Кіріспе. Қазіргі заманғы ғаламдық экологиялық мәселелер адам денсаулығына елеулі қатер төндіретіні белгілі. Солардың арасында ағзаға оттегі тапшылығына ықпал ететін себепкерлер бар.[1]. Медицинаның өзекті міндеттерінің бірі-гипоксия дамуы тетіктерін зерттеу, осы бүзушылықтарды түзету мақсатында ағза тіршілік әрекетінің өзгеру патогенезін типтік патологиялық үдеріс жағдайында дамыту.
Зерттеу мақсаты. Біздің зерттеу мақсатымыз осы типтік патологиялық үдерістің дамуындағы тыныс алу функциясының бүзылуы және гемиялық гипоксия тәжірибелік моделін алу болып табылады.
Материалдар мен әдістер. Тәжірибе жасауға керектісі: Вистар түқымды егеу қүйрық (180гр), тақтайша,кимограф,натрий ритрит ерітіндісі(КаЫО2).
Нәтижелері және талқылаулар. Егеутқүйрықты ішімен жоғары тақтайшаға байлау. Тынысын зерттеу үшін, төменгі жақ терісіне рычагты қостық.Кимограф барабанында бастапқы тынысын жаздық. Содан кейін гемоглобин[2] өзгерісін туғызатын 1-1,5 мл 20%-тік натрий нитрит ерітіндісін (NaNO2) қарын ішіне енгіздік. Кимограф таспасында болып жатқан тыныс алу өзгерісін байқап, тіркедік. Атап айтқанда,тыныс алу тереңдігі,жиілігі және ырғағы (тыныс алу қозғалысы 85-тен 125-ке дейін). Бастапқы тынысы мен патологиялық тынысы тіркелген таспаны кесіп,протокол кітапшасына жапсырдық. Егеу қүйрық өлгеннен кейін,ішін кесіп, қан тамшыларына сүзгі қағазын қолдандық. Қан түсі қара-шоколадты болды.
Қорытынды. Зерттеу кезіндегі қорытынды шешімі:
1. Натрий нитриті (NaNO2) күшті қышқыл бола түра,эритроцитте Екі валентті темірді (Fe2+) Үш валентті темірге(Ғе3+) айналдырады және гемоглобиннің патологиялық түрі- метгемоглобиннің қалыптасуына ықпал етеді. Қанда метгемоглобин болуына тән белгісі -қан түсінің өзгеруі болып табылады: ал қызыл қаннан қара-шоколад туске ауысады. Метгемогло- биннің оттегі молекуласын үлпаға бере алмауы (O2) гемиялық гипоксия патогенезінде шешуші рөл атқарады.
2.Тыныс алу тереңдігінің, жиілігінің, ырғағының үлгаюы ағзаныңішін арақысымының (pO2) азаюымен гемиялық гипоксия дамуындағы ағзаның жедел компенсаторлы реакциялары-мен байланысты.
Әдебиеттер
- 1. Ажипа Я.И., Реутов В.П., Каюшин Л.П. Нитраттар мен нитриттермен қоршаған ортаны ластау проблемаларының экологиялық және медицина -биологиялық аспектілері// Адам физиологиясы. 1990. Т. 16. № 3. С. 131150. [1]
- 2. Малкова Я.Г.,Кальченко Г.П.Эксперименттік фармакологияда гипоксияның түрлі үлгілерін пайдалану. // Жас ғалым. — 2010. — №3. — С. 318-319.[2]