Сырқаттарды метотрексатпен немесе лефлуномидпен үзақ уақыт емдеу кезінде дәрілердің жанама әсерлері әдеби деректер бойынша әр түрлі деңгейде орын алады (16%-дан 76% -ға) . Бірақ бүл жанама әсерлердің жиілігінің орын алуы организмнің ксенобиотикке сезімталдығына байланысты орын алғаны, липидтердің асқын тотығу үрдісіне байланысты[ 1].
Жұмыстың мақсаты:Метотрексаттың және лефлуномидтің жанама серпілістердің жиілігінің қүздама тәріздес артритті сырқаттарда орын алу жағдайын зертеу.
Материалдар мен зерттеу әдістері: Индометацинге адамдардың даралық сезімталдығын толық анықтау үшін алдын ала 1%-ды индометациннің суда ерітіндісі жасалынды. Зерттеуге алынған адамның қол саусағынан 0,3мл қан алынды және оның жалпы көлемі физиологиялық ерітінді қолданылып 3,0мл жеткізілді, бүл алынған көлемді тепе-теңдей екіге бөліп, бірінші бөлігіне 0,01мл 10-4м сулы индометациннің ерітіндісі, ал екінші бөлігіне - 0,01мл физиологиялық ерітінді қүйылды. Одан соң сынаққа алынған ерітінділер 30 минөтке 370С жағдайында термостатта үсталынды. Қан ерітінділердің қүрамында диенді конъюгаттың мөлшерін спектрофотометриялық әдіспен анықтадық. Индометацинді сынақтан соң организмнің индометацинге сезімталдығы келесі
өрнек арқылы анықталды[2,3].:
ДДХ .
АА ТБ
Инд C=
(1)
Мүндағы: АДҚ- диенді қоспалардың сынаққа дейінгі көрсеткішіне қарағандағы өзгеру мөлшері; ААТБ-антитотықтырғыш белсенділігінің сынаққа дейінгі көрсеткішіне қарағандағы өзгеру мөлшері;
Зерттеу нәтижелері .
Зерттеуге алынған сырқаттардың лефлуномидпен емдеу кезіндегі жанама серпілістердің жиілігінің организмге даралық сезімталдығына байланысты мәліметтер төмендегідей орын алды(Кесте-1).
Лефлуномидтіңәсерінен асқазан-ішек трактысының (АІТ) жанама симптомының жиілігі жалпы топта 8% болса, «төзімді» топта - орын алмады, «сезімтал» топта 30% және «өте сезімтал» топта - 80%-ға тең болды
Жүрек-қан тамыр жүйесінің ауытқулар симтомының жиілігі жалпы топта 8,3%-ға тең болса, «төзімді» топта- жоқ, «сезімтал» топта 7,4% және « өте сезімтал»- 73,3% тең болды.
Тыныс алу жүйесінің (ТАЖ) ауытқулары жалпы топта орын алуы 14 жағдайда орын алып, жиілігі 5,4 % тең болады. Төзімді топта - 0 %, сезімтал топта 4,4 %, өте сезімтал топта 48 % - ды қүрайды.
Лефлуномидпен емдегенде жүйке жүйесінің (ЖЖ) ауытқулар симптомының жиілігі жалпы топта 6,7%-ға тең болса, «төзімді» топта - жоқ, «сезімтал» топта 8,3% және «өте сезімтал» - 55% тең болды.
Лефлуномидпен емдегенде тері ауруларының(ТА) жиілігі жалпы топта 5,76%-ға тең болса, «төзімді» топта - жоқ, «сезімтал» топта 5,5% және «өте сезімтал» - 50% тең болды.
Лефлуномидпен емдегенде аллергиялық серпілістердің жалпы тобындағы жиілігі 5,7%, «төзімді» топта - 0 %, «сезімтал» топта 11,1 %, «өте сезімтал» тобында 40%.
Қүздама тәріздес артритпен аурған 52 сырқаттардың лефлуномидпен емдегенде жалпы топтарында дәрінің жанама әсерлері 88 жағдайда орын алып, жиілігі 7,35%-ға тең болды, ксенобиотикке «төзімді» топта лефлуномидтің жанама әсері орын алған жоқ, жиілігі- 0,00%, ксенобиотикке «сезімтал» топта жанама әсері 22 жағдайда орын алып, жиілігі- 10,6% , « өте сезімтал» топтарда дәрінің жағымсыз әсері 66 жағдайда орын алып, жиілігі -57,4%-ға тең болды (Кесте-2).
Қүздама тәріздес артритпен ауырған сырқаттардың емдеуге қолданған метотрексаттың- жанама әсерінің жиілігі организмнің ксенобиотикке сезімталдығына байланысты «төзімді» то- бында өте аз (0,06%,) «сезімтал» тобында орта есеппен 21,3% -да, «өте сезімтал» тобында орта есеппен 91,9% -да орын алады.
ЖТ |
ТТ |
СТ |
ӨСТ |
|
п-52 |
П-38 |
п-9 |
п-5 |
|
ЖК |
88/7,35 |
- |
22/10,6 |
66/57,4 |
АІТ |
27/8 |
- |
1/30 |
16/80 |
ЖҚЖ |
13/8,3 |
- |
2/7,4 |
11/73,3 |
ТАЖ |
14/5,4 |
- |
2/4,4 |
12/48 |
ЖЖ |
14/6,7 |
- |
3/8,3 |
11/55 |
ТА |
18/5,76 |
- |
3/5,5 |
15/50 |
АС |
3/5,7 |
- |
1/11,1 |
2/40 |
Кесте 1 - Қуздама тәріздес артритпен аурған сырқаттардың емдеуге қолданған лефлуномидті жанама әсерінің жиілігінің организмнің ксенобиотикке сезімталдығына байланысты жағдайы
Ескерту;ЖТ-жалпы топ,ТТ-төзімді топ,СТ-сезімтал топ,ӨСТ- өте сезімтал топ.
Кесте 2 - Құздама тәріздес артритпен аурған сырқаттардың емдеуге қолданған лефлуномидті және метотраксаттың жанама әсерінің жиілігінің организмнің ксенобиотикке сезімталды- ғына байланысты жағдайы
№ |
Көрсеткіштер жинағы |
Қүздама тәріздес артритпен аурған сырқаттар |
|||
ЖТ/п-52/ |
ТТ/п-38/ |
СТ/п-9/ |
ӨСТ/п-5/ |
||
лефлуномид |
88/7,35 |
22/10,6 |
66/57,4 |
||
метотрексат |
86/12,7 |
3/0,06 |
25/21,3 |
57/91,9 |
Ескерту: ЖТ-жалпы топ,ТТ-төзімді топ,СТ-сезімтал топ,ӨСТ- өте сезімтал топ.
Қорытынды. Қүздама тәріздес артритпен аурған сырқаттардың метотрексатпен және лефлуномидпен емдегенде жалпы топтарында дәрінің жанама әсерлерінің жиілігі 12,7% және 7,35% тең болды, ксенобиотикке «төзімді» топтарда - 0,06% және 0,0%, ксенобиотикке «сезім- тал» топтарда 21,3% және 10,6%, «өте сезімтал» топтарда жиілігі 91,9% және 57,4% тең болды. 70% орын алады. Метотраксаттың жанама әсері лефлуномидке қарағанда жалпы топта 5,35%, төзімді топта 0,06%-ға,сезімтао және өте сезімтал топтарда 10,7 және 34,5%-ға жоғары болды.
Әдебиеттер
- 1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н., Бекенова Ж.О.,Садырханова Ұ.Ж. «Қүздама тәріздес артритпен ауыратын сырқаттардың индометацинге сезімталдығына байланысты қанының хемилюминесценттік қасиеті» атты мақала Шымкент, ОҚМФА-ның «Хабаршысы» журналына №2 (71) 2015 жылы жарияланды, 125-129 беттер.
- 2. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н., Бекенова Ж.О. «Қүздама тәріздес артритті емдеу кезіндегі метотрексаттың жанама серпілістердің жиілігінің ағзаның ксенобиотикке сезімталдығына байланысты жағдайы» атты мақала Шымкент, ОҚМФА-ның «Хабаршысы» журналына №4 2015 жылы жарияланды, 5-7 беттер.
- З.Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н., Бекенова Ж.О. ж/е т.б., «Қүздама тәріздес артритті емдеу кезіндегі лефлуномидтің жанама серпілістердің жиілігінің ағзаның ксенобиотикке сезімталдығына байланысты жағдайы» атты мақала Шымкент, ОҚМФА-ның Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай үйымдастырылган «Заманауи фармация мен медицинадағы инновациялық жетістіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конферен-циясының еңбектер жинағында жарық көрді, 39-42 беттер