Итмүрын жемістерінен лиофильді экстрактар алу

Кіріспе. Лиофильді кептіру тәсілі фармацевтикалық препараттар өндіру саласында болашағы үлкен тәсіл болып табылады.

Лиофильді кептіру кезінде ақуыздар іс жүзінде денатурацияға үшырамайды, фармакология- лық қүндылығы толығымен сақталады, сақтау мерзімі үзарады, ылғалдау кезінде кептірілген материал тез қалпына келеді[1].

Сығындыларды кептіруде лиофильдеу әдісін қолдану арқылы биологиялық активті заттары толығымен сақталған қүрғақ экстракт алуға болады, яғни, сапалы, қауіпсіз және фармакологиялық әсері өте жоғарғы дәрілік препарат алуға мүмкіндік туады. Ал, лиофильді экстрактар дайын дәрілік түрлер дайындау үшін шикізат болады, жеке түрінде іш тәнге қолданылатын ерітінділер, түнбалар, микстуралар дайындауға болады [2].

Лиофильді экстрактар алу үшін лиофильді кептіру тәсілі қолданылады. Бүл тәсіл фармацевтикалық препараттар өндіру саласында болашағы үлкен тәсіл болып табылады. Бүл тәсілдің өндіріске кең ендірілуіне осы бағыттағы ғылыми ізденістердің жеткіліксіздігі кедергі болып отыр [3].

Зерттеудің мақсаты. Итмүрын жемістерінен лиофильді экстрактар алу.

Материалдар және әдістер. Алдымен кептірілген итмүрын жемістерінен МФ XI басылымындағы «Түнбалар және Қайнатпалар» жалпы мақаласы бойынша үнтақталған шикізаттан 1:10 (шикізат-экстрагент) қатынасында сулы сығынды дайындалды. Өсімдік шикізатының массасы және керекті су мөлшері алдын-ала су сіңіру коэффициентін ескере отырып есептелді [4].

Алынған сығынды қоңыр-қызыл түсті, қышқылтым тәтті дәмді, өзіне тән иісі бар, жеңіл опалесценциялы сығынды. Итмүрын жемістерінен алынған түнбалардан ары қарай лиофильді экстракт алу Jouan Nordic A/S фирмасының Hetto Power Dry PL6000 лиофильді кептіргішінде жүргізілді. Ашық қоңырдан қанық қоңыр түске дейінгі, жеңіл, борпылдақ масса болып табылатын лиофильді экстракт алынды [5].

Ары қарай лиофильді экстрактқа сапалық және сандық талдау жасалды. Итмүрын лиофильді экстрактысының сапасын бағалау МФ XI басылымы «Экстрактар» жалпы мақаласына сәйкес жүргізілді. Осы мақала бойынша лиофильді экстракт келесі көрсеткіштер бойынша бағаланды: сырт түрі, иісі, дәмі, ерігіштігі, қүрғақ қалдық, өзі екендігі және сандық мөлшері, микробиологиялық тазалығы.

Сырт түрі: Итмүрын лиофильді экстракты ашық-қоңырдан қанық-қоңыр түске дейін, жеңіл борпылдақ аморфты үнтақ.

Дәмі: қышқылтым-тәтті дәмді;

Иісі: өзіне тән иісі бар;

Ерігіштігі: суда өте жақсы ериді, спиртте аз ериді, диэтил эфирінде іс жүзінде ерімейді;

Кептіргендегі масса шығыны: 2,62±0,4%;

Аскорбин қышқылы: 5,03±0,01%;

Микробиологиялық тазалығы: сипаттық колониялар жоқ.

Нәтиже. Итмүрын лиофильді экстракты анықталған көрсеткіштері бойынша МФ XI «Экстрактар» жалпы мақаласының талаптарына сәйкес, микробиологиялық тазалығы тиісті дәрежеде, өзі екендігі және сандық мөлшері аскорбин қышқылының мөлшері деңгейіне тең екені анықталды.

Қорытынды. Итмүрын жемістерінен лиофильді экстракт алынды және сапасы тиісті талаптарға сәйкес екендігі анықталды.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. L. Rey, Joan C. May. Freeze Drying/Lyophilization of Pharmaceutical and Biological Products. Third Edition. USA. - 2010. Informa healthcare. 16-18p.
  2. Антипов С. Т., Игнатов В. Е., Эйхаб Хасан, Вос- триков С. В., Шахов С. В. Способ циклической вакуум- сублимационной сушки. Патент RU №2119625 C1 МПК 6 F26B5/06, опубликовано: 27.09.1998.
  3. Liu, J.S. Physical characterization of pharmaceutical formulations in frozen and freeze-dried solid states: Techniques and applications in freeze-drying development / J.S. Liu // Pharm. Dev. Technol. - 2006. - V. 11. - № 1. - P. 3-28.
  4. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М., Дәрілердің дәріханалық технологиясы, Алматы: «Эверо»- 2011. - 220-222бет.
  5. Н.А. Рахымбаев, С.Е. Нүрбаева, ¥. Мәдіханқызы/Итмүрын жемістерінің түнбасынан лиофильденген қүрғақ экстракт алу технологиясын жасау/ Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Хабаршысы - Шымкент. - № 4 (73) - 2015. - Тезистер,Т. II. - 99-102 б.
Жыл: 2016
Қала: Шымкент
Категория: Медицина