Кіріспе. Каспий теңізінің экологиялық ахуалы, ондағы мүнай мен газдың өндірілуі және өңделу көлемінің үлғаюы - Каспий тағдырын толғандырар өзекті экологиялық мәселеге айналуда. Каспий теңізінде мүнай және газ өндіру 150 жылдан бері жүргізіліп келе жатыр. Мамандардың жобалауы бойынша, өндірілетін мүнайдың жалпы қоры - 200 млрд. баррель көлемінде. Ең ірі көмірсутегі шикізатының қоры Қазақстан шельфінде орналасқан. Сондықтан, Каспий мүнайын игеру жоғары қарқынмен жүргізіліп, үзақ жылдарға жоспарлануда.
Зерттеу мақсаты. Каспий экологиясына кері әсер етуші факторларды талдап, оның биоресурастарының жойылуына ықпал ететін үдерістерді саралау, Каспий өңірінің экологиялық ахуалы мен халық тіршілігінің өзара байланысын айқындау.
Материалдар және әдістір. Салыстырмалы әдіс, статистикалық мәліметтерді жинақтау.
Нәтижелер мен талқылаулар. Каспий аймағының ластануы үңғымалардың суға кетуінен, мүнайды байқаусызда суға төгуден орын алуда. Теңіздің экологиялық жағдайы, оның маңындағы мемлекеттерге де бірқатар мәселелер туғызуда:
- біріншіден, су деңгейінің көтерілуі жағалаудағы табиғи жайылымдардың көлемін тарылтып, қүстар мен жануарлардың мекенін басып қалды. Суға тосқауыл үшін соғылған бөгеттер аймақтың фаунасы мен флорасына зор шығын келтіруде. Балықтардың уылдырық шашу аясы мен қүстардың үя салу тығыздығы кеміп, биоалуантүрліліктің азайып кетуі орын алуда.
- екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі түрлі экологиялық апатқа алып келеді. Судың мүнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан бастап күшейе түсті. Су қүрамында пестицид және ауыр металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балықтар, теңіз мысығы, қүстардың жаппай ауруларға үшырап, қырылып қалу фактілерін көбейтті. Қазіргі таңда бекіре балықтарын аулау 40 % азайды.
- үшіншіден, су деңгейінің жоғарылауы теңіз жағалауындағы мүнай үңғымаларына, қоймаларына, оны өңдейтін өнеркәсіп орындарына, балық комбинаттарына ауқымды шығын келтірді.
- төртіншіден, мүнайды игеруге шетелдік инвесторларды тарту Каспий теңізінің экологиясын одан әрі шиеленістіре түсуде. Мүнай өнімдерімен бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтті. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік үдерістерді жылдамдатып, аумақтың шөлге айналуына себепші болуда. [1]
Мүнай өнімдері қалдықтарының теңіз суына төгілуі көптеген теңіз жануарларына әсерін тигізеді. Мысалы, өндіріс жүмыстары қайраңдардан жүргізілгенде көксерке санының азаюымен бірге оның ресурстық мәні де жоғалады. Соның ішінде оның бір ғана түрі емес, мекен ету ортасы түгелдей жойылады. Ихтиологтардың айтуынша, Каспий теңізіндегі бекіре түқымдас балықтардың жойылып кету қаупі бар. Соңғы деректер бойынша, Каспийдің қазақстандық бөлігіндегі биоресурстардың жалпы қүны 500 млрд.долларға бағаланған. Егер де теңіз тіршілігі жойылатын болса, халықаралық сот жыл сайын сондай мөлшердегі айыппүлды біздің елге салып отыратыны айқын. Бүл әлеуметтік-экономикалық жағдайға, халық тіршілігіне әсер етеді. [2]
Соңғы жылдары теңізден мүнай өндіру қарқын алуда. Қазақстанға келген шетелдік компаниялар қазір теңізге мүнай соратын қондырғыларды орнатып жатыр. Осы жүмыс іске асқан соң оның теңіз табиғатына тигізер әсері көңіл аударарлық мәселе болып табылады. Елімізде 2020 жылға дейін көмірсутегін өндіруді 150 миллионға жеткізетін болсақ, оның жартысы Каспий теңізіндегі Қашаған кен орнынан алынбақ. [3]
Осы мақсатты жүзеге асыру барысында қүрылған Солтүстік Каспий жобасы - қазақ мүнай-газ тарихындағы ерекше оқиға. Бүл су айдынының төсінен «қара алтын» алуға бағытталған ірі жоба екені мәлім. Алайда осы жобаны іске асыру дүниежүзілік маңызы бар Каспий теңізі су айдынының экологилық ахуалына қаншалықты қауіп төндіретіні көпшілікті алаңдатуда. Алаңдауға себеп те жоқ емес.
Аталған жобаны іске асыру кезінде бірнеше рет тосын жай орын алған. Ауаға қышқыл газ шығарылған. Үңғыманы сынау кезінде атқылаған алау салдарынан жүздеген қүстың қанаты отқа оранған. Итбалықтардың жаппай таралған жүмбақ өлімі де бар. Ірі апаттар орын алмаса да, осындай оқыс оқиғалар мен шағын жайларға көңіл аударып, қателіктен сабақ алмау - орны толмас, қайтымсыз өзгерістерге әкелуі ықтимал. Үлкен оқиға шағын әрекеттерден бастау алары анық. [4]
Каспий экологиясының мүнаймен ластануы өршіп түр. Сонымен қатар түрмыстық қалдықтар 132 өзен ағысы арқылы теңізге келіп қосылады. Қазіргі уақытта түгелдей дерлік Каспий теңізіне қүятын өзендер сағасы мүнай қалдықтарымен бүлінген. Каспийде мүнай өндіру ісі ашылғаннан бері теңізге 2,5 млн. тонна мүнай төгілген. 1969 жылдың өзінде 47 мың тоннадан астам мүнаймен ластанған екен. [2]
Қорытынды. Каспий тағдыры мен халық тағдыры - бір-бірімен біте қайнасқан қос үғым. Болашақта экологиялық апатты болдырмау, мүнай-газ кәсіпорындарына қатаң экологиялық талаптар қою халықтың экологиялық және әлеуметтік-экономикалық түрақты дамуының басты кепілі болып табылады.
Каспий асты мүнайын игеру, оны ел игілігіне айналдыруда табиғатқа баса назар аударғанымыз жөн. Егер де ластануларға тосқауыл қойылмаса, Каспий болашағын ойлаудың өзі үлкен үрей туғызады. Сондықтан, теңіз экожүйесінде туындап отырған мәселелерді саралау және баға беру, экологиялық мәселелерін шешудің ең тиімді жолдарын қарастыру ерекше маңызға ие.
Әдебиеттер
- Қуатбаев А.Т. Жалпы экология: Оқулық. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2012, 252 б.
- «Атырау» газеті, №41. 25 мамыр, 2016ж, 12 б.
- www.egemen.kz/2010/?p=6433
- www.baq.kz/kk/news/regmedia/regmedia-65674