Мәселенің өзектілігі. Балалардың бронхөкпелік патологиясына арналған әр зерттеуде адам өкпесінің онтогенезі мен эмбриогенезі туралы мәселелер қаралады [1]. Белгілі бір зерттеліп отырған жастағы өкпе қүрылымының морфологиялық жетілгендігін есепке алмай, балалардағы бронхөкпе ауруларының пато-морфогенезінің мәселелерін шешу мүмкін емес. Әсіресе перинатальды кезеңдегі өкпе тінінің жетілу деңгейін білу маңызды [2].
Зерттеу мақсаты. Адам өкпесінің эмбриогенездік даму ерекшеліктері мен балалардың перинаталды кезеңдегі респираторлы тінінің қүрылысын зерттеу.
Зерттеу әдісі мен материалдары. Әдебиеттік шолу және ақпараттық талдау жүргізу. Өкпенің антенатальды дамуын әртүрлі кезеңдер мен сатыларға бөлетін бірнеше жіктеулер бар. Олардың барлығы да белгілі бір деңгейге дейін ерікті және шартты, бірақ олар өкпе эмбриогенезін әртүрлі зақымдаушы факторлардың тератогенді әсер ету түрғысынан және респираторлы тіннің жетілу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді [4].
Нәтижелер мен талдаулар. Ұрықта кеңірдек-пульманарлық жүйенің түзіле бастауы эмбриондық дамудың 3 аптасының соңында, 4-ші аптасының басында басталады . Ол жүтқыншақтық ішектен дивертикула тәрізді томпайып шығып, бронхтардың эпителиальды жабындысына, бездерге және альвеолалардың респираторлық эпителилеріне бастама береді. Бастаманың айналасында орналасқан мезехима жасушаларынан дәнекер, шеміршек және бүлшықет тіндері дамиды [3]. Өкпе дамуында бір-бірімен ерекшеленетін 5 кезеңді ажыратады: ерте эмбриональді, бездік, өзектік, терминальді қапшықтық және альвеоларлы кезеңдер [2]Бездік кезеңде ауа өткізетін жолдардан үсақ бронхтарға дейін дамиды. Жүктілік мерзімінің 16-шы аптасында 20-24 реттік бронхтар дамиды. Ары қарай өкпенің газ алмасу қүрылымын қүрайтын, ацинустар дамитын терминальды бронхиолалар дамиды. Соңында әр ацинус 3-4 респираторлы бронхиолалардан, альвеолалық түтіктерден, альвеолалық қапшықтардан және альвеолалардан түрады. Респираторлы бронхиолалардың түзілуі эмбриондық кезеңнің 4-5-6 айларына сипатталатын өзектік кезеңге тән. Эмбриогенездің 7-ші айынан бастап альвеолалық кезең басталады, бүл кезде альвеолалық жолдар мен альвеолалар пайда болады. [5]. Бездік кезеңнің ерте мерзімінде қан тамырлары ауа өткізу жолдарынан қашықта орналасады. Өзектік кезеңнің басында бөліктік, сегменттік және субсегменттік артериялардың түзілуі аяқталады. [6].
16 апталық үрықта барлық ауа өткізуші жолдар болады. Ары қарай респираторлы бронхиолалар дамиды. Эпителиальды терминальды түтіктерден түзілген өзектер респираторлы бронхиолаларға ауысады. Оларда жабынды сипаты өзгеріп, олардың тармақталуы жалғасады. [7] Альвеолалық кезең эмбриогенездің 7-ші айынан басталып, туылғаннан кейін аяқталады. 32-40 апталық үрықта негізінен ацинустардың соңғы бөліктері дамитыны анықталды. Терминальды бронхиолалардан тарайтын өзектер үзарып, олардың қабырғасында көптеген үсақ альвеолалар пайда болады. Ары қарай альвеолалық жолдардың қабырғасындағы және альвеола аралық қалқадағы капиллярлық торлар дамиды. Өкпе алвеолизациясы гистогенезі мен пайда болу уақыты әлі дүрыс шешімін таппаған және толық зерттелмеген.
Қорытынды. Сонымен, туылар алдындағы жетілген үрықтың бронхөкпе жүйесінің қүрылысын бағалай отырып, өкпелер ағза ретінде сыртқы тыныс алу мен газ алмасуға қүрылымдық дайын болады. Бірақ бронхтық тармақ туылу алдында толығымен қүрылады, ал өкпенің қызметтік бірлігі - ацинустар мен оларды қүратын альвеолалар альвеолизация үрдісінде болады.[6]. Тыныс алмаған үрықтың респираторлық бөлігінің саңылау тәрізді кеңістігі І, ІІ және ІІІ реттік жіңішке респираторлы бронхиола және альвеолалық жолдар түрінде болады. Ұрықта бірінші тыныстық қозғалыстарға байланысты-ақ альвеолалар мен респираторлы бронхиолалардың дистальды бөліктерінің қайта қүрылуы болады. Жаңа туылған нәресте өкпесінің бөлігінде терминальды бронхиолалардың жалпы саны орташа есеппен - 40000-ға жетеді /10/.Оларда ағзаның жалпы салмағының 60% қүрайтын строма жақсы дамыған, арасында цилиндрлі эпителилі тармақталып жатқан тыныс жолдары орналасады, сондай-ақ текше тәрізді эпителимен жабылған альвеолалық жолдар мен альвеола бастамаларының воронка тәрізді ісінуі кездеседі.
Әдебиеттер
- .Шишкин Г.С., Соболева А.Д., Валицкая Р.И. Развитие легких в эмбриональном и постнатальном периоде жизни. /Легкое в норме.-Новосибирск. 2002. С. 151-173.
- .Романова Л.К. Морфологические изменения плаценты и легких у плодов /Морфология .- 2000 - Т.113,№3.-С.88.
- .Савельева Г.М., Панина О.Б. и др. Пренатальный период и его значение в развитии плода и новорожденного./Акушерство и гинекология.-2004.№2.-С.60-61.
- .Das B.K., Mishra R.N., Mishra O.P. et al// Comparative outcome of low birth weight babies/ Indian Pediat. - Vol.30, 2000. №1. -P.15-21
- .Hage E. Morphology and histochtmstry of the normal and abnormal pulmonary endocrine cell.//In: The endocrine lung in health and disease.-Philadelhfia.-2001.-p.127-131
- .Миршанова Л.Н. Клинико-анатомический анализ причин смерти плодов и новорожденных детей при нарушении созревания легких./Тр.Ленинград. науч.об-ва патанатомов.-Л., 2003.-С.123-126.
- .Герсамия Г.К. Некоторые морфологические признаки неполноценности легочной ткани как критерий экспертной оценки мертворожденности и нежизнеспособности. /Судеб. Мед. Экспертиза.-2002.-22.-4.-С.40-42.