Биосфера мен адамның тіршілігі әр уақытта суды пайдалануға негізделген. Адамзат үнемі гидросфераға көптеген қысым көрсетіп, суды көптеп пайдалануға үмтылған.
Ағызынды су дегеніміз - түрмыстық, өнеркәсіп және тағы басқа қажеттерге пайдаланып, әртүрлі қоспалармен ластанып өзінің алғашқы химиялық қүрамы мен физикалық қасиеттерін өзгерткен суларды және елді мекендер мен өнеркәсіпорындарының көлемінде пайда болған жаңбыр суы мен көшелерде жуған сулар[1].
Су қоймаларға олар өндіріс орындарынан және түрғындар пунктінен сарқынды сулардың тасталуы нәтижесінде түседі. Ағызынды сулардың тасталуы нәтижесінде судың физикалық қасиеті өзгереді (температура көтеріледі, мөлдірлігі төмендейді, бояу, дәм, иіс пайда болады), беттік суларда жүзіп жүретін заттар пайда болады, ал түбінде түнба түзіледі, сондай - ақ судың химиялық қүрамы өзгереді (органикалық және бейорганикалық заттар қүрамы жоғарылайды, улы заттар пайда болады, оттегі қүрамы азаяды, ортаның белсенді реакциясы өзгереді және т.б.), бактерияның сандық және сапалық қүрамы өзгереді, ауру тудырғыш бактериялыр пайда болады[2].
Мақсаты. Ақтөбе қаласындағы ағызынды сулардың экологиялық жағдайына бақылау жүргізу.
Материалдар және әдістер. Органолептикалық зерттеулер, химиялық-зертханалық бақылаулар.
Нәтижелер және талқылаулар. Ағызынды су әртүрлі микроорганизмдердің, соның ішінде инфекциялық ауруларды қоздыратын және тарататын патогенді микроорганизмдердің өсіп - өнуіне қолайлы орта. Қоршаған ортаны ластай отырып, ағызынды су адамның әртүрлі аурулармен эпидемияларының пайда болуына жағдай жасайды. Сонымен қатар ағызынды судың қүрамында тірі организмдерді уландыратын және өсімдіктерді жойып жіберетін улы заттар болуы мүмкін. Сондықтан да ағызынды суды елді мекендерден, қалалар мен өнеркәсіп орындарынан алып кетуі керек. Оларды суатқа жіберу алдында тазалау қажет. Олай істемеген жағдайда жер үсті және жер асты су көздері ластанады, оларды сумен жабдықтау жүйесіне беріп, түрмыстық - шаруашылық мақсатта пайдалануға болмайды[3].
Ағызынды су қүрамындағы ауыр металдар улылығы жөнінен ластағыштардың арасында бірінші орын алады. Ауыр металдар биодеградацияға үшырамайды, экожүйелердің әртүрлі компоненттерінде біртіндеп жинақталып биоциклге қатысады.
Зерттелген нысан - Ақтөбе қаласындағы «Көлік жуу» автотранспорттарды жуу мекемесі.
Тәжірибеге қажетті су сынамасын сынама алу және суды анализге дайындау әдісі бойынша алынды. Осы алынған ағызынды су сынамаларынан қорғасын иондарын анықтау калий дихроматымен сандық анықтау және натрий родизонатымен сапалық анықтау әдістері бойынша жүргізілді[4].
Ағызынды су қүрамдағы ауыр металдарды анықтау нәтижелері келесідей:
1. Қорғасын натрий родизонатымен сапалық анықталды. Фильтр қағазына бірнеше тамшы зерттелетін ерітінді тамызып, оған 1 тамшы 0,2% натрий родизонатын қосқанда қағаз бетінде көк дақ түзілді. Оған 1 тамшы буферлі ерітінді қосқанда көк түс қызыл түске айналды. Бүл су қүрамында қорғасынның бар екенін көрсетеді. Оның мөлшерін әрі қарай сандық анықтау арқылы анықталды.
2. Анықтау көрсеткіштері мынадай болды: «Көлік жуу» автотранспорттарды жуу мекемесінің жол жиегінен алынған суда- 0,1 мг/л; «Көлік жуу» автотранспорттарды жуу мекемесінін жол жиегінен 2 м қашықтықтан алынған суда- 0,06 мг/л; «Көлік жуу» автотранспорттарды жуу мекемесінін жол жиегінен 5 м қашықтықтан алынған суда - 0,02 мг/л.
Қорытынды. Су көздерін сақтау үшін оны қорғаудың шараларын алдын-ала үйымдастырып, тіршілік етудің үнемді және тиімді жолдарына көшудің бағдарламасын жасау және т. б. жүмыс түрлерін жүргізу керек.
Су ресурстарын тиімді пайдалану, қорғау және олардың жойылуын азайту бойынша іс- шаралар қолдану қажет. Елді мекендерде ағызынды суларды тазарту жөнінде, сонымен қатар су қүбыры жүйесі мен жауындық канализациясын қайта өңдеу бойынша мәселелерді шешу қажет.
Әдебиеттер
- Алферова А.А., Нечаева А.П. «Замкнутые системы водного хозяйства промышленных предприятий, комплексов и районов» Москва: Стройиздат, 1987г. 23-58б.
- Беспамятнов Г.П., Кротов Ю.А. «Предельно допустимые концентрации химических веществ в окружающей среде» Ленинград: Химия,1987г. 45-96б.
- Жуков А.И., Монгайт И.Л., Родзиллер И.Д. Методы очистки производственных сточных вод.- М.: Химия, 1996.255-345с.
- Зигель Х., Зигель А., Некоторые вопросы токчисности ионов металлов,- Москва: Мир,1997г. 205- 285б.
- Мырзахметов М. «Ластанған суды әкету және тазалау» А.: ҚазМСКА 1996ж , 5-79 б
- «Охрана производственных сточных вод и утилизация осадков» Под редакцией Соколова В.Н. - Москва: Стройиздат, 1992г. 98-125б.
- Рубин А.. Химия промышленных сточных вод. перевод с английского Расторгуев А.В., Субботина В.А, - Москва: Химия, 1983г. 152-231б.