Мойын және бет іріңді-қабынулы аурулары қазіргі таңда өзінің ғылыми-практикалық мәнін жоғалтқан жоқ және жақ-бет хирургиясының алдыңғы мәселелерінің бірі болып қалуда. Соңғы жылдары операциядан кейінгі асқынулардың жиілеуі, жіті қабыну процесстерінің созылмалы формаға ауысуы, сонымен қатар, іріңді аурулардың және олардың аскынуларының нәтижесінде өлімге әкелетін жағдайлардың үлгайғандығы байқалды. [1]
Жақ -бет стационарында жатқан адамдардың шамамен 50% жуығын жақ-бет айналасының қабыну ауруларымен ауыратын науқастар қүрайды, соның ішінде, 50-60% -ы жіті одонтогенді остеомиелитпен ауыратын науқастар. [2]
Осылайша, жақ-бет айналасының инфекционды-қабыну ауруларымен ауыратын науқастарды кешенді емдеудің заманауи схемасын білу және кешенді терапияны стандартизациялаудың жаңа принциптерін ойлап табу, әсіресе антибактериалды ем өзекті мәселелердің бірі болып табылады. [3]
Зерттеу мақсаты:
Жіті одонтогенді остеомиелитті емдеуде сатылы антибактериалды терапияны енгізу және оның тиімділігін бағалау.
Зерттеу қүралдары мен әдістері:
Жіті одонтогенді остеомиелитпен ауыратын жас мөлшері 20 дан 55 ке дейінгі ( орташа жас мөлшері 41,9 ±1,2 жас) 40 науқас зерттелді, соның ішінде, 29-ы ер адам (72,5%) және 11-і (27,5%) әйел адамдар. Жүргізілген антибактериалды терапияға байланысты барлық науқастар екі топқа бөлінді: негізгі (емдеу операция алдында 30 мин бүрын 1,5г натрий цефуроксимін тамыр ішіне тамшылатып енгізумен антибиотикопрофилактиканы қолданады және «ауыру тудырған тісті» жүлып алып тастағаннан кейін 3-4 күн цефуроксимді әр 8 сағ сайын 750мг бүлшық етке енгізді, содан кейін 5-6 тәулік көлемінде цефуроксим аксетилін күніне екі рет 500мг ішке қолданумен ауыстыру арқылы ем жүргізілді) және салыстырмалы(операциялық араласулардан кейін цефуроксимді 750мг көлемінде әр 8 сағ сайын парентералды енгізу әдісі арқылы дәстүрлі ем жүргізілді). Емдеу нәтижесі клиникалық және лабараториялық көрсеткіштер арқылы бағаланды. Дене температурасының динамикасы, ауырсыну сезімінің сандық шкаласы арқылы ауырсыну деңгейін, ЭТЖ, қан қүрамындағы СРБ, ақ қан(лейкоциттер) көрсеткіштері, лейкоцитарлы интоксикация индексі зерттелді. 2 тәуелсіз топты зерттеу үшін Манна Уитнидің және Вилкоксонның статистикалық зерттеу әдістері қолданылды.
Нәтижесі:
Операциядан кейін 1-ші топ науқастарында ісіну және жара айналасындағы жүмсақ тіндердің инфильтрациясы орташа есеппен 5-6 күн аралығында, ал 2-ші топ науқастарында 7-8 күн аралығында төмендеді. Негізгі топтағы науқастарда бақылаудың 2 тәулігі бойында дене қызуының көтерілмей қалыпқа келуі 4,2±0,3 тәулікте, ал салыстыру тобында осы нәтиже 5,5±0,4 тәулікте байқалды. Ауырсыну сезімінің толықтай жоғалуы негізгі топта 3,8±0,2 тәулікте , ал салыстырмалы топта 5,1±0,2 тәулікте тіркелді
Қорытынды:
Операцияға дейінгі антибиотикопрофилактиканы цефуроксиммен сатылы терапияға ауыстыруды қолдану дәстүрлі емге қарағанда операциядан кейінгі кезеңнің жақсы болуын, операциядан кейінгі жараның тез жазылуын қамтамасыз етеді және емделушіге стационардан ерте жазылып шығуына мүмкіндік береді.
Әдебиеттер
- Березняков И.Г. Принципы разумного применения антибиотиков. Клиническая антибио- тикотерапия. - 2004. № 1.
- Артемова А.В. Частота встречаемости остеомиелитов в практике челюстно-лицевого хирурга /А.В. Артемова, А.А. Дикусар, Л.А. Щекина//Бюллетень медицинских интернет- конференций,- 2013. - Т.3,№11. -С.1212.
- Под ред. Л.С. Страчунского, Ю.Б. Белоусова, С.Н. Козлова // Антибактериальная терапия. - М., - 2000.
- Dodson TB, Perrott DH, Kaban LB. Pediatric maxillofacial infections: A retrospective study of 113 patients. J Oral Maxillofac Surg 2009; 47:327-30.
- American Academy of Pediatric Dentistry. Clinical Guideline on Appropriate Use of Antibiotic Therapy. Originating Council. Council on Clinical Affairs. Adopted 2001. Available at:www.aapd.org.