Топырақ жамылғысы Жер биосферасының маңызды компоненті болып табылады, сонымен бірге әртүрлі ластануларды биологиялық сіңіруші, ыдыратушы және бейтараптаушы қызметін атқарады. Егер бұл тізбек ауқымды кеңістікте бұзылатын немесе жойылатын болса, онда биосфераның қызметі қайтымсыз бұзылады. Топырақтың тек қана миграциалық орта болып табылатын су және атмосфералық ауадан айырмашылығы, техногенді ластанудың ең объективті және тұрақты индикаторы болып табылады. Ол ластанған заттардың эмиссиясын және олардың топырақ компоненттерінде нақты таралуын айқын бейнелейді.
Ең қауіпті экотоксинканттарға алдымен ауыр металдарды жатқызамыз, олардың қоршаған ортадағы айналымының ерекшелігі тұрақтылығымен, биологиялық қолжетімділігімен және өте аз концентрацияда жағымсыз әсер ету мүмкіндігімен анықталады[1]. Қаладағы ауыр металдардың негізгі көздері: транспортты-жол кешені, өндірістік мекемелер, өңделмеген өндірістік және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтар болып табылады.
Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану мәселесінің өзектілігі олардың адам ағзасына әсер етуінің кең спектрлілігімен түсіндіріледі. Токсикалық, аллергиялық, канцерогендік, гонадотроптық әсер көрсете отыра ауыр металдар ағзаның барлық жүйесіне әсер етеді .
Көптеген ауыр металдар тек белгілі бір мүшелер мен тіндерде жинақталып, олардың құрылымы мен қызметін бұзады[2].
Зерттеу мақсаты. Ақтөбе қаласы топырағының ауыр металдармен ластану дәрежесін анықтау. Топырақтағы ауыр металдар құрамын анықтау; алынған мәліметтер бойынша сараптама жүргізу.
Материалдар менәдістер. Қала және оның аумағының 29 нүктесінен топырақ сынамасын алу «Охрана природы. Почвы. Методы отбора и подготовки проб для химического, бактериологического, гельминтологического анализа» МСТ 17.4.4.02-84 сәйкес 0-20 см тереңдікте конверт әдісімен, ауыр металдардың (хром, мыс, никель, кобальт, қорғасын, цинк) топырақтағы құрамын зерттеу атомды-абсорбционды спектрометрия әдісімен жүргізілді.
Нәтижелер мен талқылаулар. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша, топырақта элементтердің орташа көрсеткіші келесі қатар бойынша төмендейді: Cr >Cu >Ni> Pb > Zn> Co.
Хром және мыс алынған нүктелердің барлығында анықталған, неғұрлым қарқынды ластану қаланың солтүстік бөлігінде өнеркәсіптік аймағына тікелей жақын аумақта анықталды.
Никель - сынамалардың 86,2% анықталған. Мырыш бойынша қанағаттанарлықсыз сынамалар - 17,2% құрады. Қорғасын және кобальттың жоғарғы көрсеткіштері ластану көздерінен шалғайдағы нүктелерде анықталды.
Химиялық элементтердің зерттелетін топырақ үлгілеріндегі ауытқулары, әлбетте, тұрғын және өндірістік массивтер тыныс-тіршілігімен байланысты микроклиматтық инверсиондық және басқа да үрдістерден болуы мүмкін
Қорытынды.
- ауыр металдардың суға және атмосфераға тастандыларын нақты және шапшаң бақылауды ұйымдастыру;
- қала топырағының ауыр металл тұздарымен ластануына тұрақгы бақылау жүргізуді енгізу;
- ауыр металдардың шығу көзінен адамға дейінгі миграциялық тізбегін бақылау.
Әдебиеттер
- Мамырбаев А.А. Токсикология хрома и его соединений, монография, - Актобе, 2012 , - 284 с.
- Хоружий Н. А. Загрязнение почв тяжелыми металлами на территории Моздокского района Республики Северная Осетия // Вестник ВГТУ. 2010. №2
- Авцын А.П. Микроэлементозы человека / А.П. Авцын, А.А. Жаворонков, М.А. Риш, Л.С. Строчкова // - М.: Медицина. 1991. - 496 С.
- Ильин В.Б. Тяжёлые металлы в системе почва-растение. Новосибирск: Наука, 1991.