Кіріспе. Организм белгілерінің сыртқы орта жағдайларының әсерінен әртүрлі мөлшерде өзгеретіндігі туралы айтылды. Енді осыған зер салып қарайық. Мысалы: бір ағаштан үзіп алынған жапырақтардың үзындығы мен енін өлшесек, олардың әртүрлі екендігіне көз жеткізе аламыз. Бүл жапырақтардың өсіп дамуына орта жағдайлары, күннің түсуі, қоректік заттар мен судың тамыр арқылы жеткізілуі т.б бірдей әсер етпейтіндігіне байланысты болатын өзгергіштік. Егер жапырақтардың үзындығы бойынша ең кішісінен үлкеніне дейін бір қатарға орналастыратын болсақ, бүл белгінің өзгергіштік қатарын көреміз. Мүны вариация қатары деп атайды. Ол нүсқалардан түрады, сонда нүсқа дегеніміз-белгі дамуының жеке көрінісі. Мүндай модификациялық өзгергіштік статистикалық әдіспен зерттеліп анықталады.
Зерттеме мақсаты:
- жергілікті жеміс ағаштарының сыртқы орта жағдайларының әсерінен әртүрлі мөлшерде өзгеретіндігін анықтау;
- жеміс ағаштарының белгілерінің дамуының жеке көрінісіне, вариация қатарын модификация-лық өзгергіштік статистикалық әдіспен анықтау;
- вариациялық қатарын орташа арифметикалық шамамен есептеу;
-биологияда математикалық әдістерді қолданып, модификациялық өзгергіштіктердің статисти-
калық заңдылықтарын көрсету;
Зерттеу материалы және әдістері:
Мысал ретінде жергілікті жеміс ағаштарының жапырақтарының өзгергіштіктерінің шамасын анықтаймыз. Вариация қатарында орналасқан жеке нүсқалардың өзгерісін қисық сызық арқылы анық көрсетуге болады. Вариациялық қатардың маңызды бір статистикалық көрсеткіші орташа арифметикалық шама. Оны табу үшін мына формуланы қолданамыз. M=E(vp)/n; Мүндағы: М - орташа шама, X - нүсқа, р-нүсқалардың кездесу жиілігі, n- нүсқалар саны, £ - жиынтық. Алайда орташа арифметикалық шама өзгергіштіктің сипатын анық көрсете алмайды. Себебі орташа шамасы бірдей екі вариациялық қатардың өзгергіштігі әртүрлі болып келуі мүмкін.
Белгінің өзгеру деңгейін сипаттайтын келесі бір көрсеткіш ол орташа квадраттық ауытқу.
Ottrt лгкгття тһопммття ^птткттттття тя^ямктя'
Эксперименттік тәжірибелік-зерттеу нәтижесінде, жергілікті жеміс ағаштарының жапы- рақ мүшесінің модификациялық өзгергіштігі математикалық есептеулер арқылы байланысты- рылып, үсынылды.
Қорытынды. Модификациялық өзгергіштікті зерттеудің статистикалық әдістері арқы-лы жергілікті жеміс ағаштарының өзгеру белгілерін анықталды. Бүл әдіс арқылы белгілердің өзгеруін, сыртқы орта жағдайлардың әсерінен болатындығына бақылау жасалды.
Әдебиеттер
- Т. Қасымбаева, К. Мүхамбетжанов «Жалпы Биология» Алматы «Мектеп» 2006 ж.
- Общая биология. учебник для 10-11 кл. Под редакцией член-корреспондента Полянского Ю. И., учебник для 10-11 классов общеобразовательных учреждений, М., «Просвещение», 2000 г.
- Сухова Т. С., Козлова Т. А. Сивоглазов В. И. Рабочая тетрадь по общей биологии: Вопросы, задания, лабораторные работы и наблюдения / под редакцией Захарова В. Б., М., «Школа-Пресс», 1996 г.
- Угринович Н. Д. Информатика и информационные технологии. Учебник для 10-11 классов/Н.Д.Угринович. - М.: Бином. Лаборатория Знаний, 2003