Бүл жүмыста қүрамында эфир майы бар өсімдіктердің фармакологиялық әсерлерін зерттей отырып,қарт адамдарға өсімдік тесктес эфир майының ароматерапия әдісімен профилактика және емдеу жүргізу. Қартайып бара жатқан организсмдегі динамикалық тепе-теңдікті,жаттығу және адаптацияға қалыптасуы,қорғаныш механизмі,организмнің потенциалды резервті мобилизациясы және қорларының мықтылығы арқылы өсімдік тектес ароматикалық заттармен профилактика және емдеуді жүргізу.
Кіріспе. Жалпы дәрігерлік тәжірибеде, әсіресе терапевт, невропатолог және басқа да мамандар тәжірибесінде қарттарды емдеу тәсілдері гериатриялық фитотерапияда негізгі білімді талап етеді [1]. Егде жастағы науқастарда емдеу қауіпсіздігі мен тиімділігі - гериатрия ең күрделі мәселелердің бірі. Жоғарыда айтылғандай, қарт адамдар, жас науқастарға қарағанда артық дәрі пайдаланып, тиісінше созылмалы ауруларға көп үшырайды.
Антиоксиданттар организмде өндірілмейтін заттар болып табылады және міндетті түрде сырттан түсуі қажет.Барлық дерлік эфир майлары табиғи антиоксиданттар болып табы- лады. Оларды организмге енгізу кезінде олар антиоксиданттық қасиетін жоғалтпайды және белсенді, қалыпты физиологиялық липидтік тотығу қарқындылығын азайту, Т жасушаларының қызметіне ықпал етуді жалғастырады, адам денесінің қартаю процесін баяулатады, ол атеросклероздың алдын алу үшін жақсы қүралы болып табылады [2]. Организмнің қартаю процесін бір қосылыстың көмегімен бақылау жүзеге аспайды, өйткені бүл көп себепті процесс. Қазіргі уақытта геропротектордың бүтін тобы бар. Эфир майлары кешенді жүмыс жасай отырып геропротекторлық препараттардың әсерін жоғарылатады. Қартайған кезеңде ароматикалық өсімдік қосылысымен профилактика және емдеу динамикалық түрақтылықты сақтауға негізделген, қартайып жатқан организмнің табиғи жолмен жаттығу және адаптациясын қалпына келтіру, қорғалатын механизмдерін, организмнің потенциальды резер- він мобилизациялау және беріктік қорын жоғарылату. Жастық кезеңді үзарту үшін мынадай эфир майларын пайдалануға болады:герань, ирис, кипарис, тубероза, нероли, лаванда, лавр, мимоза, түймедақ, иланг-иланг, шалфей, анис, жасмин, вербена, арша, лимон бальзамы, ваниль, өсті гүлшетен.
Зерттеу мақсаты. Эфир майы өсімдіктерден түзілетін үшқыш заттар, көбінесе гүлдер, жапырақ, түбірлерінде болады. Олар табиғи энергияны жинақтайды, сондықтан да фихикалық, эмоциялық, энергетикалық жағынан адам денсаулығына әсер етеді. Эфир майының мөлшері әр өсімдікте әртүрлі - 0,1-ден 4%-ға дейін.
Әдістер мен материалдар. Ақуыз-рецепторларды зерттеуге тәжірибе тышқандарға жасал- ды. Иіс анықтауға жауап беретін ген саны көп екендігі, яғни геномның 1%-ы екендігі анықталды. Жануарлардың иісті жақсы сезетіндігі таңқаларлық емес. Алайда, анықталатын иіс саны, ақуыз- рецепторларының санынан әлдеқайда көп, яғни 10 иіске 1 рецептор қатынасына жуықтайды. Біздің миымызда ерекше иіс сезгіш тетіктер бар, олар иіс сезуге жауап береді.
Нәтижелері және талқылау. Иіс сезгіш эпителиінде орналасқан, белгілі бір иіс рецепторын өндіретін нейрондар мүлдем ретсіз орналасқан.. Мидағы иіс сезгіш тетіктерге сигнал барғанда, олар ерекше принцип бойынша бірігеді: белгілі бір аймақта біркелкі байланысады. Нәтижесінде түрлі рецепторлардан алынған үлкен карталы ақпарат түзіледі. Арома майлары жүйке жүйесін тыныштандыруға, профилактикалық, емдік зат ретінде , бос радикалдармен күресе алады және жасартатын әсері бар. Сонымен қатар эфир майлары күшті косметикалық қасиетке ие, оларды қолдану арқылы терінің жүмсақтығын, көлемді сау шаштарды, тырнақтың қатты және жылтыр болуына ықпал етеді.
Қорытынды. Қүрамында эфир майы бар өсімдіктердің зор маңыз алуына байланыс- ты,фармакология саласының басты мақсаты жаңа дәрілік заттарды табу екенін ескере отырып,гериатрияда қолданылуын үсынамыз.
Әдебиеттер
- 1. Проблемы введения монографий на лекарственное растительное сырье в Государственную Фармакопею Украины / А.И. Гризодуб, Г.В. Георгиевский, Т.М. Тихоненко, В.П. Георгиевский // Фармаком. - 2004. - № 4 . - С. 3-17.
- 2. Barnes J, Anderson L, Philipson JD. Shepherd's Purse. Herbal Medicines, 3rd edition, Pharmaceutical Press, London. - 2007. - P. 541-542.