Ауылшаруашылық өсімдіктерін өсіріп, олардан жоғарғы сапалы өнім алу байырғы кезең- нен адамзаттың қызығушылығын арттырып келе жатқандықтан, олардың биологиялық ерекше- ліктерін, яғни өсу және дамуын, физиологиясын зерттеу мақсаттары алға қойыла бастады. Өсімдіктің өсу мен дамуына әсіресе жарықтың, температураның, судың мөлшерінің айтарлық-тай тигізетін әсері зор болғандықтан аталған қоршаған орта факторларын жан жақты зерттеуді қажет етеді. Сондай - ақ, мүндай өсімдіктерді одан әрі мәдени жағдайға енгізу барысында түрлердің онтоморфогенез ерекшеліктерін анықтау ең басты мәселе боп табылады [1;2].
Жұмысгың мақсаты: Ауылшаруашылық өсімдік түқымдарының өсуі мен өну динами- касына және биологиялық даму ерекшелігіне жарықтың, әртүрлі температураның және судың әртүрлі мөлшерінің әсерін анықтап, in vitro жағдайында олардың жастық қүрылымын зерттеп, сипаттама беру.
Зерттеу обьектілері мен әдістері: Дара жарнақтылардан бидай (Triticum), жүгері (Zea mays), жуа (Allium) өсімдік түрлері алынды. Зертхана жағдайында түқымның өну қарқындылы-ғын анықтау үшін алдымен түқымның таза салмағы өлшеніп алынып, оның сапалығы анықтал-ды [3;4;5]. Түқымның өнуі мен өсу динамикасын бақылау М.К. Фирсова [6] әдісі арқылы жүзеге асырылды.
Бидай (Triticum L.) өсімдігінің жастық кезеңдері. Өскін (Р) - Петри табақшасында түқымның өнуі. Түқымда ең алдымен үрық тамыршасы дамиды, үзындығы - 0,6мм, ені - 0,1мм. Ювенильдік кезең (J) - Өсімдік биіктігі - 0,7мм, ені - 0,2 мм. Бүл даму кезеңінде өсімдікте бір ғана нағыз жапырақ дамиды.
Жапырақ тақтасы үшкір - ине тәрізді қылқанды жіңішке болып келеді. Жапырақ тақтасы- ның үзындығы - 3,8мм, ені - 1,1мм-ге жетеді. Жапырақ сағағы 0,3мм-дей болады. Өсімдіктің одан әрі даму барысында екі, үш жапырақтары жетіледі. Пайда болған жапырақтар бүрынғы жапырағына қарағанда едәуір өзгереді. Осы уақыттағы өсімдіктің биіктігі - 5,8-6мм шамасында болады. Ал гипокотиль одан әрі үзарып (0,3-0,6мм), қалыңдай түседі. Осы кезде өсімдікке бірінші және екінші реттік бүйірлік тамырлар қалыптасады. Негізгі тамыры қалыңдайды, жуандығының үзындығы 2,0 мм шамасында болады. Тарамдалған бірінші реттік бүйірлік тамырларының үзындығы 0,3-0,5 мм болса, екінші реттік бүйірлік тамырлары 0,4-0,9 мм-дей болады.
Имматурлық кезең (Im) - Бидай өсімдігінің биіктігі 7,2мм. Бүл кезде жапырақ саны 4-5 ке жетеді. Жапырақтың барлық бөліктері (сағақтың үзындығы, жапырақ тақтасының көлемі) үлғайып өседі. Жапырақ тақтасының жалпы үзындығы - 6,5мм, ал ені - 0,3 мм-ді қамтиды.
Имматурлық кезеңде жерүсті бөліктерімен қатар жерасты бөліктері де өсімдіктің жерасты бөлігінің даму кезеңінде қарқынды дамитындығы аңғарылады. Даму барысында тамыр мойны мен негізгі тамырдың базальды бөлігі қалыңдай түседі.
Негізгі тамыр топыраққа тереңдей ене отырып, оның үзындығы 4,0-5,5мм-ге жетеді. Бірінші реттік бүйірлік тамырларының үзындығы - 2,8 мм болса, ал екінші реттік тамырларының үзындығы - 3,5-3,8 мм шамасын қамтиды. Осы кезде тамыр жүйесі - шашақты, тарамданған. Сабағы қуыс, жүмыр, жапырағы таспа тәрізді, сағағы сабағын орай орналасқан болып келеді [22].
Жүгері (Zea mays) өсімдігінің жастық кезеңдері. Өскін (Р) - Түқым Петри табақшасын-да өнді. Дамып жетілген түқымжарнақтың пішіні жіңішке келген, үзындығы 1,9 мм, ені 0,1мм-ге тең болады. Анық байқалатын гипокотильінің үзындығы 0,8 - 1,0 мм-ден аспайтын негізгі тамырға бастама береді. Осы кезден бастап-ақ, негізгі тамыр әлсіз, жіңішке бірінші реттік бүйірлік тамырларына қалыптастыра бастайды.
