Жсд науқастарындағы ауру белсенділігіне тәуелді гормоналды фон

Түйін

Берілген мақалада автормен жүйелі склеродермиямен ауыратын әйелдердің гормоналды фонының ерекшеліктері талқыланды. Заманауи концепцияларға сай, аутоиммунды реакциялар модуляциясындағы негізгі патогенетикалық факторлардың бірі эндокринді жүйе болып табылады. Жүйелі склеродермиямен науқас әйелдердің ауру белсенділігіне тәуелді гормоналы фонын зерттеу барысында репродуктивті функцияның айқын төмендеуі байқалды.

Кілт сөздер: жүйелі склеродермия, гормоналды фон, репродуктивті функция, лютеиндеуші гормон, прогестерон, эстрадиол.

Кіріспе. Соңғы жылдарда жыныс гормондары ағзаның иммунды жауабына әсер етуімен қатар, аутоиммунды үрдістер (жүйелі склеродермия) дамуын модуляциялауы мүмкін екендігі белгілі болды [1,6]. Андрогендер иммунды жауапты басатыны, ал эстрогендер стимуляциялайтыны жөнінде тәжірибелік және клиникалық дәлелдер бар [5]. Сондай-ақ, жыныс гормондары кейбір ревматикалық аурулардың белсенділігінің жоғарылауында және дамуында маңызды рөл ойнайды [2,3,4].

Мақсаты: Жүйелі склеродермиямен науқас әйелдерде ауру белсенділігіне тәуелді гормональды фонды анықтау.

Материалдар мен әдістер. Зерттеу барысында жүйелі склеродермиямен (ЖСД) науқас 18-40 жас аралығындағы 44 науқас әйел бақыланды. Ауру белсенділігіне байланысты науқастар 3 топқа бөлінді: бірінші топ (І дәреже- минимальды)-16 (31%), екінші топ (ІІ дәреже - төмен)- 25 (48%), үшінші топ (ІІІ дәреже- жоғары)-11 (21 %).Барлық науқастардың гормональды фоны иммуноферментті әдіс бойынша анықталды - лютеиндеуші гормон (ЛГ), фолликула стимулдеуші гормон (ФСГ), пролактин (ПРЛ), прогестерон (Пг), эстрадиол (Е2), тестостерон (Т). Аталған гормондар менструалды цикл фазасына тәуелді тапсырылды.

Нәтижелер мен талқылаулар. Жоғары дәрежелі белсенділігі бар ІІІ топ ЖСД науқастарында ПРЛ деңгейі минимальды (р<0,01) және төмен (р<0,05) дәрежелі белсенділігі бар белесенділігі бар бірінші топ науқастарымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болды. Ал үшінші топта Пг деңгейі бірінші (р<0,05) және екінші (р<0,05) дәрежелі белсенділігі бар ЖСД науқастарымен салыстырғанда айтарлықтай төмен болды.

Корреляциялық талдау жүргізу барысында ЖСД белсенділігінің дәрежесі ПРЛ (r=0,37, t=3,8, p<0,0001) деңгейімен оң байланыста болды, ал Пг (r= -0,25, t=-2,46, p<0,01) және ЛГ (r= -0,22, t=- 2,2, p<0,02) деңгейлерімен кері байланыста болды.

Қорытынды. Осылайша, ЖСД белсенділігін сапалық және сандық бағалау гиперпролактинемия, Пг деңгейінің төмендеуі және аз дәрежеде ЛГ деңгейінің төмендеуінің аурудың жоғары дәрежедегі белсенділігімен ассоциациясын анықтады. У женщин с ССД отмечается достоверное снижение репродуктивной функции.

Әдебиеттер

  1. Lahita R.G. Gender and age in lupus. In:Lahita R.G. (ed.). Systemic lupus erythematosus,ed. 3. San Diego, Academic Press,1999; p. 129—44.
  2. Lahita R.G. Sex hormones and systemic lupus erythematosus. Rheum Dis Clin North Am 2000;26(4):951—68.
  3. McMurray R.W., May W. Sex hormones and systemic lupus erythematosus. Arthritis Rheum 2003;48(8):2100—10.
  4. Costenbader K.H., Manson J.E. Do female hormones affect the onset or severity of rheumatoid arthritis? Arthritis Rheum 2008;59(3):299—301.
  5. Cutolo M., Calva A. Sex steroids and immunity. In: Robert Ader’s. Psychoneuroimmunology. Academic press, 2007;1: p. 207—16.
  6. Van V.R., McGuire J.L. Estrogen, progesteron, and testosterone: Can they be used to treat autoimmune diseases? Cleve Clin J Med 1994;61:276—84.
  • Жыл: 2016
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина
Другие статьи

В условиях интенсификации современного производства вопросы совершенствования профилактических основ здравоохранения, в частности, в плане сохранения трудовых ресурсов, приобретают особое значение
2010

Материалы и методы. В настоящей работе использованы материалы оперативного эпидемиологического анализа заболеваемости и данные из историй болезни.
2011

Крымская-Конго геморрагическая лихорадка (ККГЛ) на территории Казахстана занимает ведущее место среди природно-очаговых клещевых инфекций
2011

Высокая заболеваемость и безудержный рост сердечно-сосудистых заболеваний сокращают среднюю продолжительность жизни населения.
2011

Пациентов, которым проводят не кардиохирургические оперативные вмешательства, относят к группе высокого риска сердечно-сосудистой заболеваемости и смертности
2011

Отогенные абсцессы мозга встречаются чаще абсцессов мозга любой другой этиологии. Они наиболее часто локализуются в височной доле, вблизи от крыши барабанной полости и крыши сосцевидной пещеры
2011

Цель работы: Изучение эффективности немедикаментозных легкодоступных методов (Су Джок, фитотерапии) лечения у больных артериальной гипертензией.
2011

Важнейшей проблемой, входящей в клиническую деятельность врачей всех специальностей и представляющей непосредственную угрозу для жизни пациентов, является тромбоэмболия легочной артерии
2011

Инородные тела сердца наблюдаются относительно редко, как правило, в результате слепых огнестрельных и колотых ранений грудной клетки
2011

Тромбоз мезентеральных сосудов (ТМС) исключительно редкое сосудистое осложнение, наблюдающееся, главным образом, у людей пожилого возраста
2011

Известно, что илеоцекальный отдел служит узловым пунктом желудочно-кишечного тракта, при выключении которого возникают расстройства в виде поносов и нарушения обмена веществ
2011

Цель: сравнение эффективности первичной ангиопластики, фармакоинвазивного метода реперфузии и ТЛТ у больных с острым ИМ с подъемом ST в отделение реанимации и интенсивной терапии (ОРИТ).
2011