Конго-қырым қанды қызбасы жұқпалы ауруынан 2015 жылдың 6 айындағы эпидемиологиялық жағдайға талдау

Оңтүстік Қазақстан облысында Конго -Қырым қанды қызбасы (бүдан әрі КҚҚҚ) ауруынан 2015 жылдың 6 айында күдікті болып 31 жағдай тіркеліп, оның 6-ы (Мақтаарал ауданында-2, Отырарда -2, Ордабасыда-1, Түркістанда-1) зертханалық расталған.

Кенеге қарсы залалсыздандыру жүмыстарының 1-ші науқанында 1 094 382 бас ірі қара мал, түйе, жылқы бүркіліп, 4 152 423 бас уақ малдар тоғытылды, 28,7 шаршы шақырым қора жайлар көлемі және жапсарлас аумақтар залалсыздандырылды.

Санитарлық қорғау аймағын қүру мақсатында залалсыздандыру 17 ауданның 79 елді мекенінде 1 рет 27,39 шаршы шақырым жер көлемінде залалсыздандыру жүргізілді.

Кенеге қарсы залалсыздандырудың 1 науқаны жүргізілгеніне қарамастан кене шағу жағдайлары төмендемей отыр, атап айтсақ, облыс бойынша 6 айда 2822 адамды кене шағып (100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш-100,2) медициналық көмекке қаралды (2014 жылы - 2437 жағдай тіркелген, көрсеткіш-88,60), өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда кенеге шағылу жағдайы 13,6 пайызға өскен.

Кесте 1 - Кене шаққандардың 2014-2015 ж.ж. салыстырмалы көрсеткіші

Аудан, қала атаулары

2014

2015ж.

Өсуі,кемуі %

Абс. саны

Көрсеткіш

Абс. саны

көрсеткіш

1.

Арыс

41

58,05

49

68,05

+8ж.

2.

Бәйдібек

102

193,15

60

109,16

-41,2

3.

Қазығүрт

131

116,03

148

132,70

+11,5

4.

Мақтаарал

153

51,05

127

42,25

-16,9

5.

Отырар

93

187,41

123

22820

+24,4

6.

Ордабасы

175

150,19

253

215,81

+30,8

7.

Сайрам

243

78,54

257

126,5

+5,4

8.

Сарыағаш

125

40,82

116

37,12

-9ж.

9.

Созақ

53

91,46

43

74,47

-18,9

10.

Төлеби

77

57,76

85

72,88

+8ж.

11.

Түлкібас

58

54,74

39

36,10

-32,7

12.

Шардара

86

108,51

93

117,03

+7ж.

13.

Кентау

76

83,94

90

108,32

+15,5

14.

Түркістан

347

142,16

373

149,05

+6,9

15.

Абай

277

95,10

403

123,80

+31,3

16.

Әл-Фараби

137

63,12

180

78,07

+23,9

17.

Еңбекші

263

123,23

384

116,19

+31,5

Облыс бойынша

2437

88,60

2822

100,2

+13,6

Кенелердің жүқпалылығын анықтау мақсатында 34 824 кене зерттеліп, 92 сынамадан 15 аудан, қалалардан оң нәтиже анықталды. Кене зерттеу облыстағы 898 елді мекеннің 327 елді мекенін қамтыған.

ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 2005 жылғы 11 ақпандағы №3 «ҚР Конго-Қырым қанды қызбасы табиғи ошақтарында санитарлық эпидемияға қарсы іс-шаралар және эпизоотологиялық эпидемиологиялық ахуалға мониторинг жүргізу туралы» қаулысына сәйкес облыс бойынша Конго-Қырым қанды қызбасы ауруына мониторинг жүргізіліп отыр.

Жыл: 2016
Қала: Шымкент
Категория: Медицина