Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мейіргер ісі бакалаврларын дайындауда енгізілген озық клиникалық тәжірибелердің нәтижелерін бағалау

Кіріспе. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаты-экономиканың инновациялы дамуының талаптарына, қоғамның және әрбір азаматтың заманауи қажеттіліктеріне сай сапалы білімнің қолжетімділігін арттыру. Сондықтан білім беру саласының сапасын арттыру бүгінгі күннің өзекті түйіткілі болып отыр [1].

Бүгінгі күні инновация-білім берудің мақсатына, мазмүнына, оқу-тәрбие түрлері мен әдістеріне, оқытушы мен студенттің бірлескен іс-әрекетін үйымдастыруға жаңалықтар енгізіп, кәсіби педогогикалық ойлау стилін өзгертуде. Инновациялық білім беру технологиялары студенттердің шығармашылық ойлау жүйесін қалыптастыруға, олардың оқу, тәжірибелік немесе шығармашылық тапсымаларды орындау қабілеттерін, болашақ мамандардың кәсіптік қүзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған [2].

Жоғары білім берудегі қүзыреттілік тәсілі-кәсіби міндетті сапалы шешуге және жоғары оқу орындарының білім беру жүйесіндегі болатын қабілетті мамандар мен сүранысты қамтамасыз ететін жүмыс берушілердің арасындағы қарама-қайшылықты болдырмауға арналған. Ол қазіргі уақыттағы мемлекеттік білім беру стандарттарының алдында түрған білім беру компоненттерінің мазмүнының басымдылығын және қазіргі таңдағы білім беру мазмүнына жаңаша көзқараспен қарау, оқу үдерісінің тәжірибелік, қызметтік компоненттерін қайтадан қүрастыру және олардың пайдасын арттыруға мүмкіндік береді [3].

Зерттеудің мақсаты. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының «Мейіргер ісі» мамандығының 2016 жылғы оқу бағдарламасына енгізілген элективті клиникалық пәндердің бастапқы нәтижелерін бағалау.

Зерттеу материалы мен әдістері. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы, 6М110300 «Мейіргер ісі» мамандығы бакалавриатының білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы студенттердің негізгі клиникалық қүзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында 2016 жылы «Мейіргер ісі» мамандығына бірнеше элективті клиникалық пәндер енгізілген болатын:науқасқа бағытталған мейіргерлік күтім, мейірбике ісіндегі зерттеу негіздері, мамандандырылған мейірбикелік көмек, бастапқы медико-санитарлық көмек, үй жағдайындағы мейіргерлік күтім. Осы енгізілген элективті клиникалық пәндердің бастапқы нәтижелерін, студенттердің оқу, тәжірибелік қабілеттерінің қаншалықты өзгергендігін бағалау мақсатында екі топ қүрып, 2016 жылы «Мейіргер ісі» мамандығында оқитын 402 «а, б» және 403 «а» тобы студенттерін бірінші топ, жалпы 30 студент, 2014-2015жж. «Мейіргер ісі» мамандығында оқыған студенттерді екінші топ етіп алып, жалпы 30 студент, сауалнама жүргіздік. Сауалнамада студенттердің клиникалық базаларда жүмыс жасау дағдылары мен науқастарға дүрыс мейіргерлік күтім көрсете білулерін, база қызметкерлерімен қарым-қатынастары барысында кәсіби этика ережелерін сақтау дәрежесін анықтайтын сүрақгар койылып, олардың білім дәрежелерін, кәсіби қүзыреттіліктерін салыстырдық.

Зерттеулердің нәтижелері. 2016 жылы «Мейіргер ісі» мамандығында оқитын студенттерді осы жылға дейінгі оқыған студенттермен салыстырғанда, олардың өзіндік ерекшеліктері байқалды. 2014-2015жж. оқуды бітірген студенттердің оқу бағдарламасындағы элективті пәндер менеджмент және әкімшілік үрдістерін оқыту бағытында болғандықтан, оларға клиникалық базаларда болуға мүмкіндік бермеді. Биылғы оқу бағдарламасына енгізілен элективті пәндер клиникалық бағыт алып және бүл пәндер студенттердің семинар сабақтарында өтілген мәліметтерді тәжірибе жүзінде көруге мүмкіндіктерін арттырғандығын жүргізілген сауалнама нәтижелерінен байқауға болады. Нәтижелер 2016 жылы оқитын студенттердің 85% тәжірибелік дағдыларының жоғарылағанын, қүзыреттіліктерінің артқанын, ал 15% орташа көрсеткіш көрсеткен болса, 2014-2015жж. оқуды бітірген студенттердің 63% кәсіби қүзыреттіліктерінің төмен екендігін көрсетті. Жүргізілген бүл зерттеулерден енгізілген клиникалық пәндердің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктерінің бар екендігін көреміз. Артықшылықтары: мейірбикелердің қүзыреттіліктерін арттырып, олардың қоғамда алатын орнының маңыздылығын үйретеді, студенттердің клиникалық базада көп уақыт болуларын қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың дәрігерлермен тікелей қарым-қатынас орнатуларын, аурухана жүмыстарын толықтай үйреніп, келешекте белсенді жүмыс жасап кетулеріне зор мүмкіндік береді. Кемшіліктері: Пәндердің жаңа бағытта болғандығы үшін керекті әдебиеттердің орыс және ағылшын тілінде болуы.

Қорытынды. Оқу бағдарламасына енгізілген элективті клиникалық пәндердің бастапты нәтижелерін бағалау барысында студенттердің тәжірибелік қабілеттерінің 50%-дан жоғарылағанын, қүзыреттіліктерінің артқанын, коммуникативті дағдыларының едәуір жетілгендігін байқаймыз.

Әдебиеттер

  1. .Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 27 шілде 2007 жыл, №319.
  2. .Методология и опыт инновационной деятельности в системе профессионального образования: Коллективная монография / Г. В. Мухаметзянова, Н. Б. Пугачева, Г. А. Шайхутдинова. - Казань : Медицина, 2011. - 406с.
  3. .С.Ә.Исаев-ф.-м.ғ.к., профессор Жоғары білім беру жүйесіндегі қүзыреттілік тәсілі. Вестник КазМКПУ.
  • Жыл: 2016
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина