Тақырыптың өзектілігі. Микронутриенттер - ересектердің денсаулығы мен іскерлік қабілетін сақтау және балалардың қалыпты өсіп дамуы үшін аса қажетті тағамдық заттардың аз ғана бөлігі. Тамақ райионында тек екі ғана микроэлементтің - темір мен йод жетіспеушілігі денсаулықтың нашарлауына себепкер болады. Яғни дене өсуі мен ақыл-ой дамуының кешеуілдеуіе соқтырады, ағзаның зарарлы науқастыққа және қоршаған ортаның қауіпі өседі. Ал бүлар миллиондаған балалардың тіршілігінің өзін күмән етеді. Қазақстанда 2008 ж. Статистикасы бойынша оңтүстік аймақ осы 2 микронутриенттің жетіспеушілігінен айқын зардап шегеді. Осы себептерге байланысты Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орнында оқитын студенттерің арасында микронутриенттің жетіспеушілігін зерттедік.
Мақсаты мен міндеті. Студенттердің арасында темір тапшылықты анемия мен йод жетіспеушілік аурулардың таралу жиілігін анықтау.
Зерттеу әдісі. Сауалнама жүргізу.
Жүмыс барысы. Зерттеуге 16-21 жас аралығындағы Алматы қаласының әртүрлі ЖОО оқитын 100 студент қатысты. Оның 70 қыз балалар,30 үл балалар. Сауалнама барысында ТТА мен ЙТЖ байланысты сүрақтар берілген. Соның ішінде ТТА-ны анықтайтын симптомдарды сүрадық. Тағам өнімдеріне байланысты сүрақтарға, яғни, ет өнімдерін қолдану жиілігі 90% үлдар және 72,8% қыздар жиі деп жауап берді. ТТА-ны анықтайтын айқын симптом бор , кесек жеуге деген қүмарлық. Осы симптомның студенттер арасында 89,36% қыздарда және 10% үлдарда кездесетінін анықтадық.
Сондай-ақ, қыздарды етккір кезінде қан кетулер қаншалықты жиі мазалйтынын сүрағанда 36%- ы жиі деп жауап берді. ТТА-ның алдын алу шаралары туралы хабардар екенін анықтау мақсатында: «темірмен байытылған тағам түрлерін білесіз бе?» және «фортификациялаған үнды қолданасыз ба?» деген сүраққа 70% үлдар мен 90% қыздардың мүлдем білмейтінің айтты. Осы көрсеткіштерге қарап ТТА-ның көріністері 70-80% жуық студенттерде кездесетінің көре аламыз.
Сонымен қатар, ЙТЖ-ға байланысты сүрақтар қойылды. Йод көп мөлшерде теңіз өнімдерде кездесетіндіктен, "балық өнімдері мен теңіз өнімдерін қаншалықты жиі түтынасыз?",-деген сүраққа айына 1 рет деп үлдардың 63%, ал қыздардың 70% жауап берді. Жүмасына 1 рет деп үлдар 23%, қыздар 15% деп көрсетті. Күнделікті деп үлдар 0%, қыздар 15%. Бүл жауаптарға қарап студенттер йоды көп тағамдарды сирек пайдаланатынын байқауға болады. Және де тағам өнімдеріне байланысты йодталған түзды қолдану-қолданбауына байланысты үлдардың 80%, қыздардың 75% иа, қолданамыз деп айтты. Яғни қалған студенттер біздің елімізде пайдаланатын барлық түз йодталғанын білмейді. ЙТБ-ның алғашқы белгілерін көрсететін симптомдарға әлсіздік, үйқышылдық, ашуланғыштық, жиі бас ауру, тері қүрғауы. Бүл 72
симптомдар үлдардың 40%, қыздардың 47% кездеседі. "Тамақ ішкенде жұгынудың қиындауы байқалады ма?",-деген сүраққа үлдардың 85%, қыздардың 89% иә деп жауап берді. Ал "қалқанша без түсының көлемі үлғаюы байқалды ма?",-деген сүраққа үлдардың 90%, қыздардың 81% иә деп жауап берді..
ЙТБ түқымқуалайтын ауру болғандықтан, "отбасыңызда эндемиялық зобпен, гипотиреозбен ауырғандар болды ма?",-деген сүраққа, үлдардың 90%, қыздардың 87% иә деп жауап берді. Осы көрсеткіштерге қарап ЙТЖ-ның көріністері студенттердің, яғни үлдардың 10% ,
қыздардың 7-10% байқалғанын, ал 85% жуық студенттерде ЙТБ-ның алғашқы көріністері кездесетінің көре аламыз.
Қорытынды. Студенттер арасында ТТА мен ЙТЖ кездесу жиілігі жоғары екені анықталды. ТТА-ға 25-30% қыздар мен 15-25% үлдар, ал ЙТЖ-ға 7-10% қыздар мен 10% үлдар күдіктілігі анықталды.
Ұсыныстар. Студенттердің тағам мәзірінне йод және темірге бай өнімдермен қамтамасыз ету. ЖОО студенттік асханаларында ас мәзіріне темірмен байытылған үнды және үннан әзірленген тағам түрлерін енгізу.
Йодталған ас түзын І,ІІ тағам түрлеріне, салатқа қосуды енгізу және дүрыс қолданылуды бақылау.
ЖОО әкімшіліктеріне Қазақстандағы микронутриенттік жетіспеушілікке байланысты жүргізген ғылыми жүмыстрады алға тартып, студенттерді жылына екі реттік гемоглобин деңгейін және қалқанша без гормондарының деңгейін тексеруді ары қарай қолға алу.
Әдебиеттер
- .World Health Organization. Nutrition. Micronutrients.// Available at:
http//www.who.int/nutrition/topics/micronutrients/en/index.html.Accesed 26 February 2006.
- .Шарманов Т., Тажибаев Ш., Цой И. О роли, дефиците важнейших микронутриентов.-Алматы:Раритет, 2009-368с.
- .Т.Ш.Шарманов, Ш.С.Тәжібаев, И.Г.Цой. Маңызды микронутриенттердің рөлі және микронутриенттер тапшылығының алдын алу шаралары туралы дәрігерлерге арналған қүрал. Алматы.