Кіріспе. Контрацепция - жоспарланбаған жүктіліктің, ағзаға кері әсер ететін амалсыздан жасалған аборттың алдын-алу үшін халық арасында кең етек алған әдістердің бірі. Контра- цептиктер жаңалық емес, тек ол уақыт өткен сайын жаңарып, адамзатпен бірге даму үстінде. Ол адамзат өмір сүрген кезден бастап-ақ бар, бірақ әр кезеңде оның қолдану ерекшелігі әр түрлі.
ХХІ ғасырдағы контрацепция жаңа деңгейге жетті. Оның қолдану аясы айтарлықтай кең. Контрацептиктердің зиянсыз, тиімді әдістері өте көп, бірақ әрбір дәрінің ағзаға тигізер кері әсері болады. Контрацептиктердің ішінде ең көп қолданысқа ие түрі - гормональды контрацепция. Гормональды контрацепцияның тек Қазақстан халқында ғана емес, барлық дүниежүзінде қолданылу аясы кең[1], [3].
Зерттеу мақсаты. Контрацептиктердің халық арасындағы қолдану деңгейін, оның жанама және тиімді әсерлерін анықтау.
Зерттеу материалы және әдісі. Контрацептиктерді зерттей келе, оның халық арасында тиімді және тиімсіз жақтарын анықтау үшін өмір сүру салты әртүрлі[2] (1.қыз келіншектер, 2.отбасылылар, 3.бала емізетіндер, 4.кәмелет жасқа толмағандар, 5.дене бітіміне мән беретіндер, 6.гинекологиялық сырқаты барлар, 7.болашақта сәби сүйгісі келетіндер, 8.жеңіл жүрістілер) 80 әйелдер мен қыз-келіншектерге сауалнама жүргізілді және анкеталық сүрақтар қойылды(анонимді түрде). Сонымен қатар қалалық емханалардағы гинеколог дәрігерлерден гормональды контрацепциялық препараттардың азаматшалардың денсаулығына тигізер әсерін білу мақсатында сүхбат алынды. Гормональды контрацепциялық препараттардың бірнеше түрін зерттеуге алып, олардың тиімді- тиімсіздігін, ағзаға тигізер оң және кері әсерлерін анықтау үшін кесте қүрылды.
Зерттеу нәтижесі және талдау жүргізу. Жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша 80 әйелдер мен қыз келіншектердің 24-нің гормональды контрацепцияны қолданатыны,12-нің сауалнамаға жауап берегісі келмейтіні,19-ның басқа контрацептиктерді қолданатыны,25-нің ешқандай контрацептиктерді қолданбайтыны анықталды.Гормональды контрацетиктерді қолдан байтындардың 40%-ы ол туралы аз ақпарат білемін, 20%-ы кейін бала көтеруге қиын туады, 24%- ы толып кетемін, сондықтан қолданбаймын, 8%-ы қымбат түрады, 8%- оның пайдасынан зияны көп, - деп жауап берген болатын.Ал сауалнамаға жауап беруден бас тартқандардың барлығы кәмелет жасқа толмағандар болды.Басқа контрацептиктерді қолданатын топтарға жеңіл жүрісті әйелдер, бала емізетін әйелдер жататыны белгілі болды.
Қорытынды. Контрацепцияның қандай түрін болмасын қолданар алдында міндетті түрде гинеколог маманмен ақылдасқан жөн. Контрацептиктердің тиімді әсері адамның жас шамасына, қолдану ретіне, дәріні таңдауына байланысты. Халық арасында гормональды контрацепцияның кең тарау себебі, оның қол жетімділігі мен қолдану қарапайымдылығына байланысты.
«Жоқ» деген сөз - қауіпсіз және ең сенімді үрықтануға қарсы препарат. (Словениялық афорист Жарко Петак)
Әдебиеттер
- С.И. Роговская. Современные методы контрацепций - Москва, ГЭОТАР-Медиа,2011, 70б
- В.Е.Радзинский, М.Б.Хамошина, С.А.Маклецова. Время понятной контрацепций - Москва, Status praesens,2016, 12-13б
- Е.А. Межевитинова . Контрацепция умолодых нерожавших женщин / Е.А.Межевитинова // Рос. мед. журн. - 1996.- №2. - 18-21б.