Ювенильдік кезең (J) - Бүл кезеңде өсімдіктің биіктігі 3,5-4,0 мм. Осы кезде түқымжарнақ- тары тіршілігін жоймастан, екі рет саусақты тілімделген бір нағыз жапырағын қалыптастырады. Жапырақ тақтасының үзындығы - 2,3 мм, ені - 0,2 мм. Негізгі тамыры ақшыл, сабақпен жалғасқан жерінен бастап жуандай түскен. Алғашқы пайда болған негізгі тамырдың үзындығы 7,0 мм-ге жете 7,0 мм-ге жетеді. Ювенильдік даму кезеңінің алғашқы сатысынан бастап-ақ, негізгі тамырдың базальды бөлігі жуандап, бүйірлік тамырлары қалыптаса бастайды, оның үзындыгы 1,31,7 мм-ге тең болады.
Орта жастық ювенильдік кезең (J1, J2) - өсімдіктің жалпы биіктігі 2,0-4 мм-ге жетеді. Өсімдік бүл кезеңде бір жапырақ жағдайында. Жапырақ тақтасы ювенильдік кезеңнің бастапқы сатысымен салыстырғанда күрделенеді. Жапырақ көлемі өскен сайын, оның үзындығы 3,2 - 4,5 мм, ені 0,3-0,5 мм аралығын қамтиды. Негізгі тамыры жақсы жетіліп, топырақтың тереңдеу қабатына 4,2 мм-дей енеді. Негізгі тамырының тарамдалу нәтижесінде, бірінші реттік бүйірлік тамырларының үзындығы 2,5-3,3 мм-ден аспайды.
Имматурлық кезең (Im1,Im2) - Жас имматурлық өсімдіктің биіктігі 4,2-5,5 мм шамасында. Жапырақ санының көбеюі мен олардың бір қатарда, яғни горизонтальды бағытта орналасуы өсімдіктің имматурлық кезеңге өтуінің дәлелі.
Өсімдіктің алғашқы жапырағының пішіні ювенильдік өсімдікке қарағанда жоғарғы дәрежеде күрделене отырып, бірінші және екінші реттік қатарға жіктеледі. Жапырақтар саны 4-5 - ке жете отырып, олардың орташа үзындықтары 16,8 мм мен ені 0,6 мм-ге өзгереді. Жапырақ сағағы өз кезегінде 1,5 мм-ге тең болады. Жүгерінің тамыр жүйесі - шашақ, қосалқы тамырлары болады. Қосалқы тамырының үзындығы 3,3 - 3,8 мм болады.
Батун пияз (Allium fistulosum) өсімдігінің жастық кезеңдері. Өскін (Р) - Түқым Петри табақшасында өнді. Өскіннің биіктігі - 0,8-1,3 мм, негізі түқымның түсі қара, алғашқы 1 түқымжарнақ жетіледі. Олардың үзындығы - 1,2 мм, ені - 0,1 мм болады. Жапырағы өте әлсіз, үзындықтары 1,7 мм-ден аспайды. Негізгі тамырдың түсі ақшыл, үзындығы - 2,1 мм.
Ювенильдік кезең (J) - Ювенильдік кезеңде өсімдіктің биіктігі - 3,5 мм-ге жетеді. Бүл даму кезеңінде өсімдікте бір ғана нағыз жапырақ дамиды.
Бүл кезеңде түқымжарнағы әліде болса тіршілігін сақтайды. Жапырақ тақтасы - жіңішке ине тәрізді болып келеді. Жапырақ тақтасының үзындыгы 3,3 мм болса, ені 0,1 мм-ге жетед 0,1 мм-ге жетеді. Жапырақ сағағының үзындығы 0,2 мм шамасына жақындайды.
Негізгі тамыры топырақ қабатына 2,5 мм тереңдікте енеді.
Ювенильдік кезеңде негізгі тамырдың тарамдалуы байқалады. Негізгі тамырдың базальды бөлігінен 0,8 мм-дей төмен орналасқан үзындығы 0,5 мм болатын бірінші реттік тамырлары қалыптаса бастайды. Тамыр жүйесі негізінен шашақ тамырлы.
Имматурлық (Im) - кезеңге жеткен жоқ. Өсімдіктің тамыр жүйесінің тарамдалуы өте төменгі дәрежеде болса да, қысқа тамырсабақты - шашақты тамыр жүйесі дамиды.
Қорытынды. Зерттеу объектілерінің биологиялық, экологиялық ерекшелігі және олардың шығу тегі мен таралу аймақтары анықталып, түрлерге ботаникалық сипаттама берілді.
Әдебиеттер
- .Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К., Иманқүлова С. Ботаника. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. Алматы «Санат» 1998. - 368 бет.
- .Мухитдинов Н.М., Бегенов Ә., Айдосова С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 1993. - 340б.
- .Лищук С.С. Методика определения массы семян//Бот.журн. -1991.- Т. 76, № 11. - С. 1623-1624.
- .Сикура И.И., Сырица Л.П. Методика изучения онтогенеза //Рекомендация по изучению онтогенеза интродуцированных растений в Ботанических садах СССР. - Киев, 1990. - С. 9 - 16.
- .Байтулин И.О. Строение и работа корневой системы растений. - Алма Ата: Наука, 1987. - 252 с.
- .Фирсова М.К. Методы исследования и оценки качества семян. - М.: Наука, 1975. - 365 с.