Күнделікті тағам құрамында консерванттардың шектен тыс мол болуы адам ағзасына орасан зардап келтіретіні жөнінде ғалымдар мен дәрігерлер әлем бойынша дабыл қағып отыр. Алайда осы жаһандық мәселе болып отырған консерванттарды өзімізбен қоса балаларымызға да түтынуға қарсылық танытпаймыз. Осы орайда ата -аналар, балалар үшін сусындардың әсері мен қүрамына үңіліп көрейік және ағзамызға әсерін бағалайық.
Түріне және өңдеу әдісіне байланысты сусындардын түрақтылығы (тәуліктен кем емес) келесідей: газдалған, пастерленбеген және консервантсыз сусындар үшін-10, пастерленген сусындар үшін-30, консервантты-20, газдалмаған-5, бөшкеде және автоцестернада ашытылған сусындар-2, бөтелкедігі үшін-5, табиғи су минералы-60 тәуліктен кем емес болуы керек.[1,2]
Газдалған сусындар қүрамында қантты қоспалар: Газды сусындарды ішкеннен 20 минуттан кейін қанның қүрамындағы шекер мөлшері артады. Соған байланысты шекер мөлшерін төмендету мақсатында ағзамыз өзінен инсулин шығара бастайды. Бауыр бүл шекерді жылдам түрде майға аналдырады. Яғни әрбір газды сусын семіру қауіпін 1,6 есе арттырады. Бүл орайда жүрек-қан тамырлары ауруларының 70 пайызы семіздікке байланысты. Қант диабетіне шалдығу қауіпі 80 пайызға көп. Газды сусындардың қүрамында фосфор қышқылы мен жоғары мөлшерде фосфат бар. Зәр жолымен сыртқа шығатын фосфор, өзімен бірге ағзаға қажетті кальций элементтерін алып кетеді. Газды сусындар үзақ (түрақты) түтынылған жағдайда остеопороз қауіпін арттырып, сүйектің сынуына жол ашады. Жыныстық түрғыда уақытынан ерте жетілуге және жыныс мүшелері ауруларына жол ашады. [3,4]
Газды сусындарға қосылатын бензоат натрия өнімнің жарамдылық мерзімін үзартатын химиялық түз болып табылады. Бүл элемент экзема, астма және өзге де тері ауруларына себеп болуы мүмкін. Газды сусындардағы қышқылдар мен шекерлер тіс эмалін кетіреді, тіс және тіс абсцесіне жол ашады. Газды сусындарға жоғары мөлшерде жүгерінің фруктозалы шырыны қосылады. Бүл зат жүрек және қант диабеті ауруларына себеп болатын зат алмасу процесінің нашарлау қауіпін арттырады.Ұзақ (түрақты) түтынылган жағдайда бүйректегі тасқа және басқа да бүйрек ауруларына жол ашатын жоғары мөлшерде фосфор қышқылы қосылады.Газды сусындардың ыдыстарында, пластикалық бөтелкелерде едәуір мөлшерде ВРА элементтерінен қүралған қатерлі ісік тудыратын қабат түзіледі.[5,6]
Соңғы кездері көп қолданыста жүрген сусындардың бірі-энергетикалық сусындар. Энергетикалық сусындар тек химиялық қоспалардан дайындалады: кофеин, карантин, таурин аминқышқылы, глюкоза, матеин, мелатонин және кей сусындарға гуарана тропикалық жемісін қосады. Енді құрамға енген бұл заттардың қасиеттеріне жеке тоқталайық. Кофеин жүрек қан тамыр жүйелерінің жұмысын жақсартады, әсерінен адамның ми қызметінің жұмысын жеделдетеді. Карантин адам ағзасындағы майды қышқылдандырады, нәтижесінде бұлшықеттер жиырылып, шаршау сезілмейді. Таурин аминқышылы медицинада жүрек ауруларын емдеу үшін пайдаланады. Бірақ, 0,5 литр энергетикалық сусынға не себепті 1000 мг. таурин қышқылы қажет?! Оны көп мөлшерде қабылдау, керісінше кері әсер етеді. Глюкоза қанды көбейтеді. Бірақ дозасының тым көбеюі ағзаға қауіп төндіреді. Матеин - тропикалық жеміс ағашы, ол қарынның ашқанын білдірмейді. Мелатонин - денеге алдамшы күш беретін химиялық зат. Бүл қоспалардан кейін сусын көп мөлшерде газдалады. Газдың денсаулыққа зияны аз емес.[7,8]
Алкогольсіз сусындардың зиянды әсері, жоғарыда айтылғаннан бөлек асқазан ішек жолдары аурулардың үлғаюына, денсаулық индексінің төмендеуіне әсер етеді. Бүгінгі медицина мен қоғамның үлкен мәселелерді артық салмақ пен жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларының да брден бір себепші көзі.
Әдетиеттер
- 1. Щелкановцев В.А., Маюрникова Л.А., Зинчук С.Ф.Оценка стереотипов питания школьников и студентов г. Кемерово //Сибирский медицинский журнал № 1'2007. -С. 58 - 62.
- 2. Османов Э.М., Ронжина Г.П., Дорофеева Е.А., Пышкина А.С. Проблемы питания современного студента //Вестник ТГУ, т.15, вып.2, 2010. -С. 685 - 687.