Анемияға шалдыққан аналардан туылған нәрестелердің темір қорының күйі

Зерттеу мақсаты.1.Орта және ауыр дәрежедегі ТТА бар аналардан туылған нәрестелер мен дені сау аналардан туылған нәрестелердегі темір алмасу көрсеткіштерін анықтау. 2.Нәрестелердегі темір қорын толықтыруда қолданылатын темір сульфаты (тамшы) -ның клиникалық эффектілігін бағалау.

Материалдар мен зерттеу әдістері. Клинико-гематологиялық зерттеу 20 дені сау (бақылау тобы) және 46 орта және ауыр дәрежедегі ТТА бар аналардың нәрестелеріне (2-ші топ) жүргізілді. Кіндіктен алынған қанның гематологиялық көрсеткіштері зерттелді: -темірдің сарысулық концентрациясы;-сарысудың латентті және жалпы темірбайланыстырушы мүмкінділігі (СЛТМ,СЖТМ); -трансфериннің темірмен қанығу коэфиценті (ТТҚК).

Нәтижелері. Бақылау тобындағы нәрестелерде ерте неонатальды кезеңде перифериялық қанның морфологиялық қүрамы мен темір алмасу процесінің өзгерістері жалпы нормативтерге сай келді[1,2,3]. Темір алмасу процесін зерттегенде сарысудың темірмен трансфериннің қанығу коэфиценті жоғары ,ал сарысудың жалпы және латентті темірбайланыстырушы мүмкіндігі төмен болды. Бүл көрсеткіштер бақылау топтағы нәрестелердегі темір қорының жеткілікті болуын дәлелдеді.ТТА бар аналардан туылған нәрестелерде -төмен ТТҚК, жоғары СЖТМ , жоғары СЛТМ анықталған.Бүл топтағы балаларда бейімделу процесінің жедел респираторлы гемодинамикалық фазасының бүзылыстары орын алған. Бейімделу процессінің бүзылысы келесі жағдайлармен анықталды.Ағзадағы темір тапшылығын темір препараттарымен толықтырылады. Организмдегі темір жетіспеушілікті ферропрепараттар арқылы жоюға болады. Қазіргі таңда Ішке және парентеральды түрінде енгізуге арналғантемір препараттры мол. Бүл препараттардың арасында ІІ валентті темір сульфаты тиімді болып саналады. Олар жақсы сіңеді және жағымсыз әсерлері өзге темір түздарымен қарағанда аз. Жаңа туылған нәрестелердің және ерте жастағы балалардың темір тапшылығын жою үшін темір сульфатының сүйық формасы (тамшы) түрінде үсынылды.Балаларға темір сульфаты асқазан ішек жолдарының толеранттылығын анықтай отырып 0,5-1 мг/кг/тәу бастап, жайлап 2-5 мг/кг/тәу жоғарылаттық. Тәуліктік доза 2 рет, тамақтанар алдынан 30 мин бүрын. Ем курсы орташа 2 ай. Препаратты тоқтатуға маңызды көрсеткіш - гематологиялық өзгерістер (гемоглобин, гематокрит, эритроцит, ретикулоцит). Ем курсы басталғаннан 3-4 аптадан соң тексерілді. Ретикулоциттердің және гемоглобин санының жоғарылауы темірдің жақсы әсер бергенін көрсетті.

Қорытынды. І.Клинико-гематологиялық көрсеткіштер ТТА-сы бар аналардан туылған нәрестелерде антенатальды кезеңде темір қоры жеткіліксіз екенін дәлелдейді. 2.Темір сульфатын ТТА-бар аналардан туылған нәрестелерге тағайыңдауы оның әсерінің жоғары екенін және биологиялық сіңірілуі жеңілдігін көрсетеді. 3.Темір сульфатын қабылдауға ыңғайлы, жағымсыз әсері жоқ, ерте және үзақ уақыт қаб ылдауға мүмкіндік береді.

Әдебиеттер

  1. Хабижанов Б.Х.-Педиатрия, Алматы: Казыгурт, 2005
  2. Дадамбаев Е.Т.- Поликлиникалық педиатрия Алматы 2015ж
  3. Chaurasia D.D.-Pediatrics for students. Practitioners, 2000
Жыл: 2016
Қала: Шымкент
Категория: Медицина