Уиппл ауруы - сирек кездесетін, жіңішке ішектің патологиялық үрдіске ұшырауымен және клиникалық көрінісінің мультижүйелілігімен сипатталатын дерт. Ең алғаш 1907 жылы американдық патологанатом Джордж Уиппл сипаттаған. Аутопсионды материалда мезентериальды лимфа түйіндерінің айқын ұлғаюы мен серозды(шырышты) қабатының қабынуымен көрінеді.
Зерттеу мақсаты: Уиппл ауруының клиникалық ағымының және емінің ерекшеліктерін көрсету. Науқасты бақылауда екі жылдық жеке тәжірибені ғылыми мағлұматтармен салыстыру.
Зерттеу материалы мен әдістері: Алматы қ., №1 ҚКА терапия бөлімшесіне түскен 15 жастағы К. есімді науқастағы Уиппл ауруымен клиникалық жағдайды ұсынамыз.
Нәтижесі мен талдау: Жұмыс барысында анықталған жағдай, 15 жасар науқаста диарея, дене салмағының төмендеуі, мальабсорбция мен ОЖЖ зақымдануының басқа да белгілерімен көрінген Уиппл ауруының типтік түрі диагностикаланған. Уиппл ауруы диагнозының қиындығы: айқындалу сатысында клиникалық симптомдарына қарағанда ішектен тыс симптомдары басым болуы. Науқаста гистологиялық зерттеуінде жіңішке ішектің шырышты қабығынан PAS-оң гранулалы макрофагтардың табылуы диагнозды қоюға мүмкіндік берді. Көрсетілген жағдайда емнің қиындығы: 4 айлық бисептол 960 мг/тәу, содан кейінгі эритромицин мен цефтриаксонның кезектестіріп (әр препарат 2 аптадан) ем жүргізілгенде де, ОЖЖ анық емес симптомдардың сақталуы антибактериялды терапияны жалғастыруға негіз болды. Мальабсорбция белгілерімен бірге буындық, жүрек-қантамырлық, бронхоөкпелік, жүйке жүйесінің зақымдануларында Уиппл ауруына күдікткену керек. Диагноз лимфа түйіндерінен және ішектің шырышты қабатынан алынған материалдарда PAS-оң болып табылғанда дәлелденеді.
Қорытынды: Қазіргі таңда көптеген айлар бойы эффективті антибактериялды терапия қабылдау барысында аурудың қоздырғыштары буын қүрылымдарында тіршілік етуін жоғалтпайды. Сол себепті біз таңдалған тактика буындық синдромдардың толық жойылуына дейін емді жалғастыру керек деген шешім қабылдадық.
Әдебиеттер
- Григорьев П.Я., Яковенко А.В. Клиническая гастроэнтерология. - М.: МИА, 2001. - С. 435-437.
- Парфенов А.И. Болезни кишечника: Руководство для врачей. - М.: Медицина, 2000.- 613 с.
- Рациональная фармакотерапия заболеваний органов пищеварения / Под общ. ред. В.Т. Ивашкина. - М.: Литтерра, 2003. - С. 474-477.
- Ткаченко Е.И., Лисовский В.А. Ошибки в гастроэнтерологии. - М.: Бином, 2002. - С. 342-364.
- Irving E.J., Hunt R.H. Evidence-based gastroenterology. - Ontario, 2001. - 350 р.
- Lange U., Teichman J. Whipple arthritis diagnosis by molecular analysis of synovial fluid - current status of diagnosis and therapy // Rheumatology. - 2003. - Vol. 42. - P. 473-480.
- Puechal X. Whipple’s disease // Joint Bone Spine. - 2002. - Vol. 69, N 2. - P. 133-140.
- Ratnaike R.N. Whipple’s disease // Postgrad. Med. J. - 2000. -Vol. 76. - P. 760-766.