Соңғы жылдары балалар мен ересек адамдар арасында тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары, әсіресе пневмония, бронхиттердің көбейіп кетуі жиі кездесуде. Ғылыми деректер бойынша бүл аурулардың қоздырушысы хламидиялар екендігіне көз жеткіздік [1].
Адамдар мен жануарлардың жүқпалы ауруларының ішінде антропонозды және зоонозды хламидиялық инфекциялар маңызды орын алады. Омыртқалылардың арасында хламидиялардың негізгі иелері қүстар, сүт қоректілер және адамдар болып табылады.
Хламидиялар - Chlamydiales қатары, Chlamydiaceae түқымдастығы, Chlamydia және Chlamydiaphila туыстастығына кіреді. Соңғы кездегі жіктелуге сәйкес Chlamydia туыстастығына жататын Chlamydia trachomatis пен Chlamydia pneumoniae тек қана адамдарда паразиттенетін өкілі болып табылады. Хламидиялар - жасушаішілік облигатты паразиттер болып, адамдар, жануарлар мен қүстарда әртүрлі аурулар қоздырады [2].
Хламидиялық пневмония бастапқы кезде жасырын түрде фарингит, ринит, ларингит, синусит, бронхит, отит сияқты симптомдардың белгілерін береді. Бүл паразиттердің ерекшелігі - үзақ жылдар бойы мүрын мен жүтқыншақ және бронхыларда симптомсыз тіршілік етуге қабілетті, сондықтан олардың инкубациялық кезеңін белгілеп алу және емдеу жолдарын анықтауда қиындық туғызады. Хламидиялар - макроағзалардың көру, тыныс алу жүйелерін, асқазан ішек, несеп-жыныс жолдарын, жүйке және жүрек-қан тамырлар жүйесі мен буындарды зақымдайды [2].
Пневмония ауруының дамуында хламидияның 3 түрі - Chlamydia psittaci - орнитоз қоздырушысы, Chlamydia trachomatis - жас нәрестелерде урогенитальды хламидиоз бен трахо- маны қоздырушы Chlamydia pneumoniae қатысады. Респираторлы хламидиоз - антропонозды инфекция. Инфекцияның көзі - науқас адамдар, таралу жолдары - ауалы-тамшылы. Адамның сезімталдығы өте жоғары, әсіресе 20 жастан асқан жас адамдар. Ерекшелігі - инфекцияның таралуы баяу өтеді, себебі ауру адам қоршаған ортаға хламидияларды аз мөлшерде бөледі. Дегенмен, тасымалдаушыларда тыныс жолдарының жоғары бөлімдерінде хламидиялардың жинақталуға қабілеттері бар. Пневмониялар арасында 10%-ын хламидиялар қоздырады [3].
Chlamidia pneumoniae - адам бронхопневмониясын қоздырады. Инфекцияның таралу жолы - ауалы-тамшылы, ауалы-шаңды, ену қақпасы - жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары. Тағам өнімдерімен де таралуы мүмкін. Орнитозға адамдардың сезімталдығы өте жоғары, орта және үлкен жастағы адамдар жиі ауырады. Ауру негізінде көктем, күз мезгілдерінде кездеседі. Бірен-саран кездесетін жағдайлар жиірек болады, дегенмен орнитоздың күрт көбеюі де байқалады. Адам бронхопневмониясы мен орнитоз патогенезі - хламидиялардың жасуша ішінде көбейіп, оны бүзуы; тыныс алу жолдарының, өкпе мен лимфа түйіндерінің некроздық грануломатоздық зақымдалуы; қоздырғыштардың лимфоидты тіндерде персистенцияланауы. Аурудың кез-келген түрінен кейін түрақсыз иммунитет қалыптасады. Хламидиялық инфекцияларды анықтауда негізгі орынды зертханалық диагноз қою әдістері алады. Хламидиоздар кезіндегі зертханалық диагноз қою - тікелей зерттеу (қоздырғышты немесе оның агенттерін табу) және серологиялық (хламидияларға қарсы антиденелерді табу) әдістен түрады [4].
Хламидиялық пневмониялар өмірінің алғашқы 6 айындағы балаларда пневмонияны шақырады, жүқтырылу анасында жыныс мүшелерінің хламидиялық инфекциясы болғанда, босану кезінде (сирек жағдайда қүрсақ ішілік) болады [5].
Емдеуді жүргізу барысында хламидиялардың даму айналымында екі кезең болады, яғни - инфекциондық кезең - бүл кезде хламидиялар антибиотиктерге резистентті болып келеді; инфекциондық емес, яғни вегетативтік кезең - бүл кезде хламидиялар антибиотиктерге сезімтал болады. Хламидиялар арқылы туындаған пневмонияны заманауи антибиотиктер мен емдеу қажет. Жас ерекшелігіне қарай тетрациклин, макролидтер (азитромицин, рокситромицин, кларитромицин) немесе фторхинолон мен емдейді. Заманауи емдеу жолдары қарастырылған мен хламидиялық инфекцияның 9%-ы өлімге алып келеді, себебі олардың симптомдары жасырын түрде болады. Жас нәрестелер мен балдардың толық емделуін қандағы IgG титрін анықтау арқылы көз жеткіземіз [6,7].
Әдебиеттер
- Хаитов Р.Ф., Пальмова Л.Ю. Mycoplasma pneumoniae и Chlamydophila pneumoniae инфекции в пульмонологии: актуальные вопросы клиники, диагностики и лечения. - Казань, 2001. - 64 с.
- Бочкарев Е.Г. Лабораторная диагностика хламидийной инфекции // Иммунопатология, аллергология, инфектология. - 2000. - № 4. - С. 65-72.
- Таточенко В.К. Антибактериальная терапия пневмоний у детей. // Фарматека, № 11, 2002.
- Miller EV, Watt JP, Bronsdon MA, et al. Indirect effect of 7-valent pneumococcal conjugate vaccine on pneumococcal colonization among unvaccinated household members.//Clin Infect Dis 2008;47:989 -996.
- Musher DM. Pneumococcal vaccine-direct and indirect («herd») effects. // N Engl J Med 2006; 354: 1522-1528.15
- Гранитов В. М. Хламидиозы. - М., 2000. - 48 с.
- Fedson DS, Musher DM. Pneumococcal vaccine. // In: Plotkin SA, Orenstein WA, editors. Vaccines.
4th ed. Philadelphia: Saunders; 2004. p. 529-88.