Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Теміржолшылардағы артериялық гипертензияның клиникалық ерекшеліктері

Дүниежүзінде жүрек-қантамыр аурулары жылына шамамен 17 млн. өлім-жітім оқиғасының себебі болып анықталған (ДДСҰ статистикасы бойынша), ал бүл көрсеткіш жалпы өлім себептерінің үштен бір бөлігін қүрайды. Оның ішінде гипертонияның асқынуы жыл сайын әлемде 9,4 млн. өлім жағдайына әкеліп отырған. Қазір де дүниежүзінде және Қазақстанда теміржол саласында қызмет атқаратын адамдар, басқа кәсіби сала қызметкерлерімен салыстырғанда, жүрек- қантамыр жүйесі ауруларымен оның ішінде артериялық гипертензия (АГ) ауруына анағүрлым жиі шалдығады.

Зерттеу жүмысының мақсаты: Теміржолшылардағы АГ-ның жастық, жыныстық, клиникалық ағым ерекшеліктерін, дамуына себепкер қауіп факторларын, дамыған асқынулардың сипатын, жиілігін анықтау. Зертханалық және аспаптық зерттеу нәтижелерін сараптау.

Материалдар мен әдістер: Алматы теміржол ауруханасы терапиялық бөлімінде 2015 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында ем алған науқастардың 311 сырқатнамасына сараптама жасалды. 311 науқастың өмір тарихы бойынша 170-і теміржолшылар, олардың ішінде 93-і (54,7 %) артериялық гипертензия диагнозымен ем алған.

Зерттеу нәтижелері: АГ жас ерекшелігіне байланысты теміржолшылардың ішінде 40-49 жас (40,4%) аралығындағы ер адамдарда (65,9%) жиі орын алса, ал 50-59 жас аралығында 25,1% және 60-69 жас аралығында 21,2% жағдайда кездесті, сырқаттану үзақтығы 46% жағдайда 6 жылдан астам уақытты қүрады. Науқастардың 48,8% -да артериалды гипертензияның II дәрежесі, ал 42,9% -да III дәрежесі, 8,2% -да I дәрежесі анықталған. Әсер етуші қауіп факторлардың ішінде 90%-дан астам жағдайда кәсіби зияндылықтар - түнгі уақытта жүмыс жасау, діріл мен шуылдың кері әсері және шылым шегу жиі кездесіп отырды. Шағымдарында бас ауруы 95,3%, жалпы әлсіздік 88,8%, қүлақтағы шуыл 87,6%, жүмысқа қабілеттің төмендеуі 85,9% жиілікпен кездесті. Келесі асқынулар - гипертониялық ретинопатия 98% және гипертониялық энцефалопатия 93% орын алды. Физикалық зерттеулерде: пальпацияда жүрек үшы түрткісінің ығысуы 57%; перкуссияда жүрек шекараларының ығысуы 57%; аускультацияда қолқада II тонның акценті 83% анықталды. Зертханалық талдауларда креатинин 7,3%; АСТ 9%; мочевина 10,7%; глюкоза 39,2%; холестерин 51,6% науқастарда қалыптыдан жоғары болса, ЭКГ қорытындысы бойынша 78% науқаста сол жақ қарыншаның гипертрофиясы байқалды.

Қорытынды: АГ жас ерекшелігіне байланысты теміржолшылардың ішінде 40-49 жас (40,4%) аралығындағы ер адамдарда (65,9%) жиі орын алды. Науқастардың 48,8% -да, яғни басым бөлігінде АГ II дәрежесі кездесті. Қауіп қатер факторлары ретінде 90%-дан астам жағдайда - түнгі уақытта жүмыс жасау, діріл мен шуылдың кері әсері және шылым шегу жиі кездесіп отырды. ЭКГ зерттеуде жиі сол жақ қарыншаның гипертрофиясы байқалды (78%).

Әдебиеттер

  1. Барт Б.Я. Систолическая гипертония у людей пожилого возраста в практической деятельности участкового терапевта. // Тер. архив. 1994. - №10.
  2. Bauwens F.R., Duprez D.A., De Buyzere M.L. Influence of the arterial blood pressure and nonhemodynamic factors on left ventricular hypertrophyin moderate ЕН. //Am. J. Cardiol. 1991.
  3. Bulpitt C., Rajkumar C., Becket N. Hypertension at the elderly. London: Clinician's manual, 1999. - 245p.
  4. Гребенов А.Л. Пропедевтика внутренних болезней. - М., 2005.
  5. Ивашкин В.Т., Султанов В.К. Пропедевтика внутренних болезней. Питер, 2007, 544с.