Цитомегалавирусты инфекция және оның бала ағзасына әсері мен асқынулары

Қазіргі таңда балалар ауруларының қүрылымында жатыр ішілік инфекция ерекше орын- ды алады және өзекті мәселе. Соңғы жылдары жатырішілік инфекция этиологиясы түбегейлі өзгеріс алды. Цитомегаловирус әртүрлі соматикалық ауруларды тудырып қана қоймай, олардың ағымын асқындыратыны анықталды. Сондықтан бүл науқастар контингенті әрі қарай диспан- серлік бақылауды талап етеді.[1]

Мақсаты: Жаңа туылған сәбилердің ағзасының әртүрлі зақымдалуының, оның ішінде орталық жүйке жүйесінің зақымдануы қазіргі таңда көп кездесуіне, және бүның салдарынан мүгедекдіктің артуына, оның едәуір медикалық- әлеуметтік маңыздылығына байланысты жүмыстың мақсаты цитомегаловирустың сәбидің ағзасына әсері мен асқынуларын зерттеу.

Міндеттері: -01.01.2015 мен 31.12.2015 жыл аралығындағы Кентау қалалық орталық ауруханасы балалар бөлімінде емделген науқастартың мүражай мәлімет-теріне ретроспективті сараптама жасау.

- Цитомегаловирусты инфекцияның клиникалық көріністеріне сараптама жасап, қазіргі танда көптеп кездесіп жатқан асқынуларын анықтау.

Зерттеу материалдары және әдістері: қалалық клиникалық аурухананың балалар бөлімшесінде 01.01.2015 мен 31.12.2015 жыл аралығындағы емделген балалардың ішінен жатырішілік инфекциямен жатқан 112 жағдай тандап алынып, мүражай мәліметтері сараптал-ды.

Зерттеу нәтижелері. 2015 жылдың 1-ші қантары мен 31-ші желтоқсан аралығында барлығы 1615 бала емделіп шыққан. Оның ішінде 112-сінде жатырішілік инфекция анықталған, ол барлық науқастың 6,9 %-ын күрайды. ИФА тексеру нәтижелері 72-де бар (64%), және оларда ЦМВ, герпес, қызылша, хламидий т.б шыққан. Ал 40 бала (36%) ИФА тексеруден өтпеген. Диагностика жасау барысында олардың 28-де (25%) конъюгациялық

сарғаю (оның ішінде 27 балада ЖІИ, 1-інде қоздырғыш анықталмаған), 112 жағдайдың 43 -інде жатырішілік инфекция негізгі диагноз (38,4%), 69-ында жатырішілік инфекция негізгі соматикалық жағдайда қосалқы диагноз (61,6%), атап айтқанда: 5-інде (4,5%) бас миының қан айналымының жедел бүзылысы, қарынша ішілік қан қүйылу, 17 жағдай (15,2%) жүректің туа біткен ақауы, 3-інде (2,7%) геморрагиялық синдром, 2-де (1,8%) көптеген дамудың туа біткен ақауы (синдактилия, гидроцефалия, жүректің туа біткен ақауы, синдром Апера, синдром Пьера -Робина), 2-інде (1,8%) терінің зақымдалуымен (везикулопустулез), 7-інде (6,3%) гидроцефалия, 3-інде (2,7%) сепсис, 2-де (1,8%) орталық нерв жүйесінің туа біткен ақауы (spina bifida), 11 жағдай (9,8%) ДЦП, 1 жағдай (0,9%) қант диабеті, 1 жағдай (0,9%) іріңді конъюнктивит, 1 жағдай (0,9%) несеп -жыныс жүйесінің туа біткен ақауы, 2- жағдай (1,8%) микроцефалия, 1 жағдай (0,9%) қолтықасты лимфоадениты, екеуінде - киста (1,8%), 5-інде (4,5%) ЗПРР, цитомегаловирусты инфекцияда - инфекцияның белсенді лабораториялық маркерлері (IgM) 4-іңде ғана анықталған, бүл 3,6%, өлім- жітім 1- жағдай (0,9%).[2]

Ал бөлімде емделіп жатқан балалардың ата- анасымен сауалнама жүргізілгенде анықталғаны - балалар бөлімшесінде балалардың церебралды салдану диагнозымен жатқан 11 баланың аналарының айтуынша барлығында дерлік, ерте неонатальды кезеңде созылымалы ағымды сарғаю синдромы болған.

Қорытынды: Цитомегаловируспен зарарлану ерте жастағы балаларда соматикалық патологиялардың ағымына және жүйке- психикалық дамуына негативті әсер етеді, атап айтқанда балалардың церебралды параличы. Ерте жастағы балаларды цитомегаловирусқа тексерудің көрсеткіштері-конъюгациялық сарғаюдың созылмалы ағымы, мальабсорбция синдромының ерте белгілері, гемолитикалық емес анемиялар, рецидивті ЖРВИ, рецидивті бронхообструктивті синдром, атопиялық дерматиттер, негізгі ауруға тән емес ауыр ағым, жүйке-психикалық дамуда қалыс қалу, мүгедектік. Осындай асқынулардың алдын алу үшін: жүкті әйелдерде жатыр ішілік инфекцияны ерте диагностикалау, ем-дом жүргізу; отбасыны және жүктілікті жоспарлау насихатын тиісті кеңес үйлерінде нығайту.

Әдебиеттер

  1. Antenatal interventions for preventing the transmission of cytomegalovirus (CMV) from the mother to fetus during pregnancy and adverse outcomes in the congenitally infected infant. Fergus P McCarthy, Michelle L Giles, Shelley Rowlands, Kara J Purcell, Cheryl A Jones
  2. Науқастардың ауру тарихы, ҚОА Кентау қ-сы, 01.01.2015-31.12.2015
  3. Қүттықожанова Г. - Балалардың жүқпалы аурулары/ - Алматы, 2003.
  4. Кузнецов С. В. и соавторы - методическое указание Детские инфекционные болезни/ - Харков, 2010.