Интенсивті терапияда венаны катетерлеуде дамитын асқынулар

Кіріспе. Заманауи интенсивті терапия бөлімшесінде инфузиялық -трансфузиялық тәсіл кеңінен қолданылады. Оның ішінде инфузия жүргізуде орталық және перифериялық веналарды катетерлеу ерекше орын алады. Шет ел ғалымдары мәліметтерінде интенсивті терапия алып жатқан науқастың 48% -да тамыр ішілік дәрі -дәрмек енгізу қүрайды және де ол венаны катетерлеу арқылы жүргізіледі [1]. Интенсивті терапияда венаны катетерлеудің тиімділігімен қатар, өзіне тән асқынуларды ескерген жөн. Күнделікті интенсивті терапияда жүргізілетін тамырішілік катетерлер тері және шырышты қабаттың бүтіндігін бүзып, шартты-патогенді микроорганизмдердің ішкі ортаға енуіне жағдай жасайды [2]. Венаны катетерлеумен байланысты инфекциялар, ангиогенді инфекциялар тобына жатады, және қазіргі заманғы медицинаның өзекті мәселесі болып табылады. Венаны катетерлеуде дамитын инфекция кезіндегі өлім - жітімнің статистикалық мәліметі Қазақстанда жоқ, ал Еуропа және АҚШ елдерінде ол 12-25 % қүрайды [3].

Зерттеу мақсаты. Интенсивті терапияда венаны катетерлеудегі әрекеттер санының асқынуға ықпалдық ету үлесін анықтау.

Материалдар мен зерттеу әдістері. Жалпы зерттеулер Шымкент қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасы реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде 01.01.2015 - 01.01.2016 уақыт аралығында 52 науқаста жүргізілген венаны катетерлеудің нәтижелері сарапталды. Науқастардың жас қүрамы орташа 59± 17 жас, ерлер 33, әйелдер 19 қүрады.

Тамырішілік катетерлеу түріне сәйкес 3 топқа бөлінді. I. Бүғана асты венасына - 16 (30%). II. Білектік (кубитальдық) венасына - 24 (47%). III. Қол сырты венасына - 12 (23%).

Бүғана асты венасына диаметрі № 14G полиуретан катетері, білектік (кубитальдық) венасына диаметрі - №№18, 20G, тефлон катетері, алақан сырты венасына диаметрі №22G, тефлон катетері қолданылды.

Нәтижелер. Көптеген асқынулар венаны катетерлеу кезіндегі техникалық қателіктерден дамыды.

Бақылау барысында 1 - ші топта бүғана асты венаны катетерлеу барысында 2 - 3 әрекет, 3 науқаста орын алды. Нәтижесінде 1 - науқаста қабыну белгілерсіз ауыру сезімі, 2 - науқаста катетер айналасында тері гиперемиясы байқалды. Венаны сәтсіз катетерлеуге дәрігердің тәжірибесі және жедел орнату сияқты факторлар әсер етті.

2-ші топта білек веналарын сәтті катетерлеу 79,1% -да техникалық қиындықтарсыз, бірінші әрекеттен іске асырылды, 2-3 әрекет 5 -науқаста орын алды, нәтижесінде венаның жарылуы -1, қабыну белгілерсіз ауыру сезімі -2, флебит - 2 науқаста орын алды. Оларда перифериялық венаның нашар, май қабатымен терең орналасқандықтан себепті.

3- ші топтағы науқастарда асқынулар 1, 2- топқа қарағанда жиі кездесуі анықталды. Алақан сырты веналарын катетерлеу 7-де техникалық қиындықтарсыз, бірінші әрекеттен іске асырылды, 2-3 әрекет 5 науқаста орын алды. Нәтижесінде гематома - 1, венаның жарылуы - 2, флебиттік көрініс -2 науқаста байқалды. Оларда перифериялық венаның нашар және тарамдық орналасуы себеп болды. Көрсетілген асқынуларда дер кезінде тиісті дәрігерлік шаралар қолданылды.

Қорытынды. Интенсивті терапия бөлімшесінде жасалынатын венаны катетерлеу манипуляциаларында механикалық, инфекциялық асқынулардың алдын алу мәселесінде қол гигиена ережесі, асептикалық күтім қатаң сақталуы және венаны катетерлеуді механикалық зақымданусыз орындау практикада асқынулардың алдын алады.

Әдебиеттер

  1. Обеспечение безопасности больного при установке центрального венозного катетера - роль гигены рук. Фаршатов Р.С., Сурков А.И., Здорик Н.А., Кандалов А.В., Гильмиярова Э.Р., Наука и мир.-2014.-Т. 2.-№ 12
  2. Пункция и катетеризация вен. В.П. Сухоруков, А.С. Бердикян, С.Л. Эпштейн. «Санкт- Петербургское медицинское издательство». 2001. — 56 с.
  3. Инфекционные осложнения катетеризации центральных вен. Е. Ю. Матвеева, А. В. Власенко, В. Н. Яковлев, В. Г. Алексеев. Общая реаниматология.-2011.- Т. 7.- № 5
Жыл: 2016
Қала: Шымкент
Категория: Медицина