Кіріспе. Жыл сайын Қазақстан Республикасында, 50 - мыңнан аса инсульт орын алады. Бүл ауру бүкіл дүние жүзі бойынша түрғындардың өлім жітімнің басты себепшісінің бірі болып отыр. Инсультке үшыраған науқастардың 80% айықпасмүгедекболыпқалады [1].Ертеректе инсульт 45 жастан асқан түрғындарға үлкен қауіптілік туғызса, ал бүгінде ауру барыншажасарған [2]. Инсульттің ауыр неврологиялық салдарына-мүгедектікке әкелетін және тіршілік сапасын нашар- лататын қимыл-қозғалыстық және когнитивтік бүзылыстар жатады[3]. Сөйлеу қабілетінің бүзылы- сы науқастың жеке отбасылық және әлеуметтік қарым-қатынасын қиындатып, әлеуметтік және психикалық бейімсіздігін түғызады. Сауықтырудың нәтижелілігі қалыпқа келтіру емінің басталу уақытымен, науқастың жасымен, жынысымен, қосымша ауруларының болуы және неврологиялық бүзылыстардың ауырлығымен анықталады[4].
Зерттеудің мақсаты. Оң жақ жарты шардыңишемиялық инсультіне шалдыққан науқастардың қимыл қозғалысын қалыптастыруда медбикелік көмектіңтиімділігінзерттеу.
Зерттеу материалдары және әдістері. Зерттеуді Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясының «Анестезиология және реаниматология курсы мен Мейірбике ісі кафедрасында» және Шымкент қаласындағы Т.О.Орынбаев атындағы жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығының «Паллиативті көмек және мейірбикелік күтім» бөлімшесінде жүргізілдік. Зерттеу жүмысында қойылған міндеттерге байланысты ішкі күретамыр артериясы бассейніндегі ишемиялық оң жарты шар инсультіне шалдыққан 42 жастан 74 жасқа дейінгі екі жыныстағы науқастарға (олардың 15 әйелдер, 21 ер кісілер), жалпы 36 науқас, мейіргерлік күтім жасадық.
Күтімді үйымдастыру арқылы науқастардың оң жақ жарты шардың ишемиялық инсультына шалдығу себептерін анықтадық.
Зерттеулердің нәтижелері. Ми инсультінің дамуының негізгі себепшісі-оның факторларының қатарындағы ертеден ықпал ететін макро және микроангиопатиялық үрдістердің басталуымен, психо-эмоциональды салмақтардың шамадан тыс түсуімен, стрессті жағдайлардың көбеюімен байланысты екендігін анықтадық. Зерттелген науқастардың70%-ында инсультке дейін омыртқаның ауқымды остеохондроз белгілері болғандығы анықталды.
Мидың ишемиялық инсультіне шалдыққан 31 (86%) науқастың ауруының келіп шығу себебі артық салмақ, жиі орын алған психо-эмоциональді салмақтардың болуы және дүрыс тамақтанбау, физикалық салмақтың түсуі, демалу режимдерін сақтамау, шылым тарту,жүрек қан- тамыр жүйесінің ақаулары болса, оң жақ жарты шар инсультінің неврологиялық көріністері қүрылымын зерттеу науқастардың(83,3%) дақимыл-қозғалыс бүзылыстарын анықталды, сөйлеу қабілетінің жетімсіздігі 30 науқаста байқалды (83,3%);6 науқаста (16,6%) экспресивті сөйлеу қабілетінің бүзылыстары байқалмаған.
Науқастарды екі топқа бөліп медбикелік күтімнің тиімділігінезерттеу жүргізу бірінші топтағы 16 науқасқа жалпы жеке басының тазалығын сақтау төсек жаймаларының таза және науқасқа ыңғайлы екенін тексеру уақытылы тамақтану режимін дәрілерін ішуін қадағалап АҚҚ, пульсі, температурасы уақытымен өлшеп отырылды. Науқаспен әнгімелесіп сырқатын жеңідету барысында психологиялық қолдау көрсетілді. Қимыл-қозғалысын қалпына келтіру арнайы тренажерлардың көмегімен физиотерапиялық емдеу, емдік физкультура, массаж, гипербариялық оксигенация көмегімен науқастарға күтім жасалынды.Екінші топтағы 15 науқасқазәр шығаруын өз бетімен басқара алмайтын науқастарға катетер қолданылды Науқастың гемодинамикасын АҚҚ, есін, пульс, температурасын, диурезі тыныс алу өткізгіштігін бақылау және қажетті күтім жасалды.
Қорытынды. Екі топтағы науқастарды стационарлық емдеу барысында күнделікті тексеру- ден өткізіп отырылды: шағымдары, ауырсыну сипаты, сезіну жағдайы (ентігу, жүрек соғуы, үйқы бүзылысы, көңілкүй, сауықтыру шараларының процедураларын). Екі топтағы науқастарға жасалған күтімді салыстыра келе бірінші топ науқастың (73%); да жағдайыедәуір жақсарғаны байқалды.Екінші топтағынауқастардың (53,3%); жағдайы бірқалыпты екендігі байқалды. Қол жеткізілген нәтижелер, өмір сапасын жақсартуға септігін тигізеді және стационардан тыс қалыпқа келтіру іс-шараларының келесі кезеңіне дайындықты жеңілдетеді.
Әдебиеттер
- .Гусев Е.И., Скворцова В.И. Ишемия головного мозга. -М.: Медицина, 2001 - 328 с.
- . Основы сестринского дела. Широкова Н.В. «ГЭОТАР-Медиа»,2009-144с
- .Шкловский В.М. Концепция нейрореабилитации больных с последствиями инсульта // Инсульт. Приложение к журналу неврологии к психиатрии. - 2003.-Вып 8.-С. 10-23.4.
- .Кадыков А.С., Черникова Л.А, Шахпаронова Н.В. Реабилитация неврологических больных. - М.: Медпресс-информ, 2008. - 560 с.