Бүгінгі таңда денсаулық сақтаудың ең бір өзекті мәселелеріне дәрілік заттарды тиімді, оңтайлы фармакотерапиялық кешендерді қолданып, сырқатарға ең қолайлы емдік шараларды енгізіп, олардың емдік қасиеттерін жоғарғы деңгейге көтеріп, ем сапасын жақсартып, дәрілердің жанама әсерлерін алдын-алу шараларын енгізу және болдырмау бүгінгі таңдағы медицинананың негізгі міндеттердің бірі болып келеді.
Материалдар мен зерттеу әдістері: Қүрсақ ішіндегі қабынудың емдік әдістерге
байланысты науқастардың бөлінуі 1-кестеде көрсетілген. Жүмыстың міндеттеріне сәйкес 10 дені сау адам және қүрсақ ішіндегі қабынупен ауыратын 80 науқас зерттеуге алынды.Олар фармакотерапиялық кешендермен емдеуге байланысты төрт топқа бөлінді. 1-топтағы сырқаттар: Фтк 1: метрогил(100мл), гентамицин(80мг) 2-топ: Фтк-2:метрогил (100мл), цефамизин (1.0мг),3- топ Фтк-3: метрогил (100мл) цефамизин (1.0мг), иммуномодулин (1мл), 4-топ Фтк-4: метрогил (100мл), гентамицин (80мг) және иммуномодулин (1мл), дәрілерін нүсқау бойынша күніне бір рет қабылдады.Емдеу - бақылау мерзімі 10 күн.Фармакотерапиялық кешендердің фармакоэкономи- калық мәнін анықтау үшін, емнің толық қүнын, тиімділігін және «шығын-пайда» көрсеткіштерін есептеу үшін сырқаттардың қаныдағы АТЖ/ЛАТ көрсеткішін Н.Ж.Орманов әдісімен аңықтадық [1]. Бүл зерттеулер емге дейін және емнен кейін қолданылды.
Зертеу нәтижелері. Сальпингоофоритті науқастардың «шығын-пайда» көрсеткішінің ЛАТ- АТЖ интегральды көрсеткішіне және науқастың толық қүнына байланысты фармакотерапиялық кешендердің әсерінен өзгеруі кестеде көрсетілген.
Он күндік бақылау уақытында фармакотерапиялық кешендердің әсерінен бірінші топтағы сырқаттардың ЛАТ-АТЖ интегральды көрсеткішіне антибиотикотерапияның әсерінен меншікті тиімділігі 30,7%-ға тең болады, екінші, үшінші және төртінші топтардағы меншікті тиімділігі 40%, 60,7% және 58%-ға тең болады. Антибиотикотерапияны иммуномодиулинмен қиылыстырып қолданғанда ЛАТ-АТЖ интегральды көрсеткіші салыстырмалы сәйкес топтарына қарағанда 88,9 %-ға және 51,7%-ға сәйкес төмендеді.
Бірінші емдік топта «шығын-пайдалы» көрсеткішін ЛАТ-АТЖ интегральды көрсеткішіне,емдік тиімділігі және сырқаттың толық қүны арқылы анықтағанда 2735,9 тенгеге тең болады, ал 2-ші, 3-ші және 4-ші емдік топтарда 2202,9 тенге,1377,8 тенге және 1629,9 тенгені қүрады, яғни бірінші емдік топтың көрсеткішін 100 %-ға тең деп есептегенде 2-ші, 3-ші және 4-ші емдік топтардың көрсеткіштері 22,5 %-ға ,49,6%-ға және 42,2%-ға төмендейді(кесте).
Кесте - Қүрсақ ішіндегі қабыну үрдісі (сальпингоофоритті) орын алған науқастардың «шығын - пайда» көрсеткішінің ЛАТ-АТЖ интегральды көрсеткішіне және сыркаттың толық қүнына байланысты жағдайы
Топтар |
«тиімді» мәні ( шб) |
Меншікті тиімділігі % |
Аурудың толық қүны (тенге) |
«шығын-пайда» коэффициенті(тенгемен) |
ФТК-1 n = 30 |
1. 2,6±0,13 2. 1,80±0,08 |
30,7 |
83993,7 |
2735,9 |
ФТК-2 n = 30 |
1. 2,6±0,13 2. 1,6±0,08 |
38,5 |
84811,9 |
2202,9 |
ФТК-3 n = 30 |
1. 2,6±0,13 2. 1,02±0,06 |
60,7 |
83632,2 |
1377,8 |
ФТК-4 |
1. 2,6±0,13 2.1,3±0,08 |
50 |
81499,8 |
1629,9 |
Ескерту; 1-емге дейінгі көрсеткіші.2- емнен кейінгі көрсеткіші
Меншікті тиімділік көрсеткіштері иммуномодулинді топтарда сәйкес антибиотикті топтарға қарағанда 62,8 %-ға және 97,7 %-ға өседі, ал оның «шығын-пайдалы» көрсеткішітерін аурудың толық қүны арқылы анықтағанда иммуномодулинді топтарда сәйкес антибиотикті топтарға қарағанда 41,2 % ға және 40,5 % ға төмендейді.
Қорытынды.Алынған мәліметтер ФТК -3 және ФТК-4 (антибиотиктер және иммуномоду- лин) емдік әсерінің «шығын-пайда» көрсеткіштері сәйкес антибактериалды топтармен салыстырғанда төмендейді және ең кіші көрсеткіші үшінші емдік (метрогил, цефамизин және иммуномодуллин) топта орын алды, яғни бір науқасты толық емдеуге кететін шығынның ең кіші мөлшері төртінші топта орын алып (1377,8 т.) 1-ші, 2-ші және 3-ші топтарға қарағанда үнемделінген шығынның мөлшері 1372,2 тенгеге, 756,6 тенгеге және 41,1 тенгеге тең болды.
Әдебиеттер
1. Орманов Н.Ж., Адильбекова Д.А., Жумабаев У.А. Созылмалы фос-фор қосылыстарымен уыттанған науқастардың қанындағы липидтердің еркін радикалдары асқын тотығының үрдістері мен антитотықтырғыш жүйесінің интегралды коэффициентін анықтау және олардың ксенобиотикке сезім-талдығына байланысты жағдайы// Инф.лист №34-06.-Шымкент, 2006. 6 с. /