Кіріспе. Алғаш рет қоршаған ортаға химиялық элементтердің түсуі мен таралуы, және олардың тірі ағзаларға зиянды әсерін жүйелі түрде зерттеу өзекті мәселелер қатарынан орын алды.
Қазіргі кездегі дүние жүзі ғалымдарының басты мәселелердің бірі-пестицидтерден кейін ауыр металдардың тірі ағзаларға әсерін әлсірету болып табылады. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы тек табиғи жағдайда ғана емес, сонымен қатар антропогенді жолмен де қарқынды түрде жүзеге асуда. Олардың қатарына өндіріс қалдықтары, тау-кен өндірісі, транспорт, түсті және қара металл өндіру, қүрамында ауыр металдар кездесетін тыңайтқыштарды ретсіз пайдалану, жылу-электр орталықтары (ЖЭО) немесе жалпы урбанизацияны жатқызуға болады. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы тек табиғи жағдайда ғана емес, сонымен қатар антропогенді жолмен де таралуда. Олардың қатарына өндіріс қалдықтары, тау-кен өндірісі, транспорт, түсті және қара металл өндіру, жалпы урбанизацияны жатқызуға болады. Осыған байланысты эколог мамандардың алдына қойып отырған бірінші мәселе - ауыр металдардың қоршаған ортадағы жалпы және белсенді мөлшерін анықтау. Екінші мәселе, табиғи объектілердің ластану деңгейін болжау мақсатында ластаушы заттардың таралуына қарапайым және айтарлықтай сенімді моделдерін жасау. Үшінші кезекте, ластанудың келеңсіз әсерлеріне жол бермеу мақсатында ауыр металдарды ғылыми негізделген түрде залалсыздандыру және нормалау түр. Қоршаған ортаны ауыр металл ионынан тазарту және оны сақтау, кезек күттірмейтін өзекті мәселе болып саналады. Ластанған қоршаған ортаны қайта қалпына келтіру жолдарының физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері белгілі. Солардың ішінде ең тиімдісі, биологиялық әдіс. Әсіресе, ластанған ортаны өсімдіктер көмегімен қайта қалпына келтіру жолдарын жасау соңғы жылдары аса қарқынды дамуда[1].
Жүргізілген зерттеулер өсімдіктерге әсер ететін ауыр металдардың мөлшерін анықтауға, өсімдік қауымдастарын қорғау шараларын үйымдастыруға мүмкіндік береді
Зерттеу мақсаты. Өсімдіктердің өсуі мен дамуына ауыр металдардың әсерін экологиялық бағалау
Материалдар және әдістер. Далалық, химиялық-зертханалық бақылаулар.
Нәтижелер және талқылаулар. Металға төзімді өсімдік тамыры мен топырақ ерітіндісі арасында олардың жылжымалы формасы төмендейді және концентрация градиенті жоғарылай отырып өсімдікке сіңірілуі артады. Ауыр металдардың тамырда шоғырлану механизмі өсімдіктер арасында ауыр металға төзімсіздермен салыстырғанда төзімділерде байқалады. Көптеген зерттеушілердің мәліметтері бойынша көбінесе өсімдіктерде тамырдың өсуі тоқтатылып, тамыр түктері мен биомассасы азаяды. Ауыр металдар әсерінен ең бірінші меристима аймағы, одан соң созылу және тамыр түктерінің түзілу процесі жүретін өсу
аймақтары бүзылады. Қоректік заттардың тамыр арқылы сіңірілуін төмендетеді[4]. Жер үсті бөлігінің өсуі тежелгенде ассимиляциялаушы мүшелердің дамуы бүзылады, қүрғақ биомассаның жинақталуы нашарлайды, бүл және де өсімдіктің өсу қабілетінің әлсіреуіне әкеледі[7]. Панин М. С. (2000 ж.) мәліметтері бойынша Cu мен Mn элементтерінің өсімдіктер мүшелерінде таралу реті мынандай: жапырақ > гүл > тамыр > сабақ, ал мырыш, кобальт, молибден элементтерінікі болса: жапырақ > гүл > сабақ > тамыр[6] .
Қорытынды. Мыс пен кадмий иондары өсімдіктердің өсімі мен биомасса жинақтауын айтарлықтай тежеген. Көп дәрежеде өсімдіктің жер үсті мүшелерімен салыстырғанда тамырларының өсу процестері тежелген. Әртүрлі сорттардың төзімділігіндегі айырмашылықтар, ауыр металдарға олардың сорттық ерекшеліктерімен және генетикалық негізіне байланыстылығын көрсетеді. Өсімдіктердің жер үсті мүшелеріне келіп түскен ауыр металдар, органикалық қышқылдармен байланысуы нәтижесінде өсімдіктерге тым күшті токсикалық әсер көрсетпей, жалпы метаболизмнен шыға алады.
Әдебиеттер
- Добров О. П. Техногенез-мощная геохимическая сила биосферы // Природа.- 1987.- №11- С. 87-92.
- Овчаренко М. М. Тяжелые металы в системе почва-растение-удоврение // Химия в сельском хозяйстве.- 1995 г. - С. 4.
- Состояние окружающей природной среды Новосибирской облости 1997 г. Новосибирск, 1998.- 158. с.
- Алексеева Ю. В. Тяжелые металлы в почвах и растениях // Л.: Агропромиздат, 1987.- 141 с. 5. Дж. Уэст. Физиология дыхания // Основы. М.: Мир, 1988.- 200 с.
- Панин М. С. Влияние техногенных факторов и агрохимической деятельности человека на содержание и миграцию тяжелых металлов в системе «почва-растение» // Состояние и рац- ое испол-е почв Респуб. Каз. // Сб. мат-лов. научн. тех. Конф.- Алматы, 1998.- С. 76-79.
- Панин М. С. Формы соединений тяжелых металлов в почвах средной полосы Восточного Казахстана // Издательство «Государственный университет Семей» Семипалатинск, 1999.329 с.