Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Биоматериалдағы бисопрололдың жқх-иқ-спектроскопиясы

Пероральды гипотензивті препараттар арсеналында бисопролол өзінің гипотензивті белсенділігінің эффективтілігімен көшбасшылық үстанымын сақтап жүр.

Бисопролол ві-адреноблокаторларға жатып, «Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымы үсынған маңызды дәрілік заттар тізбесі» тізіміне кіреді. Оның негізгі қолданылуы жүректің түрақты ишемиялық ауруы (ЖИА), артериальды гипертония (АГ), миокард инфаркті, созылмалы жүрек жетімсіздігі, жүрек ырғағының бүзылуы болып табылады.

Терапевтикалық эффектімен бірге, артық дозалану кезінде бисопролол ағзаға жанама және уытты әсер көрсетеді. Сот-химиялық тәжірибесінде препаратпен жедел улану жағдайлары белгілі. Аталған қосылыстың уытты қасиеті, кең қолданылуы, өлім тудыратын улану жағдайлары оның сот-химиялық зерттеулердің потенциальды нысаны болуына әкеліп отыр. Евразия елдерінде, оның ішінде, Ресей Федерациясында бисопролол «Жиі жедел улану тудыратын уытты заттар атауының тізбесі» тізіміне енген.

Талданатын сынамада эндогенді қосылыстардың бірге болуы сияқты қиындықтар оған алдын-ала мүқият дайындық жасауды талап етеді.

Сондықтан дәрілік препаратты оқшаулап, ары қарай физика-химиялық әдістермен идентификациялаудың жаңа әдістерін іздестіру заманауи химия-токсикологиялық сараптаманың өзекті мәселесі болып отыр.

Жұмыс мақсаты: жедел талдау әдістерімен алдын-ала сынаманы дайындау шарттарын және бисопрололды идентификациялау үшін хроматографиялық және спектральды әдістерін жетілдіру болып табылады.

Материалдар мен әдістер. Жүмыста «Бисопролол-ратиофарм 10 мг» (Ratiopharm, Германия) таблеткалары; бисопрололдың дәрілік субстанциясы (IpcaLaboratoriesLimited, серия 001505- RI Индия); «х.т.» және «т.д.х.т» категориялы еріткіштер мен реактивтер қолданылды. Идентифи- кациялау үшін инфрақызыл Фурье-спектрометр ИнфраЛЮМ ФТ-08 (Ресей), жүқа қабатты хроматографияға арналған қондырғы кешені: хроматографиялық пластинкалар «Сорбфил ПТСХ- УФ» (ЗАО «Сорбфил», Ресей); УК-хроматоскоп, көлемі 2, 5, 10 мкл микрокапилляр (Ресей).

Нәтижелер мен талқылау. Зерттеуге бисопролол субстанциясы мен несептен алынған сығынды қолданылды. Бисопролол несептен сүйық-сұйық микроэкстракция әдісімен оқшаулан- ған. Экстрагент ретінде 8:2 қатынасында дайындалған хлороформ-изопропил спирті еріткіштер жүйесі пайдаланылды.

Балласты заттардан толық тазартуда жұқа қабатты хроматография әдісін хлороформизопропил спирті-этилацетат-аммоний гидроксиді конц. (40:9:5:0,5 көлем бойынша) тұратын еріткіштер жүйесін қолдана отырып, жүргізеді. Детектрлеу УК-жарық көмегімен жүргізілді, абсорбциялық зонада сыналатын үлгідегі бисопролол мен ЗКСЕ дақтары сәйкес келеді, оны ацетонмен элюирлеп, центрифугалайды. Алынған сығындыны агат келіге ауыстырып, кептіргіш шкафта кептіреді. Құрғақ қалдықты калий бромидімен ысқылап, сыналатын және зат куәгер стандартты үлгілерінің ИҚ-спектрлерін түсірді.

Несептен бөлінген бисопрололдың ИҚ-спектріндегі жолақтар стандарт үлгідегі бисопролол молекулаларының әртүрлі құрылымды фрагменттер тербелісіне сай болып тұр. Анықталған ең маңызды жолақтар молекуланың негізгі тербеліс жиілігіндегі 3600-400 см-1 аралығындағы қысқа толқынды (жоғары жиілікті) аймақта орналасқан. 1484.84; 1404.04; 1340.52, 1325,82 см-1 аймақта жұтылуы метин (С-Н), метилен (СН2) және метил (СН3) байланыстарының әртүрлі деформациялық тербелістерімен жүзеге асады. Көміртек атомына қосылған массаның жоғарлауы төменгі жиілік аймағында қосымша жұтылу спектрлерінің пайда болуына әкеледі. Жоғары жиілікті аймақта 3266.84 см-1 шыңы бар NH тобының валентті тербелісі орналасқан. 1257-1050 см- 1 диапазонында қарқынды жұтылуы С-Н байланыстарының деформациялық тербелістеріне сай келеді: 1255.26; 1187.06; 1093.07; 1048.47 см-1. 2900.51 см-1 жұтылу жолағы фумар қышқылы қалдығындағы карбонильді топтың (С=О) валентті тербелісіне, ал 1018.95, 1057.87,1093.07 см-1 жолақтар бензол тобының (С6Н5) валентті тербелісіне тән.

Қорыта айтқанда, биологиялық сұйықтықтан бөлінген бисопрололдың ИҚ-спектрі бойынша алынған мәліметтер оның құрылымының препараттың жұмысшы стандартты үлгісі спектріне ұқсастығын дәлелдеді.

Қорытынды. Биоматериалдан бөлініп алынған сығындыдағы бисопрололды қосымша жұқа қабаттағы хроматография әдісі арқылы тазартып, әрі қарай ИҚ-Фурье-спектроскопия әдісімен идентификациясы жасалынды.

Әдебиеттер

  1. Преимущества использования бисопролола и амлодипина в фиксированной комбинации/ Мелехов А.В., Рязанцев Е.Е.//Журнал Поликлиника. -2013. №1. -С.20-23
  2. Смертельные дозы и концентрации некоторых лекарственных веществ в биологических объектах / А. Ф. Фартушный // Судебно-медицинская экспертиза. - 1999. - Т. 42, № 5. - С. 16-19.
  3. ТСХ-скрининг токсикологически значимых соединений, изолируемых экстракцией и сорбцией/Раменская Г.В., Родионова Г.М., Кузнецова Н.И., Петухов А.Е.//Под ред. А.П. Арзамасцева: Гэотар-Медиа. -2010. -240 с.
  • Жыл: 2016
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина