Ауырсыну синдромы сырқаттарды ауыр күйзелістерге, мүгедектікке, өмір сапасының төмендеуіне және көлемдік экономикалық шығындарға алып келеді, осыған байланысты ауырсынуды дер езінде емдеу және реттеу бүгінгі медицинаның өзекті мәселесі. Медициналық жедел жәрдемге шағымданған аурулардың (14,5 млн) негізгі себебі ауырсыну синдромы , соның ішінде шамалы ауырсынуы 2 млн. сырқаттарда (14%), айқын ауырсынуы-2,9 млн (20%) кісілерде орын алған[1]. Ауырсыну синдромын ауыруханаға дейін ауырсыздандыру үшін дәрілерді таңдау өте күрделі мәселе. Ауырсыну синдромын басу үшін қолданатын дәрілердің белсенділігін, қауіпсіздігін, медициналық қызметкерлердің қатысуы, экономикалық шығындарды есепке алу қажет[2,3,4]..
Зертеу мақсаты; Ауырсыну синдромын басу-жеңілдету жағдайындағы диклоген мен кетоналдың фармакоэкономикалық ерекшіліктерінеталдау жасау.
Зерттеу әдістері. Зертеуге ет-сүйек-қанқа жіті ауырсынуымен зардап шегетін науқастар алынды. Ауырсынуды басу немесе жеңілтету үшін диклоген (70 мг/3,0мл) және кетонал
(100мг/2,0 мл) инъекциялық түрде қолданылды. Ауырсынудың көрсеткіштерін көзбен көрінетін (визуальды) сәйкестендірілген ауытқу дәрежесін анықтайтын сызбанүсқа (ВАШ :Визуально- аналогоговой шкала) арқылы, ауырсынудың қарқынды дәрежесін және елеулі жеңілдеу уақытын стандартты әдістермен анықтадық[ 1].
Зерттеу нәтижелері: Диклофенактты ет ішіне еккеннен кейін ауырсынудың дәрежесінің айырмашылығы 61,56±4,6 тең болды, ауырсыздандыруды жеңілдететін шкаласының деңгейі: белсенділігі болмауы-3,3 %-да, шамалы азаюы - 33,3%, төмендеуі - 30,0%, күшті азаюы - 33,3%, жоғарылауы-0% орын алды, орташа баллы 1,93±0,09 шб тең болды. Диклогеннің әсерінен ауырсынудың елеулі жеңілдеу уақыты 21,6±0,19 минуттан кейін орын алды.
Кетопрофен ет ішіне еккеннен кейін ауырсынудың дәрежесінің айырмашылығы 79,2±1,9 мм тең болды, оның ауырсыздандыруды жеңілдететін шкаласының деңгейі: белсенділігі болмауы- 0%-да, шамалы азаюы - 8,5%, төмендеуі - 22,8%, күшті азаюы - 54,2% орын алды, жоғалуы- 14,2%. Орташа баллы 2,77±0,12 шб тең болды, диклогенге қарағанда 43,5% -ға жоғарылайды. Кетоналдың әсерінен ауырсынудан елеулі жеңілдеуі 13,7±0,06 минуттан кейін орын алды, диклогенмен салыстырғанда 36,6% -ға қысқарады(кесте-1).
Фармакоэкономикалық көрсеткіші диклогеннің топта 1,06 тенгеге тең болса,кетоналдық топта-0,69 тенгені қүрайды, яғни үнемдеу деңгейі 0,37 тенгеге тең болды(кесте-2).
Зертеу барысында алынған мәліметтер, ауырсынудың белсенділігін анықтау үшін қолдан- ған әдістерге сүйене отырып ,келесі түжырымды ңақтылауға болады:Кетоналдың ауырсызданды- ру белсенділігі диклофенакка қарағанда 43,5%-ға жоғары деңгейде орын алады.елеулі жеңілдейтін уақыты 36,6%-ға қысқарады. Кеторолактың фармакоэкономикалық көрсеткіші диклогенге қарағанда 65,1% ға төмендейді.
Әдебиеттер
- .Жудро А.А.. Острая боль в хирургической практике и ее количественная оценка//Медицинские новости. — 2007. — №7. — С. 12—18.
- . Орманов Н.Ж.,Орманова Л.Н. Фармакотерапия, 1-том, Алматы ,2012, ЖШС «Эверо», с. 190-210 3.Тамкаева М.К., Коцелапова Э.Ю, Сугаипов А.А, Шамуилова М.М