Туа пайда болған жүрек ақауы

Мәселенің өзектілігі. Туа пайда болған жүрек ақауы - нәрестелердің кең таралған туа біткен ақауларының бірі, барлық туа біткен ақаулардың 30% қүрайды. Жиілігі бойынша ОЖЖ мен тірек - қимыл жүйесінің туа пайда болған патологияларынан кейінгі үшінші орынды алады. ЖТБА жаңа туған балаларда 0,7-1,7% кездеседі. Әр елдің медицинасының деңгейіне қарамастан ДД¥ деректері бойынша ЖТБА 1% жаңа туған нәрестелерде кездеседі. Отандық және шетелдік көптеген авторлардың зерттеулері бойынша жаңа туылған 1000 баланың 4-17-сі ЖТБА-мен туылады.[1.2.] Медицина саласы жоғары дамыған елдерде нәресте өлім көрсеткіші төмен дәрежеде(6,7-8,5% ). ЖТБА және түқымқуалайтын аурулар нәрестелер өлімі көрсеткіші бойынша бірінші орынды алады, бүл оның жоғары жиілікте кездесетіндігінен емес, керісінше басқа патологиялар себебінен өлім саны төмендеуіне байланысты.[3]Қазақстанда нәресте өлім көрсеткіші бойынша ЖТБА бірінші орынды алады. Жыл сайын осы патологиямен туылатын балалардың пайызы көбейіп келеді. Республикамызда жылына ЖТБА - мен 3000ға жуық нәресте туылады, оның өмірінің алғашқы жылы - 80% , алғашқы аптасында - 20% , алғашқы айында - 27% қайтыс болады. Магистральды тамырлар мен жүректің туа біткен ақаулары 91% жағдайда нәрестелердің бір жылға жетпей өлімшілдігіне әкеледі, олардың ішінде жартысынан астамы неонатальді кезеңдегі нәрестелер(яғни өмірінің 28 кунге дейін). ¥рықтың ЖТБА перинатологияның өзекті мәселелердің бірі, ол перинаталдық және нәрестелік өлім себебі бойынша екінші орынды алады. Неонаталдық аурулар себептері арасында 30% жуық бөлігін хромосомдық ақаулар мен ЖТБА қүрайды.[4]

Зерттеу мақсаты. Туа пайда болған жүрек ақауы анықталып, қайтыс болған нәресте жүрегінің морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу материалы. Алматы қаласының №1-ші балалар жүқпалы аурулар ауруханасынан ЖРВИ, кардиомиопатия- сол жақ қарынша эндокардының фиброэластозы диагнозынан қайтыс болған нәрестенің сырқатнамасы мен секциялық материалдары №5-ші патологиялық анатомия бөлімінде сарапталып, (ашудан) кейін алынған мәліметтер хаттамаға енгізілді.

Макроскопиялық зерттеу кезінде дене бітімі дүрыс дамыған, тері жабындысы анемиялық бозғылт, көзге көрінетін шырышты қабаттары бозғылт көкшіл түсті. Ішкі ағзалардың кеуде және қүрсақ қуыстарында анатомиялық орналасуы дүрыс. Кеуде қуысының басым бөлігінде жүрек орналасқан. Жүрек домалақ пішінді, үзындығы 4,0 см (қалыпта-3,2см), ені- 5,0(қалыпта-4,2см), қалыңдығы 3,0см(қалыпта-2,3), оң жақ қарыншаның қабырғасы-0,8см(қалыпта-0,25), сол жақ қарыншаның қабырғасы-1,0см (қалыпта-0,65см) перикард қуысында аз мөлшерде мөлдір сүйықтық бар. Жүрек салмағы 45гр(қалыпта салмағы-26гр). Қарынша аралық перденің жоғарғы бөлігінде диаметрі-0,5см туа пайда болған ақау анықталады. Ірі қан тамырлары дүрыс таралған. Өкпе артериясының ені 2,5см(қалыпта -2,5см) қуысында қан үйындысы бар, үш жармалы қақпақшалар мөлдір емес, майда түйіршікті, дүрыс орналасқан, қолқаның ені 2,3см(қалыпта- 2,2см), митральді қақпақшалар жұқа, беті тегіс. Эпикард жылтыр, майда нүктелі қан қүйылулар

Әдебиеттер

  1. Angeli E., Raisky O., Bonnet D. Late reoperations after neonatal arterialswitch operation for transpo- sitionof the great arteries // Eur J Cardio-thoracic Sur. 2008.№34.P.32-36.
  2. Egbe A., Lee S.,Ho D., Uppu S., Srivastava S., Prevalence of congenital anomalies in newbornswith congenital heart disease diagnosis // Ann Pediatr Cardiol.2014.№7(2).P.86-91.
  3. Минков И.П. Эпидемиологические и социальные аспекты врожденных пороков развития у детей.//Педиатрия.-М., 1995.№5.С.54-57.
  4. Здоровье населения РК.Статический сборник.Астана.2012г. с. 110
Жыл: 2016
Қала: Шымкент
Категория: Медицина