Rhodiola Semenovii Boriss (Семенов семізоты) - жасаңшөптер түқымдасына жататын, тау бүлақтарының жағалауында өсетін көпжылдық шөптесін өсімдік, ол Шығыс Еуропа мен Азия елдерінің халық медицинасында кеңінен қолданысқа ие.
Берілген өсімдіктің кең спектрлі фарма-кологиялық әсері оның қүрамындағы фенолды гликозидтер, флавоноидтар, илік заттар, микро-элементтер, органикалық қышқылдар, эфир майлары, липидтер, терпеноидтар, көмірсулар және т.б. биологиялық белсенді қосылыстардың болуына байланысты [1-5].
Семенов семізотының негізгі биологиялық белсенді заттарының бірі тонусты жоғарылататын және антиоксидантты қасиетке ие фенолды гликозидтер. Семізоттағы фенолды гликозидтердің өкілі ретінде салигенин 2-O-в-D-глюкопирaнозидтің флавонды гликозиді болып табылатын салидрозид анықталған [6].
Зерттеу мақсаты - Rhodiola Semenovii Boriss тамырсабақтары мен тамырларындағы салидрозидтің сандық мөлшерін анықтау әдістемесін жасау.
Материалдар және әдістер. Зерттеу объектісі ретінде Қазақстанның оңтүстік аймағында жаппай гүлдену мен жемістену кезеңінде дайындалып, ауалы-қүрғақ жолмен кептіріліп, майдалан- ған Rhodiola Semenovii Boriss тамырсабақтары мен тамырлары қолданылды.
Зерттеулерде «Agilent 1100 Series» (АҚШ) маркалы жоғары тиімді сүйықтық хроматограф қолданылды. Хроматография-лық зерттеулер келесі жағдайларда жүргізілді: Zorbax Eclipse XDB (l=150 мм, d=4,6 мм, қатты фаза бөлшектерінің өлшемі 5 мкм) сорбенттерімен толтырылған аналитикалық әмбебап бағана - C18 (2 х 64 мм, шойын); қозғалмалы фаза қүрамы: 2 % мүзды сірке қышқылы қосылған 95 % этил спирті - су (2:8); УК-детектирлеу 252 нм толқын үзындығында; сезімталдық диапазоны - 0,8; қозғалмалы фаза жылдамдығы - 100 мкл/мин; бағана температурасы - 20 0С - 25 0С; айдалатын элюент көлемі - 2000 мкл. Еріткіштер ЖТСХ үшін «т.ү.т.» санатына жатады.
Нәтижелер және талқылаулар. Зерттелетін өсімдік шикізатындағы салидрозидтің сандық мөлшерін жоғары тиімді сүйықтық хроматография әдісімен анықтаудың әдістемесі жасалынды. Зерттелетін ерітіндінің хроматограммасында салидрозидтің шығу уақыты анықталынды және шыңдары идентификацияланды, ол 13,72±0,01 минут аралығын қүрады.
Метрологиялық сипаттамалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Фармакопеясы үсынған әдістемеге сәйкес p=0,95 тең ықтималдылықта шикізаттағы салидрозидтің және салидрозидтің жүмысшы стандартты үлгілерінің спиртті ерітінділерін талдауда есептелінді [7]. Валидациялық сипаттамаларды зерттеу таңдамалылық (спецификалық), сызықтық тәуелділік, дүрыстық және орындаушылық сияқты көрсеткіштер бойынша жүргізілді.
Жасалынған әдістеменің спецификалығы хроматографиялаудың тиімді таңдалған шарттарында салидрозидтің ЖСҮ-мен сәйкес келетін талданатын үлгілердің хроматографиялық шыңдарының үсталу уақыттарына сай келуімен анықталынды.
Әдістеменің сызықтығы хроматографиялық ауданның ЖСҮ-дегі салидрозидтің кон- центрациясына тәуелділік графигі бойынша бағаланды. Сызықтық тәуелділікті статистикалық өңдегенде y=bx+a теңдеуі бойынша сызықтық регрессиялық графиктің корреляция коэффициенті r салидрозид үшін 0,9992 тең болды.
Шикізаттағы салидрозидтің концентрациясын көп реттік жеке анықтаулар жүргізгенде нәтижелердің дүрыс сәйкестіктері байқалды, аналитикалық әдістеменің орындаушылығына тән. Бүл жағдайда салидрозид бойынша орташа нәтижелердің салыстырмалы қателігі ±1,65% қүрады.
Зерттелетін шикізаттағы салидрозидті сандық анықтағанда мөлшері абсолютті қүрғақ шикізатқа санағанда 0,87-1,41 %, 0,87±0,063% кем еместігі анықталынды.
Қорытынды. Сонымен, Rhodiola Semenovii Boriss тамырсабақтары мен тамырларындағы салидрозидті сандық анықтаудың валидацияланған әдістемесі жоғары тиімді сүйықтық хроматография әдісімен жасалынды.
Әдістеменің салыстырмалы қателігі ± 1,65% қүрады, ол Rhodiola Semenovii Boriss тамырсабақтары мен тамырларындағы фенолды гликозидтерді салидрозид бойынша стандарттау үшін үсынуға болатын әдістеме болып табылады.
Әдебиеттер
- Нурханова Г.Ж., Турсубекова Б.И., Ордабаева С.К. Определение числовых показателей корней и корневищ Rhodiola Semenovii BorissZ/Вестник ЮКГФА.-2015-№2(71) 6.105-108.
- Нурханова Г.Ж., Махова Е.Г., Турсубекова Б.И., Ордабаева С.К. Изучение элементного состава и его количественного содержания в корневищах и корнях Rhodiolae Semenovii BorissZ/Вестник ЮКГФА. -2015-№4(73) 6.180-183.
- Самылина И.А., Сорокина А.А. Атлас лекарственных растений и сырья. Уч. пос. по фармакогнозии // Москва: Авторская Академия,-2008.-226-227 6.
- Муравьев Д.А. Золотой корень, корень родиолы//Фармакогнозия.-М: Медицина, 1981.541-545 6.
- Кукенов М.К., Грудзинская Л.М., Беклемишев Н.Д. және т.6. Лекарства из растений// Алматы: Мектеп, 2002.-130-132 6.
- Нурханова Г.Ж. Rhodiola Semenovii Boriss тамыр са6ақтары мен тамырларын фитохимиялық зерттеу және стандарттау//Шымкент, ОҚМФА, 2016 - 1096.
- Қазақстан Респу6ликасының Мемлекеттік Фармакопеясы/Т.1.-Алматы, «Жи6ек жолы», 2008. 6.592