Қорғасын өндірісінде жүргізілген зертулер мен ғылыми әдебиетерге жүргізілген талдаулар қорғасын ацетатының әсерінен қорғасынды өндірумен айналысатын кәсіпорындарындағы жүмыскерлердің және тәжірибелік жануарлардың қанының қүрамында, соның ішінде гемопоэтикалық жүйесінің көрсеткіштерінде көптеген ауытқулар орын алатындығын көрсетті [1].
Зерттеу нәтижесі.Қорғасын ацетатының 1,0мг/кг дозасын егеу-қүйрықтарға енгізгеннен кейін тәжірибенің 10-ші тәулігінде эритроциттердің жалпы мөлшері 26,8% -ға төмендеді, эритро- циттердің қүрамындағы гемоглобиннің мөлшері 27,8%-ға азаяды, осының нәтижесінде қанның түсті көрсеткіші 28,1 %-ға төмендеді, бірақ қанның қүрамындағы ретикулоциттердің салыстыр- малы мөлшері үш есе (311%) және эритроциттерде базофильды түйіршіктері бар жасушалардың мөлшері төрт есе (442%) жоғарылады(1- кесте).
Қорғасынмен уыттанған егеуқүйрықтардың қанының қүрамына дәрілік түйе жоңышқа фитопрепаратының (ТЖФП) әсерінің нәтижесінде фитопрепаратының 25мг/кг дозасын 10 күн бойы интрагастральды енгізілген егеуқүйрықтардың қандындағы эритроциттердің мөлшері 17%-ға жоғарылады, бүл бақылау тобы көрсеткішінің салыстырғанда 85,7 %-ды қүрайды. ТЖФП-ті 50мг/кг масса дозасында 10 күн бойы уыттанған егеуқүйрықтарда қолданғанда қанның қүрамын- дағы эритроциттердің мөлшері ем алмаған топпен салыстарғанда 34%-ға жоғарылады және бақылау тобының көрсеткішіне жақындады(100% ~ 98,2%).
Эритроциттердің қүрамында болатын гемоглобиннің мөлшері қорғасын ацетатының уытты әсерінен тәжірибенің 10-ші тәулігінде 27,8%-ға төмендесе, дәрілік түйе жоңышқа фитопрепаратын 50 мг/кг дозасымен 10 күн бойы емдегендеқан эритроциттердегі гемоглобиннің мөлшері 37%-ға жоғарылады, бүл бақылау тобының көрсеткішінің 99%-н қүрайды және бақылау тобының көрсеткішіне жақындады. Алынған мәліметтер дәрілік түйе жоңышқа фитопрепаратының эритроциттердегі гемоглобиннің синтезін қуаттандыратын қасиеті бар екенін көрсетті және 50 мг/кг дозасының әсері 25мг/кг фитопрепаратқа қарағанда жоғары болатындығын көрсетті.
Қорғасын ацетатымен уыттанған егеуқүйрықтарда қанындағы эритроциттердің түсті көрсеткіші ем алмаған тобында зерттеудің 10-ші тәулігінде 27,1%-ға төмендесе, дәрілік түйе жоңышқа фитопрепаратын(ТЖФП) 25мг/кг дозасын 10 күн бойы егеуқүйрықтарға енгізгенде қандағы эритроциттердің түсті көрсеткішінің мөлшері 13%-ға жоғарылады, бүл шама бақылау тобының салыстырмалы көрсеткішінің 82%-ды қүрайды. Қорғасын ацетатымен уыттанған егеуқүйрықтарға дәрілік ТЖФП-тың 50мг/кг дозасын 10 күн бойы қолданғанда қанның қүрамындағы эритроциттердің түсті көрсеткішінің мөлшері ем алмаған топпен салыстарғанда 35,2%-ға жоғарылады және бақылау тобының көрсеткішіне жақындады. Алынған мәліметтер 50 мг/кг ТЖФП-ның эритропоэзды қуаттандыратын қасиеті бар екенін көрсетті және оның белсенділігі 25 мг/кг салыстырғанда жоғары екендігін көрсетті.
Дәрілік түйе жоңышқа фитопрепаратын 25мг/кг дозасымен 10 күн бойы емделген егеуқүйрықтардың қанындағы ретикулоциттердің мөлшері 35,7%-ға төмендеді, бірақ бүл бақылау тобының көрсеткішімен салыстырғанда екі есе жоғары (200%). 50 мг/кг дозадағы ТЖФП- ті қолданғанда қанның қүрамындағы ретикулоциттердің мөлшері ем алмаған топпен
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ ХАБАРШЫ №4(77)-2016ж.. ТОМ 3 салыстарғанда 50%-ке төмендеді, бірақ бақылау топтың көрсеткішіне қарағанда 56 % жоғары деңгейде болады.
Алынған мәліметтер ТЖФП-нің эритропоэзды қуаттандыратын қасиеті бар екенін көрсетті және ретикулоциттердің ауытқуларын қалапты жағдайға алып келуге дерменді екендігін дәлелдеді. Дәрілік түйе жоңышқа фитопрепаратының 50 мг/кг дозасының белсенділігі 25мг/кг дозасына қарағанда дәреметтілігі жоғары болды.
Дәрілік түйе жоңышқа фитопрепаратының 25 мг/кг мөлшердегі дозасымен 10 күн бойы емдегенде тәжрибелік жануарлардың қанындағы базофильды түйіршіктері бар эритроциттердің мөлшері 32%-ға төмендеді, бірақ бақылау тобының көрсеткішімен салыстырғанда бүл көрсеткіңш үш есе жоғары . Уыттанған егеуқүйрықтарға ТЖФП-тың 50мг/кг дозасын 10 күн бойы қолданғанда қанның қүрамындағы базофильды түйіршіктері бар эритроциттердің мөлшері ем алмаған топпен салыстырғанда 61,3%-ға төмендеді және бақылау тобының көрсеткішіне қарағанда 71%-ға жоғарғы деңгейде (10-кесте бойынша). Алынған мәліметтер дәрілік түйе
95
жоңышқа фитопрепаратының қорғасын ацетатымен уыттану кезінде эритропоэзды қуаттандыратын қасиеті бар екенін көрсетті және базофильды түйіршіктері бар эритроциттердің ауытқуларын қалыпты жағдайға алып келді және 50 мг/кг ТЖФП-ның белсенділігі 25мг/кг қарағанда жоғары екендігін көрсетті
Уыттанған егеуқүйрықтар қанының қүрамындағы қорғасынның мөлшері ем алмаған топқа салыстырғанда зерттеудің 10-ші тәулігінде сегіз есе жоғарлап, 848,6% қүрады. Дәрілік түйе
жоңышқа фитопрепаратының 25 мг/кг дозасымен егеуқүйрықтарды 10 күн бойы емдегенде, қанның қүрамындағы қорғасынның мөлшері 51%-ға төмендеді, бірақ бүл бақылау тобының көрсеткішімен салыстырғанда 419%-ды қүрайды, яғни төрт есе жоғарғы деңгейде. ТЖФП-тын 50мг/кг дозасын қолданғанда уыттанған егеуқүйрықтардың кан қүрамындағы қорғасынның мөлшері ем алмаған топпен салыстырғанда 63% төмендеді және бүл көрсеткіш бақылау тобына алыстырғанда екі жарым есе жоғарғы деңгейде болды.
Алынған мәліметтер ТЖФП қанның қүрамындағы қорғасынның мөлшерін төмендететін қасиеті бар екенін және бүл қүбылыста 50 мг/кг дәрілік түйе жоңышқа фитопрепаратының белсенділігі жоғары болатындығын көрсетті.
Әдебиеттер
- Шарипов К.О. Нарушение обмена липидов в печени при свинцовой интоксикации и его коррекция //Астана медициналык журналы. - 2000. - № 2. - С. 113-116.
- Орманов Н.Ж. Динамика показателей пероксидации липидов в бронхоальвеолярной жидкости под влиянием донника лекарственного при острой свинцовой интоксикации //Фармацевтический вестник Узбекистана - Ташкент-2007. №3 с.38-40.
- Орманов Н.Ж., Дайырбеков О.Д., Жумабаев У.А. Мия тамырының фитопрепараттарының қорғасынды ацетатпен уыттанған егеуқүйрықтардың бауыр жасушаларының, микросомалды тотығу үрдісіне әсері// С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Хабаршысы. Химия - биологиялық сериясы - Павлодар, 2007.-№3 ,81-85
- .Орманов Н.Ж. Жүмабаев В.А., Байзақова Б.У. Қорғасынмен уыттанудағы кеңірдек-үяшық шайындысының хемилюминесценттік қасиетіне түйе жоңышқа фитопрепараттарының әсері // Гигиена, эпидемиология және иммунобиология, -Алматы, 2007. -№3. -- б.41-43.