деген ойлар туындап жатыр.[6]
3.Бүгін ГМА тез сатылып кетілуде және үлкен мөлшерде пайда әкелуде. Мысалы, қазіргі таңда әлемнің 150 млн га жері трансгенді өндіріске тиісілі, оның 66%-ы АҚШ-та, ал 22%-ы
Аргентинада орналасқан. Осы өндіріспен айналысатын фирмалар шамаен 700 млрд доллар капиталына ие болып отыр.
ГМА даттаушылар. ГМА -тарды түтыну нәтижесінде төмендегі өзгерістерге әкеліп соғуы мүмкін:
- Адам денесінің аллергиялық реакциялардың беруі. Мысалы, АҚШ - та азықтар түтынуға рүқсат етілген. Бірақ халықтың 70%-ы аллергиядан зардап шегіп отыр, ал кересінше, Швецияда не болғаны халықтың 7%-ы ғана. Себебі, онда бүл азықтарға тыйым салынған;
- Асқазанның структарысының өзгеруі нәтижесінде ішек микрофлораларының антиобиотиктарға баянды болуы;
- Адам ағзасының иммунитетінің төмендеуі, сонымен қатар, зат алмасу процесінің бүзылуы.
- Адам ағзасының мутацияға үшыратып, рак жасушаларының көбеюі әкеледі. Одан өте келе адам рак ауруына шалдығады[1]
Зерттеу барысында екі түрлі тәжірибе жүргізілген болатын. Біріншісі, Ақтөбе қаласындағы «Дина» супермаркетіндегі сатылатын азықтардың дүрыс таңбалағанына көз жеткізу болды, яғни, ГМА-сыз таңбасы бар азықтар саны анықталды. Екіншісі, бау-бақшадан өсіп шыққан алма мен супермаркеттегі алма сүрыптарының арасындағы айырмашылықты анықтау үшін лабораторияда эксперимент жасалды. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының түрғындар арасында сауалнама жүргізілді [Кесте 1]. SWOT талдау.
1 Кесте - ГМА-ңпайдалыжәнепайдасызтұстарыкөрсетілген.
Strengths(Басым жақтары) Әрбір мемлекеттің супермаркеттерінде ГМА-тар өте арзан бағада сатылып жатыр. Трансгенді ағзалардың пішіндері қарапайым жемістерден бірнеше есе үлкен болады. ГМА-лар аз уақытта ішінде тез пісіп жетіледі. Салқын қыс айларында өз сапасы мен дәмін жоғалтпай, суыққа төзімді болып өседі. |
Weaknesses(Әлсіз жақтары) Өзіміздің пайдалы жеміс - көкөніс сүрыптарының жоғалып кетуі. Тәжіриебелерге қолднылатын тышқан сияқты жануарлардың үсқынсыз болып айналуы. Адамдардың денсаулығы теріс әсер бері мүмкіндігі. Кішкентай жәндіктердің жойылуы нәтижесінде экожүйенің бүзылуы. |
|
Opportunities(Мүмкіндіктер) Үлкен көлемде егіннің нәтижесінде шаруашылығын дамыту мүмкіндіктері. |
егін |
Threats(Қауіп-қатерлер) ГМА-тарды түтыну нәтижесінде рак ауруына шалдығу қаупі. |
Қауіпті аурулардан дәрі жасап шығару мүмкіндігі. Мемлекеттің капиталын одан әрі арттырып, экономиканы тағы бір сатыға жоғары көтеру. Гендік инженерияны дамытып, жүмыссыздықтың мөлшерін азайту мүмкіндіктері. |
Адамдарға теріс әсер еткен жағдайда аштықтың пайда болу қаупі жоғарлайды. Ғылыми түрде зиян екені дәлелденсе, мемлкет дағдарысқа үшырайды. |
Қорытынды. Осы жобаның басты сүрағы ретінде генетикалық модификацияланған азықтардың адамдарға пайдалы немесе зиянды ма деп қарастыруға болады. Бірақ бүл сүраққа әлі күнге дейін жауап табылған жоқ. Себебі, бүл мәселе қазіргі күнге дейін зерттеліп, қарастырылып жатыр. Адамға зияны жоқ деген аргументтер болғанымен, жан-жануарларға теріс әсер ететінің практика жүзінде көрген болатынбыз. Сонда да көптеген халықтың көп бөлігі трансгенді ағзаларға қорқынышпен қарайды, сондықтан да біз генетикалық модификацияланған азықтарды кеңінен қолдануды қостаймыз. Осындай мәселелерге байланысты қазақ халқында «Сақтықта қорлық жоқ» деп айтылған керемет сөз бар. Қорыта айтқанда, әрбір азамат ГМА-тар туралы мәліметтермен ақпараттану қажет және азықты сатып алар алдында өз бетінше таңдау жасағанын жөн.
Әдебиеттер
- Дыбан А. П., Городецкий С. И. Интродукция в геном млекопитающих чужеродных генов: пути и перспективы // Молекулярные и клеточные аспекты биотехнологии. Л.: Наука, 1986. С. 82 — 97. Валиханова Г. Ж. Биотехнология растений. Алматы: Конжык, 1996. 272 с.
- Щелкунов С. Н. Генетическая инженерия. Ч. 1. Новосибирск: Изд-во Новосибирского ун-та, 1994. 304 с.
- Лутова Л. А., Проворов Н. А., Тиходеев О. Н. и др. Генетика развития растений. СПб.: Наука, 200. 539 с.
- Барановов В. С. Генная терапия - медицина XXI века // Соросовский образовательный журнал. № 3. 1999. С. 3 - 68.