Оқо сүт безі рагының 2005-2014 ж. динамикасы және скрининг нәтижелері

Қазіргі таңда дүние жүзі бойынша жиілігі жөнінен сүт безі рагы әйелдер қатерлі ісіктерінің арасында алдыңғы орында.

Еуропа елдерінде жыл сайын сүт безі қатерлі ісігінің 350 мың жаңа оқиғасы тіркеліп, 130 мыңдай әйел осы аурудан қайтыс болады. Сүт безі обыры жиі кездесетін Еуропа мен Америка елдерінде сүт безі рагы жиілігі бізге қарағанда анағүрлым жоғары болғанымен одан келетін өлім деңгейі керісінше біршама төмен. Бүндай мүмкіншілік ауруды ерте анықтап, бастапқы кезінде ем тағайындалғандығына байланысты.

Қазақстан бойынша сүт безі рагымен ауырғандар арасында 5 жылдық өмір сүру деңгейі 53% қүрайды. Бүл сүт безімен ауырған әйелдердің әр екіншісі өледі деген сөз. Сүт безі ісігінің жиілігі Қазақстандағымен пара -пар Европа елдерінде бүл көрсеткіш 80% болса, ал АҚШ-та 90% дан астам.

Енді ОҚО онкологиялық ауруларға қарсы диспансерінің сүт безі қатерлі ісігі туралы соңғы мәліметтеріне назар аударып көрелік. Облыс бойынша 2005 жылдан бастап, 2014 жылға дейінгі сүт безі ісіктерінің динамикасы сараланды. Берілім бойынша сүт безі обыры жиілігі облысымызда біршама болса да жиілегені көрінеді. 2005жылғы аурушаңдық 148-ден (100 мың адамға шаққанда 7,0) ден 2014 жылы ол көрсеткіш екі есеге дейін артып 250-ге жеткен (100 мыңға шаққанда 9,6).

Осы бағыттағы сүт безі обыры бойынша және оның белгілері туралы ОҚО ның қала және ауыл түрғындарынан сауалнама жүргізілді.

ОҚО бойынша Сарыағаш және Төлеби аудандарынан еңбек жасындағы (18-53) 500 әйел

сауалнамаға қатысқан.

  • сауалнамаға қатысушылардың барлығына жуығы 483 сүт безі күтімі бойынша мәліметі бар болып шықты.
  • 364 і сүт безі обыры туралы, оның жыл өткен сайын жиілеп келе жатқандығынан, негізгі себептерінен ақпараты бар.
  • 174 респондент сүт безін өздігінен тексеру керек екендігін және тексеру тәртібін білетін болып шықты.
  • 102 респондент анда санда кездейсоқ (жатар алдында шешінгенде, моншаға түскенде т.с.с) жағдайларда өз сүт безін сипалап тексеріп отырады.
  • Жүйелі түрде ай сайын маммологтар талап ететіндей кестемен өз сүт безін пальпациялап отыратын бірде бір әйел табылмады.

Түйін: Сүт безі қатерлі ісіктерінің кеш анықталуының бірнеше себептері:

  1. Негізгі себеп, аурудың бастапқы сатыларында клиникалық белгілерінің болмауы, немесе мардымсыз болуы.
  2. Аталған ауру бойынша, ақпараттың әлі де аз болуы.
  3. Теледидарларда, радио, кездесулер, әр түрлі белсенді дәрістер, профилактикалық бақылаулар т.с.с. аз үйымдастырылған.
  4. Мемлекетіміздегі түрғындардың көбісі ауылдық жерге орналасқандығын ескерсек, ондай ақпараттың әр әйелге жете бермейтіні белгілі.
  5. Оның үстіне халқымыздың өз денсаулығына немқүрайлы қарайтындығын да ескерген жөн.

Ұсынысгар: 1.ҚР президенті үсынған бағдарламаны әрі қарай жалғастыру. Скрининг тәсілін жандандыру. 2. Қажетті тексерулерге ауыл аймақтағы қауіп-қатерлі топтағы әйелдерді толық жүмылдыру. 3.Сүт безі ісігін ерте диагностикалауды насихаттайтын ақпарат көздерін үлгайту. Теледидардан арнайы бағдарламалар үйымдастыру, анкеталық сынамалар жасау т.с.с. 4.Аймақтық жалпы тәжірибелі дәрігерлер мен онколог-маммологтардың осы бағдарлама бойынша біліктілігін үнемі арттырып отыру. 5.Әйелдерді скринингтік тексеру бағдарламасына медициналық ЖОО жоғарғы курс студентері мен интерн-дәрігерлерін жүмылдыру.

Әдебиеттер

  1. Есенкулов А.Е. Игисинов С.И. др. «Онкологиядан тандамалы дәрістер» Алматы 2010 г.
  2. Иванова О.А., Жильцова Е.К., Иванов Г.В. и др. «Рак молочной железы и беременность, особенности диагностики и лечения». - «CONSILIUM» журнал доказательной медицины для практикующих врачей, 2014 № 3-4, 12 с.
  3. «Ситуация с онкологическими заболеваниями в Республике Казахстан» от редакции. «CONSILIUM» журнал доказательной медицины для практикующих врачей, 2014 № 3-4, 4 с.
  4. Щербаков А.М., Герштейн Е.С., Анурова О.А., Кушлинскии Н.Е. «Фактор роста эндотелия сосудов и его рецепторы первого и второго типа при раке молочной железы» «Вопросы онкологии» № 3 2015 том 61 стр 465
  5. Писарева Л.Ф., Ляхова Н.П., Одинцова И.Н. и др. «Смертность от рака молочной железы в Республике Бурятия» «Вопросы онкологии» № 6 2016 том 62 стр 941
Жыл: 2016
Қала: Шымкент
Категория: Медицина