Жусан (лат. Artemisia) - гүлді өсімдіктердің астрагүлділер түқымдасына жататын көп жылдық шөптектес өсімдіктер туысының атауы.
Дүние жүзінде жусанның 500-ден астам түрі кездеседі. Қазақстанның барлық жерінде - шөл- шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар, Оңтүстік Қазақстанда 38 түрі кездеседі. Қазақстанда өсетін жусанның 17 түрі сирек кездеседі және олардың кей түрлері тек біздің еліміздің аумағында өсетін эндемик түрлерге жатады.
Эфир майларына бай болып келетін жусандар халық және ресми медицинада антибакте- риалдық, қабынуға, жараға, вирусқа қарсы, спазмолитикалық және т.б. дәрілер ретінде қолданылады. Соңғы жылдары эфир майларына ароматерапиялық дәрілік зат ретінде қызығушылық артып отыр, төмен концентрацияда тыныс жолдарын емдеу үшін үсынылады. Мысалы, кәдімгі жусан эфир майының адам ағзасының қабыну үдерістеріне, асқазан ауруларына, спазмға әсері. Эстрагон жусанының эфир майының антисептикалық, антиревматикалық, ауруды басатын әсері, ащы жусанның эфир майының ароматерапияда қолданылуы туралы қолданбасында қабынуға қарсы, фунгицидтік, антиревматикалық, сонымен қатар эпилепсияда қолданылуы белгіленген.
Ақшуғақ жусаны - Полынь ферганская-Artemisia ferganensis Krash- астралар туқымдасының жусан туысына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік немесе шала бута, узындығы 40-85 см. Ақшуғақтың түк басқан сабағы жас кезінде боз болады да, кейін түгі түскен соң қоңырланады. Тамыры жуан, қысқа жапырақты, жеміс шығатын өркендері аз. Гүлі қысқа сағақты, гүл шоғы себет, гүл себеті жумыртқа тәрізді -сопақ, узындығы 3-4см кең пирамида секілді сыпыртқы, қос жынысты,сары немесе қызғылт түсті келеді, қыркүйек-қазан айларында гүлдейді.
Таралуы Оңтүстік Қазақстанның тузды балшықты аймақтарында және таулы-қиыршықты аймақтарда және қүнды аймақтарда жиі кездеседі. Әсіресе Қызылқүмда, Қаратауда, Түркістанда жиі үшырайды. Ақшуғақ мал азығы ретінде пайдаланылады, әсіресе мал семіртуде маңызы зор,оның мамыр-маусымда қоректік қуны мол. Ақшуғақ жеген қойдың майының дәмі жақсарады, малдың суыққа төзімділігі артады. Ақшуғақ сүрлемге ашытқы ретінде қосылады.
Химиялық қурамы аз зерттелген. Қүрамында эфир майы-азулен бар. Вегетация кезеңінде көмірсулардың қурамы әртүрлі өзгереді. Жапырағында ерігіш көмірсулардың қурамы жазға дейін жақсы жоғарлайды да күзге қарай аздап жинақталатыны анықталған. Тамыры мен сабағында вегетация кезеңінде көмірсулар жоғары болады. Сонымен қатар әдеби деректерден ақшуғақ жусанының қүрамында макро- және микроэлементтерден: Са - 16,3г; K - 32,2г; Na-10,2r; Fe-
10,0г; Cu- 0,1г; Zn -7,3г; Mn- 6,6г; Cr - 6,9 г болатыны белгілі.
Зерттеу мақсаты. Ақшуғақ жусан өсімдігін диагностикалық белгілерін анықтау,шикізат жинау,таралу аймағын анықтау.
Материалдар мен әдістер. Ақшуғақ жусанының жерүсті бөлігі шикізатын 2016 жылы қыркүйек айында гүлдеу барысында Қазығурт ауданы, Көкібел елді мекенінде жинап, ауа-қүрғақ шикізатқа дейін кептірдік.
Қорытынды. Ақшуғақ жусанының өсетін жерлерін, макроскопиялық және микро- скопиялық зерттеу арқылы оның анатомо-морфологиялық диагностикалық белгілерін анықтадық:
- эпидермистің негізгі жасушалары қалың, кутикула қабатымен қапталған.
- лептесіктері аномоцитті.
- эфир майларының орналасқан жерлері анықталды.
- эфир майының бездері астрагүлділер туқымдасына тән.
Әдебиеттер
- Мухитдинов Н.Н.,Бегенов Ә.Б.,Айдасова С.С. Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы.Алматы,2001. «Қазақ университеті»баспасы
- Мусақулов Т. Ботаника.Алма-Ата,1975. «Мектеп» баспасы
- Ағалеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К., Иманкулова С. Ботаника. Алматы,1998. «Санат» баспасы
- Көкенов М.К., Әдекенов С.М., Рақымов Қ.Д., Исамбаев Ә.И., Саурамбаев Б.Н. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы. Алматы,1998. «Ғылым» баспасы
- Байтенов М.С., Васильева А.Н., Голоскоков В.П., Кармышева Н.Х., Оразова А.А., Поляков П.П., Ролдугин И.И., Терехова В.И., Филатова Н.С., Фисюн В.В. Иллюстрированный определитель растений Казахстан. Алма-Ата,1969. «Наука» баспасы
- Михайлов А.И., Дроздова И.С. Итоги науки и техники. Москва, 1983. «Винити» баспасы
- А.Н. Стрижев. Травы вокруг нас. Москва,1983. «Колос» баспасы