Carthamnus өсімдігінен инулинді бөлу әдістері

Негізгі бөлім. Ғылым мен техниканың дамыған заманында синтетикалық дәрі-дәрмекке қарағанда, табиғи дәрілерге деген сүраныс күннен-күнге артуда. Сан шөптің тілін білетін халық, өсімдіктен жасалған дәрілердің жағымсыз әсерлерінің жоқтығы мен организмге тез сіңетіндігіне көз жеткізген. Сондай өсімдіктердің бір - carthamnus[1].

Зерттеудің мақсаты: Carthamnus (қаз.мақсары) өсімдігінің гүлі мен жапырағынан инулинді бөлу.

Тәжірибелік бөлім. Зерттеу нысаны ретінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылы 2012-2015 жылдың қыркүйек-қазан айларында жинап алынған күзгі мақсары өсімдігінің жапырағы алынды.

Мақсары өсімдігінэкстракциялау үшін ең алдымен зерттелетін шикізатты тазалап, кептіріп, үккіштен өткізеді, електің диаметрі 3-5 мм. Шикізаттан 10 г алынды. 1:10 қатынаста, 80-850С температурада, су моншасында кері салқындатқышта 2 сағат уақыт аралығында 3 рет экстракцияланады да, сүзіп алынады. Экстракцияланған ерітінділерді бір ыдысқа жинап, 95% этил спиртін қүйып. -00С-40С температурада 1 тәулік мүздату арқылы түнбаға түсірілді. Содан кейін ерітіндіні центрифугалап, бөлме температурасында 200С-та кептіріп, түзілген кристалл тәрізді инулиннің салмағын өлшейді.

Зерттеу нәтижесіжәне талқылау. Инулиннің балқу температуралары оптикалық спектроскопиялық әдіспен «Boeties» электронды қыздырғыш аппаратында ПТА(М) ТУ-92 маркалы қондырғыда анықталды. Ал қүрылыс формуласын анықтау үшін химия - биология зерттеу орталығындағы алмазбен қапталған ИҚ - «Bruker ALFA» спектрометр 400-4000 см-1 аймағында KBr таблеткасымен жазылды.

Мақсары өсімдігінің жер үсті бөлігінен экстрактының шығымы жапырағында 24,7%, ал гүлінде 25,5%. Мақсарыдан бөлінген инулиннің балқу температурасы әдеби деректерге жақын. Мақсарының гүлінен мен жапырағынан бөлінген инулиннің формуласы (C6H10O5)n. Бүл инулин тобына жататынтабиғи полимер.

Мақсары өсімдігінің гүлінің ИҚ-спектрі 3450 см-1 тербеліс жиілігі ОН тобының валенттік тербелісін көрсетсе, 1650см-1 -С=С- арасындағы байланысты көрсетеді. 570 см-1 тербеліс жиілігі метил тобына сәйкес келеді. Ал мақсары өсімдігінің жапырағының ИҚ-спектрі 3429см-1 тербеліс жиілігі ОН тобының валенттік тербелісіне сәйкес келеді[4].

Қорытынды. Мақсары өсімдігінің гүлі мен жапырағынан инулин бөлініп алынды.

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан үлттық энциклопедиясы “Қазақ энциклопедиясының” редакциясы, Алматы, 2009. 315 б.
  2. Полымбетова Ф.Ә, Әбиев.С.Ә, Сәрсенбаев.Б.Ә. Пайдалы өсімдіктер әлеміне саяхат Алматы: « Ғылым», 1999. 46-47 б.
  3. Зимин В.М. Библиотечка лекарственных растений, собрание народной и научной медицины. Алматы, 1993. с.153
  4. Тарасевич Б.Н., ИК спектры основных классов органических соединений, МГУ имени М.В.Ломоносова, химический факультет, кафедра органической химии, Москва 2012г., с.25-46
Жыл: 2016
Қала: Шымкент
Категория: Медицина