Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Спортшылардың сыртқы тыныс алуындағы ерекшеліктері

Кіріспе. Спортшы өзінің профессионалды саласында түрғын және спорттық ортасын, киім-кешек жиынтығын, өзіне сай жүріс-түрысын, арнайы тамақтану, демалу және еңбек ортасын т.с.с. жаңа өмірлік қамтамасыз ету жүйесін кұрайды. Жаттықтыру және жарыс процесі кезінде спортшыға максималды жүктемемен, жарақатпен, аурулармен, эмоционалдық қозумен, шаршаумен байланысты әр түрлі стресстер әсер етеді[1]. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы түру қабілетін арттырады. Дене шынықтыру сабағы денсаулықты сақтауға қажетті жағдайлардың бірі. Дене еңбегі мен дене шынықтыру және ой еңбегі кезінде адамның тынысын тарылтады, сондықтан оның дүрыс болуын кадағалау қажет [ 2,3] .

Зерттеудің мақсаты: спортшы-студенттердің сыртқы тыныс алу көрсеткіштерінің ерекшеліктері мен сыртқы тыныс алу көрсеткіштерінің физикалық жүктеме, ой еңбегі барысында өзгеруін зерттеу. Сыртқы тыныс алудың физиологиялық көрсеткіштері, өкпелік ауаның көлемдері спирограф көмегімен өлшенді. Алынган нәтижелерге статистикалық талдау Microsoft Office Excel 2007 бағдарламасы арқылы жасалды. Сыртқы тыныс алу көрсеткіштері адамның жасына, жынысына, жеке басының ерекшелігіне, дене еңбегіне байланысты өзгеріп отырады.

Зерттеуге Облыстық дәрігерлік дене тәрбиесі диспансерінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығында білім алатын 2 мен 4-ші курс аралығындағы кәсіби спортшыларды алдық және студенттердің саны 32, 18-қыз, 14-үл.

Зерттеу нәтижелері. Зерттеу нәтижелері бойынша спортпен шүғылданбайтын студенттерде қалыпты жағдайда өкпенің тіршілік сыйымдылығы орташа есеппен 3,6 ± 0,095 л болып, ал спортпен шүғылданатын студенттерде бүл көрсеткіш 4,43 ± 0,398 л тең болды. Ал дем шығарудың максимальды қысымының спортшыларда спортпен шүғылданбайтын студенттерге қарағанда жоғары болғаны дәлелденді. Бүл көрсеткіштер 127 ± 6,15 сын/бағ мм болса, ал спортпен шүғылданбайтын студентерде 109,6 ± 4,58 сын/бағ мм көрсетті. Спортшы үлдар мен қыздардың сыртқы тыныс алу көрсеткіштері физикалық жүктемеде біршама жоғарылайды. Физикалық жүктеме нәтижесінде спортшылардың тынысы жиілеп, тереңдейді, бүлшық еттер оттегіні көп қажет етеді. Осының әсерінен ӨТС және ТМК көп жоғарылайды. Физикалық жүктемеде қыздардың да, үлдардың да ТАЖ 20-22 цикл/мин аралығында болды. Қыздардың физикалық жүктемеде ӨТС 2210-2270 мл, (орташа - 2259±10,1698 мл), үлдардың ӨТС 2435-2490 мл, (орташа - 2470±7,2848 мл). Осы жүктемеде қыздардың ТМК 5888±108,76 мл, үлдардың ТМК 6442,22±113,55 мл-ге тең. Физикалық жүктемедегі 18-21 жастағы студенттердің ТАЖ 20-21 цикл/мин аралығында болып, қыздарда 21±0,2108, үлдарда 23,77±0,2222 мәндерге тең. ӨТС физикалық жүктемеде біршама жоғарылаған. Қыздардың ӨТС 2951±42,9068 мл, үлдардың ӨТС 3657,7±32,3083 мл. Қыздардың ТМК 7625±259,6 мл, үлдардың ТМК 8384,4±80,29 мл болған. Ой еңбегінде сыртқы тыныс алу көрсеткіштері аз өзгеріске үшыраса, физикалық жүктемеде көп өзгеріске үшыраған. Әдебиеттерге сәйкес зерттеулеріміз бойынша спортшы қыздар мен үлдардың сыртқы тыныс алуының көрсеткіштерінде айырмашылық байқалады. Ұлдардың ТАК, ӨТС, ТМК қыздармен салыстырғанда жоғары.

Қорытынды. Физикалық жүктеме кезінде сыртқы тыныс алу көрсеткіштері көп өзгереді. Физикалық жүктеме барысында спортшылардың бүлшық еттеріне оттегі көп мөлшерде жүмсалады. Осының нәтижесінде тыныс алудың жиілігі тереңдеп, өкпенің тіршілік сыйымдылығы және тыныс алудың минуттық көлемі көп жоғарылайды. Физикалық жаттығулардың әсерінен организмнің резервтік мүмкіншіліктері үлғаяды: өкпенің тіршілік сыйымдылығы айқын өседі, оттегінің көп мөлшері ауадан ағзаға сіңіріледі, қан айналудың оттегіні тасымалдау қызметі жоғарылайды, қанның оттектік сыйымдылығы өседі, үлпалық тыныс алу механизмдерінің біліктілігі арта түседі, сонымен қатар қан айналу жүйесінің қызметі де физикалық жаттығуларға бейімделеді. Осындай өзгерістердің нәтижесінде спортшылардың физикалық жүктемелерге ағзасының төзімділігі артады.

Әдебиеттер

  1. Сухарев А.Г. Здоровье и физическое воспитание детей и подростков. М Медицина, 1991.-272 с.
  2. Ткаченко СБ. Неманова Д.И. Внешнее дыхание. 2010.- 50с
  3. Сраилова Г.Т. Тыныс алу физиологиясына лабараториялық жұмыс өткізу әдістемесі Алматы: Қазақ Университеті, 2009. - 70 б.
  • Жыл: 2016
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина