Ауру және ауырсынуды жоюмәселесі замануи медицинада өзекті мәселенің бірі болып отыр. Дәрігерлер күнделікті жүмысында ауырсыну симтомдары орын алған науқастармен жиі кездесіп түрады. Дүние жүзінде күнделікті аурусынудан зардап шегетін сырқаттардың саны 3,5 млн асады, олардың 80% нан артыға анальгетикалық фармакотерапия қабылдауға өте мүқтаж[1].
Ауырсыну синдромын басу және жою үшін анальгетиктер, ҚҚСЕД, транквилизаторлар, антидепрессанты, миорелаксанттар. спазмолитиктер т.б кеңінен қолданады
Анальгетиктерді ауырсыну синдромында оңтайлы қолдануының өзекті стратегиялық мәселері бүгінгі таңда толық шешілмеген. Осы жағдайды ескере отырып әдебиеттік шолулар жасап және өзімізде жасалған деректерді пайдаланып ауырсыну синдромының анальгетикалық фармакотерапиясының негізгі үстанымдары үсыналады[2]. .
Зертеу мақсаты;Анальгетиктерді ауырсыну синдромында оңтайлы қолдануының өзекті стратегиялық мәселеріне талдау жасау.
Зерттелген топтар және зерттеу әдістері. Фармакотерапиялық кешендердің фармако- экономикалық жағдайын зерттеу үшін дәрілік заттардың бағаларын «Зерде » фирмасының қүны арқылы зерттедік. Есептеу стандарттық әдіс бойынша зерттеліп, дәрілердің,науқастардың толық бағасы мен «шығын-пайда» көрсеткіші зертелінді [3].
Зерттеу нәтижелері:Негізінен анальгетиктерды клиникалық жағдайда тиімді,оңтайлы қолдану үшін келесі үстанымдарды орындау қажет:
- . Дараланған жарасымды үстаным: Анальгетикті дәрілердің ауыртпайтын белсенділігі бір түлғалы сырқаттарға қең қүбылмалы жағдайда әсер етеді, осыған байланысты дәрілік заттардың мөлшерін, енгізу жолдарын, пішінін, сырқаттардың даралық сезімталдығына, ауырсынудың қарқындылығына және ретелген мониторингке негізінделіп қолданады.
- . «Ауырсынуды жою сатысының» үстанымы: Ауырсынудың сатылы қарқынды белсенділігіне және өршу сатысына байланысты анальгетиктерді тиімді қолдану. Көзбен көрінетін (визуальды) сәйкестендірілген ауытқу дәрежесін анықтайтын сызбанүсқа.(ВАШ :Визуально-аналогоговой шкала) арқылы ауырсынудың қарқынды дәрежесін анықтағаннан кейін, сайма- сай әсерлі анальгетиктерді қолдану
- .Дәріні дер кезінде енгізу үстанымы. Дәрілерді белсенділігі оның енгізу аралығына (уақыты) ауырсынудың ауырлық дәрежесіне және дәрінің фармакокинетикалық әсерлесу ерекшілігіне, оның дәрілік пішініне тікелей байланысты. Дәрінің мөлшері жүйелі түрде пайда болған ауырсынуды жою үшін емес, негізінен болдырмау үшін қолданады. Кенеттенген ауырсынуды басу ушін, үзақ уақыт әсерлі дәріледі қолданғанда, қосымша (қажетті жағдайда) тез әсерлі дәрімен толықтырады.
- . Дәріні талапқа сай енгізу үстанымы. Негізінен дәрілерді ауыз қуысы арқылы енгізген жөн,себебі: өте қарапайым, белсенді және енгізуде ауырсыну болмайды. Тік ішек, тері асты және күре тамырға енгізу жолдары ауыз қуысы арқылы енгізетін жолдың талапқа сай жолы болып табылады. Ет ішіне енгізу жолдарын аз қолданған дүрыс, себебі енгізу кезінде ауырсыну орын алдады (Педиатриялық тәжрибеде).
- .Анальгетикалық дәрілерді ауырсынудың түрлеріне (жарақат, күю, түйілу, ет-жүйкелік ауытқулар, және т.б) және патогенезіне (қабыну,жарақат, буын аурулары,нейропатикалық ауырсыну және т.б.) байланысты талапқа сай қолдану.
- .Нақтылайтын фармакотерапия
- .Анальгетиктердің ауырсынуды басу немесе жою уақтысының орын алуы және әсерінің үзақтыгы.
- .Қиылыстырылған фармакотерапия.
Мысалы:Спазган (қүрамында, метамизол натрия - пиразолон туындысы) ауырсызданды- ратын және ыстықтты түсіретін үзақ әсерлі қасиетті, питофенона гидрохлорид біріңғай-салалы еттерге тіке миотропты әсерлі (папаверин сияқты әсерлі), фенпивериния бромид -М-холиноли- тикалық әсерлі.Түйілгенді ауырсыну синдромында еттің, жүйкенің, буынның қабынуда қолдана- ды.
- .Анальгетикалық дәрілерді фармакоэкономикалық көрсеткіштерін негіздеу арқылы талапқа сай қолдануын негіздеу.
Әртүрлі анальгетиктерді (Метамизол, диклофенак, кеторолак, лорноксикам) жарақаттану, қанқа-бүлщық еттерінің ауруы және бүйректік шаншуымен зардап шеккен сырқаттардың жіті аурсыну синдромын ауруханаға дейін басу немесе жою үшін қолданған жағдайында фармако- экономикалық көрсеткіштерінің талдағанда дәрілердің тиімділігінің бірлік шығыны (CEA=C/Ef), метамизолда -8,4 тенгені қүраса, диклофенакта -6,35, кеторолакта -2,48, лорнокси-кам-7,68 тенгеге тең болды. Фармакоэкономикалық түрғыдан анальгетиктердің белсенділіктеріне сарапта- ма жасағанда ауырсыну синдромында ең тиімді, қауіпсіз, оңтайлы емдік дәрі-кеторолак. Бүндай мәліметтер кетоналға қатысты әдебиеттерде кездеспеді.
Әдебиеттер
- І.Буров Н.Е. Применение анальгетиков в анестезиологии и реаниматологии // РМЖ. 2005. №20. С. 1340
- 2.Орманов Н.Ж.,Орманова Л.Н. Фармакотерапия, 1-том ,2012,ЖШС «Эверо»,с190-210
- 3.Цыбин,А. К. Фармакоэкономика проблемы и пути дальнейшего развития 2000. — № 6(15). —С. 21-24.